1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


Қылмыстық кодекстің Ерекше және Жалпы бөлімі баптарының өзара



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет9/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Қылмыстық кодекстің Ерекше және Жалпы бөлімі баптарының өзара 
байланысы және өзара негізділігі қағидасы. 
Ерекше бөлімнің бабы бойынша 
кез келген жазаны тағайындай отырып сот міндетті тұрде Қылмыстық кодекстің  
Жалпы бөліміне еріксіз көңіл аударады. 
 
Өйткені  біріншісі  екіншісінің  заңдылықтары  мен  өзіндік  ерекшеліктеріне 
негізделіп  жүйеленген.  Мәселен,  бас  бостандығынан  айыру  түрінде  жаза 
тағайындағаннан  кейін,  сот  режим  түрін  анықтаған  кезде  ҚР  Қылмыстық 
кодексінің 11
-
бабында белгіленген қылмыстарды санаттауға назар аударады.
 
Бұл қағида қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша жаза 
тағайындаған  кезде  де  жүзеге  асырылады.  Жиынтықты  құрайтын  жекелеген 
қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
үшін жаза ҚР Қылмыстық кодекстің Ерекше 
бөлімі  қылмыстық
-
құқықтық  санкциясының  негізінде  белгіленеді,  ол  өз 
кезегінде  ҚР  Қылмыстық  кодекстің
 
Жалпы  бөлімінің  ережелеріне  сүйенеді. 
Түпкілікті  жиынтық  жаза  ҚР  Қылмыстық  кодекстің
  58-
бабының  ережелері 
бойынша тағайындалады. Жаза тағайындаудың жекелеген
 
жағдайларын шешу 
кезінде құқықтық нормалар арасындағы қарама
-
қайшылықтардан келіп туатын 
қателіктерге  ұрынып  қалмас  үшін  ҚР  Қылмыстық  кодекстің  Жалпы  бөліміне 
үнемі көңіл бөлініп отырады.
 
Теорияда  және  тәжірибеде  бір  қылмыстық  іс
-
әрекет  бір  мезгілде  ҚР 
Ерекше  бөлімінің  бірнеше  бабымен  қамтылатын  қылмыстық
-
құқықтық 
нормалардың бәсекелестігі жағдайы қарастырылады. Мұндай жағдай мақсатты 
(идеалды) жиынтықпен ұқсас, мақсатты жиынтық жағдайында бір әрекет түрлі 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
белгілерін қамтиды
.  
Тек  бәскелестік  жағдайында  тек  бір  норманың  ғана  «өмір  сүру  қабілеті»
 
болады,  ал  мақсатты  жиынтық  жағдайында  барлық  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
өздерінің  құқықтық  маңызын  сақтайды  және  қылмыстық 
жазаланушы  болып  қалады.  Бейнелеп  айтқанда,  нормалардың  бәсекелестігі 
орыстың  «матрешкасын»
 
еске  салады:  өзінен  маңызы  төмендерді  сіңіріп  ала 
отырып,  өзінің  нақтылығын  әлсіретеді.  Ең  үлкен  «матрешка
» 
арнаулы  норма 
болып табылады. 
 
Бұл дегеніңіз, жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі барысында 
соңғысына  басым
 
сипат  беріледі  деген  сөз.  Арнаулы  нормалардың 
бәсекелестігінде барынша жеке сипатқа ие не неғұрлым жеңіл жауаптылықты 
көздейтін норманың артықшылығы сақталады.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
дәрежеленуі  мәселесін  реттеуші 
нормалардың  бәсекелестігін  және  оның  жаза  тағайындау  ережелерін 
қарастыратын  түрін  айыра  білу  керек.  Соңғы  жағдайда  нормалардың 
бәсекелестігі  өте  сирек  ұшырасады.  Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы  кезіндегі  нормалардың  бәсекелестігін  төмендегі  мысалмен  ашып 
көрсеуге  болады.  Сотталушы  жазаның  ең  жоғары  мерзіміне 

қасақана
 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  екі  жыл  бас  бостандығынан  айыруға 
және  абайсызда  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  бес  жыл  бас 
бостандығынан  айыруға  сотталған.  Жиынтық  бойынша  жазаның  түпкілікті 


20 
мөлшері бұл жағдайда бес жылға бас бостандығынан айырудан аспауы керек 
(екі қылмыстық құқық бұзушылықта ауырлығы кішігірім қылмыстық құқық 
бұзушылыққа
 
жатады).  ҚР  Қылмыстық  кодексінің 
52-
б
. 2-
бөлігінің  екінші 
сөйлемінде  белгіленген  бұл  тыйым  жекелеген  жазаларды  қосу  ережесін 
қолдану  мүмкіндігіне  жол  беретін  оның  бірінші  сөйлеміне  қарсы  келеді. 
Мұндай  бәсекелестік  жағдайында  барынша  адами  тұрғыдағы  мәмілеге 
басымдық беріледі.
 
Жазалардың  жиынтығы  бойынша  жазаны  бір  үкіммен  тағайындау  және 
барлық  қылмыстық  құқық  бұзушылық  бірінші  сотталғанға  дейін  жасалған 
жағдайда 
бірнеше 
үкіммен 
анықтаудың 
өзіндік 
ерекшеліктері, 
айырмашылықтары  бар.  Бірінші  жағдайда  жиынтық  жаза,  жекелеген  жаза 
сияқты, қылмыстық іс бойынша анықталған барлық мән
-
жайларға негізделеді. 
 
Олар  кешенді  түрде  және  өзара  байланыста  қарастырылады.  Екінші 
жағдайда  мұндай  мүмкіндік  тек  артынша  сотталған  ретте  көрініс  табады. 
Кейініректе  анықталған  бірқатар  факторлар  бастапқы  жазаға  ықпал  етпейді 
(айыпкер
 
белгісіз болған, өзгерген, жаңа мән
-
жайлар пайда болды). 
 
Сондықтан  сот  жаңа  жаза  тағайындай  отырып,  олардың  жасалған  іс
-
әрекетті және айыпкердің жеке басын бағалауға өзгерістер енгізуге ықпал ету 
дәрежесін  ескеруге  тиіс.  Егер  мұндай  ықпалдың  дәрежесі  мейлінше  жоғары 
және жаңа істі қарау кезінде ескеру мүмкін болмаса, сот оны қосымша тергеу 
жүргізуге қайтарып беруге не бастапқы істі қайта қарағанға дейін іс жүргізуді 
тоқтата тұруға тиіс. 
 
Мәселен, бұрынырақта сотты болмаған адам бірінен соң бірін екі қылмыс 

ұрлық және тонау жасаған, олар үшін кері ретпен, түрлі үкіммен сотталған. 
Осы  ретте,  бірінші  үкімде  бірнеше  мәртеліктің  дәрежелеуші  белгісі 
ескерілмеген.  Әлбетте,  сотталушының
  
белгісіз  болған  және  сот  ескермеген 
дәрежелеуші  белгілердің  болуы  айыптау  көлеміне  және  қылмыстық 
жауаптылық  шарасына  барынша  ықпал  етеді,  сондықтан  міндетті  тұрде 
үкімдерді алып тастауға жетелейді.
 
Немесе  мынадай  жағдай.  Жоғарғы  Соттың  пленумы  өзінің  қаулысында: 
«
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау туралы мәселені талқылау кезінде 
соттар  оларға  тек  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  79-
бабында  белгіленген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  жаза  түрлері  ғана  қолданылуы  мүмкін 
екендігін әрдайым назарда ұстауы керек және олардың мерзімі мен мөлшері 
аталған бапта белгіленген шектерден аспауы тиіс. 
 
Сондай
-
ақ ҚР Қылмыстық кодекстің 
 82 
және 8

баптарында белгіленген 
мән
-
жайларды қосымша ескеру керек және кәмелетке толмаған сотталушының 
жеке басы және істің мән
-
жайын ескере отырып, әрбір нақтылы жағдайда оған 
ҚР  Қылмыстық  кодекстің
  84-
бабында  көзделген  тәрбиелік  әсері  бар 
мәжбүрлеу  шараларын  қолдану  мүмкіндігін  қарастыру  қажет", 

деп  атап 
көрсетілген
 (15). 
Бұл  түсініктемелер,  дегенмен,  пайда  болуы  мүмкін  барлық  мәселелерді 
қамтымайды.
 
Айталық, жас шамасына байланысты бірнеше қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды
 
жасауға  айыпты  адамға  жеңілдік  жасау  жағдайы  заңдық 
тұрғыдан  алып  қарағанда  проблемалық  болып  табылады.  Кәмелетке  жасы 
толмау, бесенеден белгілі, қылмыстық жауаптылықтың және жаза тағайындау 
тәртібінінің арнаулы режимін белгілейтін ерекше мән
-
жай болып табылатыны 
рас. 
 


21 
Бұл  үшін  заң  шығарушы  ҚР  Қылмыстық  кодексте  тұтастай  бір  тарау 
қарастырады 
(VI. 
Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық  жауаптылығы.) 
Дегенмен,  заңда  жиынтық  бойынша  дәрежеленетін  қылмыстық  құқық 
бұзушылық  субъектілерінің  түрлі  жас  шамасына  қатысты  нақтылы  ештеңе 
айтылмаған.  Бірақ  тәжірибеде  бір  адамның  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
түрлі  жас  шамасында 

кәмелетке  толмағанға  дейін  және 
толғаннан  кейін  жасайтын  жағдайлары  кездесіп  қалады.  Егер  әрбір  жеке 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жаза тағайындау кезінде заңды қолдануға 
қатысты күдік
-
күмән болмаса, олардың жиынтығы бойынша жауаптылықтың 
түпкілікті  шарасын  белгілеу  кезінде  өз
-
өзінен  мынадай  сұрақ  пайда  болады:
 
сотталушының  бірінші  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  сәтке 
кәмелетке  толмағанын  ескеру  қажет  пе,  жоқ  па?  Бұл  жөнінде  барлық 
жиынтықты  айыпкер  санасының  дамуы  тұрғысынан  бағалау  дұрыс  сияқты: 
егер  есейіп,  ақыл  тоқтатарлық  жаста  да  қоғамдық  қауіпті  құқыққа  қарсы 
әрекеттер  жасаудан  танбаса,  онда  мұндай  мінез
-
құлыққа  мемлекеттің  де 
көзқарасы  біржақты  болуға  тиіс 

жауаптылық  дәрежесінің  өсуі  тұрғысында 
шара  қолданылуы  керек.  Бұл  «жас  шамасы  тұрғысынан  түрлі  оқшантайлы 
қылмыстық құқық бұзушылық субъектілеріне»
 
жиынтық бойынша түпкілікті 
жаза  тағайындаған  кезде  соттар  ересек  сотталушылар  үшін  қолданылатын 
ережелерді басшылыққа алуға тиіс деген сөз.
 
Соған  қарамастан,  заңда  белгіленген  нормаларды  өз  бетінше  қолдануға 
мүмкіндік беретін бұлдыр мәмілелер де кездеседі. ҚР Қылмыстық кодексі 8
0-
бабының тұжырымы бойынша кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
жасаған  кезге  қарай  жасы  он  төртке  толған,  бірақ  он  сегізге 
толмаған  адамдар  танылады.  ҚР  Қылмыстық  кодексінің  81
-
б
. 7-
бөлігі  олар 
үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның шекті мерзімін белгілейді 

10 жыл және ауырлататын мән
-
жайларда кісі өлтіргені үшін 

12 жыл. Норма 
диспозицияларының  мұндай  жалпыламалығы  жағдайында  түрлі жас  шамасы 
кезеңдерінде  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығын 
анықтаған кеде жауаптылық мөлшерін шектеу мүмкіндігі туралы мәселе пайда 
болуы мүмкін.
 
Осыған  орай,
 
біздің  ойымызша,  заңға  (ҚР  ҚК  81
-
б
. 7-
бөлігінің  екінші 
сөйлемі  етіп)  мынадай  мазмұндағы  түзету  енгізу  қажет:  «Егер  қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың
 
немесе үкімдердің
 
жиынтығын құрайтын бір немесе 
бірнеше іс
-
әрекет кәмелетке толғаннан кейін жасалған болса, онда қылмыстық 
жауаптылықтың  ең  жоғары  шегі  қылмыстық  кодекстің  тиісті  бабының 
қылмыстық
-
құқықтық санкциясы бойынша белгіленеді»


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау