Қорытынды
. Сонымен, тілді модельдеу дегеніміз – әдіс. Бұл әдіс бойынша зерттеуші нақты бір
тілге қатысты жалпы қасиеттер арқылы тіл құрылымын «абстрактілі семиотикалық жүйе» деген
ғылыми болжамға сүйене отырып, осыдан туындайтын нақты тілдік деректерге қатынасының
салдары анықталады. Классикалық тіл білімінің, классикалық логиканың, психологияның, семантика
мен математиканың қиылысуынан барып тілдегі модельдеу әдісінің өзінше бөлек ғылым ретінде
көрініс табуының нәтижесінде қазіргі «құрылымдық лингвистика» өмірге келді. Сол сияқты енді тіл
біліміндегі дербес тұрған теориялық бағыт ретінде «тілдің теориялық модельдері» атты жаңа тарау
пайда болды. Қазіргі теориялық тіл білімінің дамуына ең көп әсер еткен – құрылымдық лингвистика
мен математикалық лингвистика пәндері болса, мұндай әсер көбінде грамматиканың синтаксис және
семантика салаларында айтарлықтай көрініс тапты.
Қолданбалы лингвистика күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның араласуы арқылы
мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің
танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттігінен туындағаны мәлім. Сондықтан
компьютерлік тіл білімінің зерттеу аясына тілдік бірліктер (сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, толық
мәтін және т.б.) мәселелерін модельдеу әрекеті жатады. Дәлірек айтсақ, оған мәтін мазмұнын
анықтауды және бір тілден екінші тілге аудару мәселелерін модельдеуді жатқызуға болар еді. Тіл
қызметіне қатысты модельдеудің негізгілері болып есептелетін – аударма мәселесі тілдік
құрылымның морфологиясынан бастап, синтаксисіне дейінгі барлық деңгейін қамтиды.
Қазақ тіл біліміндегі модельдеу әдісінің алғашқы көріністерін қазақ филологиясының тұңғыш
профессоры Қ.Жұбановтың зерттеулерінен кездестіруге болады. Мысалы, сөйлем ішіндегі сөз
тұлғалар мен сөз тіркестер «граф» немесе «құрастырушылар моделі» деген терминдермен аталмаса
да, сөйлемге енетін сөздердің әрбіреуін тиісті нөмірлермен таңбалау және олардың тәуелділіктерін
сызба түрінде кескіндер мен төртбұрыштар арқылы беру молынан кездеседі. Ғалымның бұған
қатысты пікірлері қазақ тілін модельдеудің алғашқы қадамдары болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 Словарь иностранных слов. – М., 1980. −627 с.
2 Чжао Юанъ-женъ Модели в лингвистике и модели вообще // в сб.: Матем. Логика и его применения, пер. с
анг. – М., 1965. − С.12.
3 Философиялық сөздік. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1996. − 526 б.
4 Дешериева Т.И. Языкознание и математика. – Алматы: Наука, 1972. −84 с.
5 Рябцева Н.К. Язык и естественный интеллект. – М.: ACADEMIA, 2005. −592 с.
6 Тютхин В.С. Системно-структурный подход и специфика философского знания // Вопросы философии,
1968. − №11. − С.48.
7 Гамкрелидзе Т.В. Об одной лингвистической парадигме // Вопросы языкознания. – 2005. – №2. – С.3-5.
8 Hockett С. F., Two models of grammatical description, Word, 10(1954). – №2-3. – С.10-234.
9 Хомский Н. Три модели описания языка // Кибернетический Сборник. Вып.2, ИЛ. – М., 1961. – С.237-266.
10 НаІІе М., Stevens K.N., Analysis by synthesis, Proceedings of the Seminar of Speecho Transmission and
Processing, Des., 1959. AFCRC-JR 59-198,Vol. II, PaperD-7.
11 Абикеева Б. Математикалық лингвистиканың мақсаты мен әдіс-тәсілдері // Абай ат. ҚазҰПУ-нің
Хабаршысы. «Филология ғылымдары» сериясы. – 2017. – №1. – Б.8-12.
Б.Абикеева
1
1
Евразийский технологический университет,
Алматы, Казахстан
Достарыңызбен бөлісу: |