М. Е. Лобашев к. В. Ватти


 МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ РЕТІНДЕ



жүктеу 8,1 Mb.
Pdf просмотр
бет213/275
Дата29.04.2022
өлшемі8,1 Mb.
#38344
түріЛекция
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   275
Lobashev

4. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУ РЕТІНДЕ 
Мінез-құлықтық  бейімделудегі  маңызы.  Мінез-құлық  орга-низмнің 
ортамен  теңесу  процесі  ретінде  жануарлар  бейімделуі-нін,  ең  активті, 
неғұрлым қозғалмалы және ыәзік формасы бо-лып табылады. Мінез-құлыққа 
тұқым қуалайтын және жүре пайда болатын әрекеттер еыеді. 
Шартсыз  рефлекстер  тұқым  қуалайтын  мінез-құлық  актіле-рі  ретінде. 
Тұқым  қуалай  анықталатын  мінез-құлық  актілері  деп  жануарлардың  алдын 
ала үйретілмей-ақ ортағы генетика-лық детерминделген (қамтамабыз етілген) 


мақсатқа  сәйкестілік  реакциялары  ескеріледі.  Мысалы,  барлық  жануарлар 
қалай  болғанда  да  үйретілмей-ақ  ұрпағы  жөнінде  қамқорлық  жасай-ды, 
қысқы  азығын  жинайды  т.  с.  с.  Жеке  әрекеттерден  реакция-лардың  күрделі 
тізбегі  құралады,  ол  инстинкт  деп  аталатын  мінез-құлықтың  тұқым  қуалай 
анықталатын типі болып сана-лады. Алайда инстинкт ортаға бейімделудің 
консервативті формасы болып табылады, өйткені ол толығымен тұқым қуа-
лаушылықпен қамтамасыз етіледі. 
Шартты  рефлекстер  онтогенезде  пайда  болған  мінез-құлық  актілері 
ретінде.  Жануарлар  эволюциясы  процесінде  негізінен  алғанда  басқа 
механизм  —  жануарлардың  бүкіл  өмірі  бойында  үйрену  немесе  шартты 
рефлекстер қалыптастыру арқылы жеке бейімделу механизмі пайда болды. 
И.  П.  Павловтың  айтуы  бойынша,  түқым  қуалай  анықтала-тын 
реакцияларды 
туғызатын 
орта 
факторларымен 
индиффе-рентті 
қоздырғыштар  әсерлерінің  уақыт  бойынша  дәл  келуі  шартты  рефлекстер 
жасалуына  әкеледі.  Шартты  рефлекстердің  көмегімен  жануарлар  сыртқы 
орта  факторларының  езгеруіне  сәйкес  келетіндей  (адекватты),  яғни 
мақсатқа сәйкес жауап бе-реді. 
Жануарларда  шартты  рефлекс  жасалу  мүмкіндігінің  өзі  генотиппеи 
анықталады  және  бүкіл  жануарлар  дүниесі  үшін  универсал  механизм 
болып  табылады.  Шартты  рефлекстер  сыртқы  ортаның  жануарлар 
қабылдай  алатын  барлық  тітіркен-діргіштеріне  туған  кезден  бастап 
қалыптаса  бастайды.  Мәсе-лен,  күшіктеген  иттің  жүніне  қамфара  майын 
жағып,  содан  ке-йін  күшіктерін  емізуіне  мүмкіндік  берілсе,  онда  осылай 
екі-үш рет қайталағаннан кейін күшіктерде камфара майының иісіне шартты 
рефлекс  пайда  болады,  ол  тамақтың  сигналына  айнала-ды.  Егер  мақтаны 
камфара  майына  батырып,  әлі  көзін  ашпаған  күшіктерге  жақындатса,  олар 
иіс шыққан жаққа қарай жор-ғалайтын болады. 
Шартты  рефлекстер  немесе  уақытша  байланыстар  жеке  бей-імделудің 
универсалды  механизмі  болып  табылады.  Сондық-тан  жануарлар  мен 
адамның  эволюциясы  бейімделудің  ең  ак-тивті  және  прогрестік  формасы 


болып табылатын шартты реф-лекстер ролін арттыра түсу бағытында іске 
асырылып отырады. 
Бірнеше  үрпақ  бойы  популяциялардан  генотиптерді  сүрыптаудың 
көмегімен  тұқым  қуалай  оекшлген  мшез-құлық  ерекше-ліктері  бар 
линияларды  жасауға  болады,  бүлар  белгілі  біо  шартты  рефлекстердің 
тез немесе баяу жасалуына кемектеседі. 
Сигналды  тұқым  қуалаушылық.  Шартты  рефлекстің  онтоге-нетикалық 
бейімделу  механизмі  ретіндегі  маңызы  кеңейе  түсу-де,  өйткені  оның 
көмегімен  адаптивтік  рефлекстердің  ата-ана-дан  үрпаққа  және  топтың  бір 
мүшелерінен екіншілеріне функ-ционалды берілуі іске аса алады. Мәселен, 
егер  жүмыртқаны  жаңа жарып шыққан үйрек балапаны шешесініқ қасында 
бір-неше  күн  болса,  онда  олар  шешесінің  барлық  сигналдарын 
қабылдайтын болады. Егер үйрекке инкубаторда шығарылған балапандарды 
қосса,  олар  үйректің  сигналдарына  жауап  бер-мейді.  Бүл  жерде  шешесімен 
оның үрпағы арасында сабақтас-тық — сигнал байланысы жоқ. 
Мұның өзі  ата-ана мен үрпағы немесе бір  түрдің особьтары  арасындағы 
сабақтастылық  шартты  рефлекс  механизмі  не-гізінде  пайда  болатынын 
көрсетеді.  Еліктеу  рефлексі  ретінде  басқа  особьтардың  өмірі  бойында 
пайда болған бейімделу  ре-акциялары қабылданады.  Осы жолмен  адаптивті 
реакциялар-дың  үрпақтар  арасында  сабақтастығы  іске  асатындықтан  М.  Е. 
Лобашев  информация  берілудің  бүл  формасын  түқым  қуалаушылықтың 
ерекше  типіне  жатқызды  да,  оны 
сигналдық 
деп  атады.  Оның  сигналдық 
деп аталуының мәні мынада: бей-імделу реакциялары қимыл-әрекет жасауға 
шақырушы  сигнал  болып  табылатын  шартты  тітіркендіргіштер  арқылы 
беріледі. 
Сигналдық  берілуді  сөздің  толық  мағынасында  алғанда  түқым 
қуалаушылық деп атауға болмайды, өйткені ол генотип-пен анықталмайды, 
бірақ  бүл  сигналдарды  организмдердің  қа-былдау  қабілеті  түқым  қуалай 
анықталған,  сондықтан,  шарт-ты  түрде  сигналдық  түқым  қуалаушылық 


туралы  сөз  етуге  бола-ды.  Жануарлардың  эволюциясында  оның  ролі  аса 
зор. 
Сонымен  генотип  организмнің  реакция  нормасын  анықтайды,  оның 
шеңберінде  онтогенездің  өзгермелі  жағдайларға  бейімде-луі  жүреді. 
Жануарларда  организмді  ортамен  неғүрлым  жетіл-ген  түрде  теңестіріп 
тұруды  қамтамасыз  ететін  ерекше  меха-низм  —  мінез-қүлық  бар.  Шартты 
рефлекстер  негізінде  үрпак,-тар  арасында  функционалды  бір  ізділік  — 
сигналдық түқым қуалаушылық бар. 

жүктеу 8,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   275




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау