«Cырдария» университі
Сапа менеджменті жүйесі
Университет ережесі
2-нұсқа
Академиялық саясат
165- беттің 131-беті
деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін немесе Scopus базасында CiteScore
көрсеткіші кемінде 35-50 болатын журналдарға; Әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдар саласында Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core
Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social
Sciences Citation Index бөлімдері) деректер базасындағы, сондай-ақ JSTOR базасына
кіретін журналдарға ұсынылған ғылыми мақалаларды;
-сараптамалық қорытындыларға ұсынылған ғылыми мақалалар.
16.2.2 «Антиплагиат» жүйесінде барлық жазбаша жұмыстарға тексеріс
ректордың бұйрығы негізінде Оқу-әдістемелік басқарма (ОӘБ) жүзеге асырады.
16.2.3
Кафедрада
тапсырылатын
жазбаша
жұмыстарды
«Антиплагиат»жүйесімен тексеруге жауапты тұлғалар анықталады. Курстық,
магистрлік диссертацияны, дипломдық жұмыстарды тексеру кезінде ғылыми
жетекшілер немесе мамандар даярлайтын кафедралардың меңгерушілері осындай
тұлға болып тағайындала алады.
16.2.4 Білім алушылардың тексеру жұмыстарын электрондық форматта ғылыми
жетекшісі немесе кафедра
зертханашысы
ОӘБ өткізеді. ОПҚ-ның жазбаша
жұмыстарын тексеру жеке өтініші бойынша немесе кафедра меңгерушінің қызмет
хаты негізінде белгіленген нысанда жүргізіледі, онда автор жұмысының
түпнұсқалық екенінмәлімдейді және плагиат бар жағдайдатексеру бірінші рет тегін
болатынын
хабарды екенін
мәлімдейді. (Қосымша 1)
Бір жұмыстың өз бетінше орындау дәрежесін анықтау үшін тексеру 3 реттен
артық өткізілмейді. Екінші ретте тексеру ақылы түрде өткізіледі: курстық жұмыс
3000 (үш мың) теңге, дипломдық жұмыс 6000 (алты мың) теңге, магистрлік
диссертация 9000 (тоғыз мың) теңге.
16.2.5 Жазбаша жұмыста бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі Ережеде
белгіленген үлесінен асқан жағдайда теріс шешім қабылданады. Жұмыс қорғауға
(жариялауға) жіберілмейді және автордың беделіне нұқсан келеді.
16.2.6 «Антиплагиат» жүйе арқылы сыналмаған жұмыстардың авторлары
белгіленген мерзімде жұмысты қайта қарауға және қайта сараптауға құқығы бар.
16.2.7 «Антиплагиат» жүйесінен өтпеген жұмыстар жетекшілер мен білім
алушыға қайта қаралуы үшін қайтарылады. Енгізілген өзгерістерден кейін кафедра
мәжілісінде қаралып, «Антиплагиат» жүйесінде қайта тексерілуі жөнінде шешім
қабылданады. Кафедра мәжілісі хаттамасынанкөшірме Оқу-әдістемелік басқармаға
тапсырылады.
16.2.8 «Антиплагиат» жүйесімен жазбаша жұмысты тексеру нәтижелері
ғылыми жетекшінің жазбаша пікіріне тіркеледі және онымен бірге сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: