1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


қылмыстың  және  айыпкердің  жеке  басының



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет8/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

қылмыстың  және  айыпкердің  жеке  басының 
қоғамдық қауіптілігі 

біріншіден, заң шығарушы мен соттың қылмыстық
-
жазалаушы  құқыққа  қарсы  әрекетке  және  оны  жасаған  субъектіге  қарым
-
қатысын  сипаттайтын 
бағалаушы  категория. 
Ол  екі  көрсеткіш 

сипаттамамен  және
 
дәрежемен  айшықталады,  олардың  әрқайсысы  қылмыс 
пен айыпкерді әр тұрғыдан бағалайды. 
 
Сипаттама әрекет пен жеке адамның өзіндік ерекшеліктерінің мазмұнын 
сапалық  анықтаушы,  ал  дәреже 

сандық  анықтаушы  болып  табылады. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
сипаттайтын  бір  мән
-
жай  (қылмыстық 


16 
құқық  бұзушылық
 
құрамының  дәрежелеуші  және  факультативтік  белгілері, 
жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайлар) әр тұрғыдан, тұрлі көзқараспен 
қарастырылуы  мүмкін.  Мәселен,  бұрын  сотты  болған  адамның  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
жасауының  қылмыстың  қайталануына,  ықпал  етудің 
бұрын  қолданылған  шараларының  тиімсіздігіне  және  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  көптігі  ретіндегі  оның  барынша
 
маңызды  дәрежесіне 
байланысты қоғамдық қауіптілігі өте жоғары болып келеді. 
 
Аса  қатыгездік  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамын  дәрежелеуші 
белгі  және  сондай
-
ақ  жауаптылықты  ауырлататын
 
мән
-
жай  да  болып 
табылады. Ол қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
қоғамдық қауіптілік сипаты 
жөнінде  де  (қатыгездік,  екіжүзділік,  аяусыздық  және  т.б.)  және  дәрежесі 
турасында да (жай қылмыстық құқық бұзушылққа
 
қарағанда барынша ауыр) 
куәлікке жүреді.
 
Екіншіден,  қоғамдық  қауіптілік
  - 
салыстырмалы  категория.  Ол  түрлі 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды  салыстыру  үшін  қолданылады  (түрі, 
дәрежесі,  ауырлық  дәрежесі,  зардаптары,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамы  формалары  және  т.б.  бойынша).  Айыпкердің  жеке  басы  туралы  да 
осыны  айтуға  болады  (жас  шамасы,  жынысы,  соттылығы,  жасалған  іс
-
әрекетке  қатысы,  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  жасағанға
 
дейінгі  және 
одан кейінгі мінез
-
құлқы және т.б.).
 
Қоғамдық  қауіптілік  сипаты  мен  дәрежесі  қылмыстық  іс  бойынша 
маңызы  бар  барлық  мән
-
жайлардың  жиынтығы  бойынша  анықталады  және 
өзара байланыста, кешенді түрде бағалануы тиіс. Олар айрықша маңызға ие 
және сот оларды:
 
1.
 
Қылмыстыық құқық бұзушылықтарды
 
дәрежелеу
 
кезінде;
 
2.
 
Қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
жауаптылықтан  және  жазадан  босату 
туралы мәселені шешкен кезде;
 
3.
 
жаза тағайындау кезінде;
 
4.
 
жазаны  орындауға  байланысты  мәселелерді  шешкен  кезде  (жазадан 
шартты  тұрде
-
мерзімінен  бұрын  босату,  соттаудың  шартты  шарасын 
алып тастау, жазаның орындалуын кейінге қалдыруды алып тастау және 
т.б.) ескереді.
 
Ең  алдымен  үшінші  тармаққа 

жаза  тағайындауға  назар  аударамыз. 
Қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілік сипаты мен 
дәрежесі бұл сатыда:
 
1)
 
жаза  тәсілі  туралы  мәселені  шешуге  (нақтылы,  шартты,  орындауды 
кейінге қалдыра отырып);
 
 
2)
 
жазаның нақтылы түрін және шарасын белгілеуге;  
 
3)
 
жазаны орындау тәртібін белгілеуге ықпал етеді.
 
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  құқықтық  категорияның  маңызы  өте  зор. 
Қылмыстың және айыпкердің жеке
 
басының қоғамдық қауіптілігін анықтау 
барысында  қандай  факторлар  міндетті  тұрде  ескеріледі  деген  сұрақ
 
туады. 
Әлде, бұл жерде оларды екі рет есептеу жүзеге асырылмай ма?
 
Шындығында,  үкім  шығару  кезіндегі  соттың  ойын  оқу  өте  қиын,  тіпті 
мүмкін  емес.  Оның  үстіне,  тәжірибе  көрсеткендей,  көп  жағдайларда  соттар 
істің және жеке адамның барлық ерекшеліктерін жан
-
жақты ашып көрсетуге 
және  жазуға,  оларды  терең  талдауға  жеткілікті  дәрежеде  көңіл  бөле 
бермейтіні де кездеседі. Әдетте үкімде қажетті мән
-
жайларды жай ғана
 
тізіп 


17 
өтумен  шектеледі,  олардың  маңызына,  дәрежесіне  және  соңғы  түйінге 
ықпалына құқықтық баға берілмейді.
 
Біздің ойымызша, қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне ықпал 
ететін  факторларды  есепке  алу  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
дәрежелеу 
сатысында  оларды  зерттеуден  басталуы
-
қажет.  Бұл  ретте  оларды 
маңыздылығына қарай үш түрлі топқа бөліп қарастыру керек:
 
1)
 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының  міндетті  дәрежелейтін 
белгілерін құрайтын мән
-
жайлар;
 
2)
 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
дәрежелеу  кезінде  ескерілмеген, 
құрамның факультативтік белгілерін құрайтын мән
-
жайлар;
 
3)
 
қылмыстың  және  айыпкердің  жеке  басының  өзіндік  ерекшеліктерін 
қосымша сипаттайтын мән
-
жайлар.
 
Белгілердің бірінші тобы оларды жасалған әрекетті дәрежелеген және
 
ҚР
 
Қылмыстық  кодексте  көзделген  қоғамдық  қауіпті  іс
-
әрекеттер  жүйесінде 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
жасалу  орнын  анықтаған  кезде 
ескергеннен кейін жаза тағайындау кезінде қолданылуға тиіс емес.
 
Екінші  және  үшінші  топтар,  заңдағы  тиісті  қылмыстық
-
құқықтық 
санкция  шеңберінде  қылмыстық  жауаптылық
 
шектерін  белгілеген 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
ауырлығының  ескерілген  категориясы 
үдесінен шыға отырып, айыпкерді қылмыстық жауаптылықтан және жазадан 
босату  мүмкіндігі  туралы  мәселені  шешкен  кезде  қолданылады.  Мәселе  оң 
шешілген жағдайда оларды одан әрі қолданудың маңызы жоқ. 
 
Мәселе  теріс  шешілген  жағдайда  бұл  мән
-
жайлар  жаза  тағайындау 
қажеттігін  айқындаушы  рөлін  атқарады.  Бұл  ретте  аралық  сипаттағы 
түпкілікті емес шешім қабылданатын болғандықтан, аталған топтар нақтылы 
жаза белгілеу кезінде ескерілуі
 
мүмкін. Жаза тәсілі туралы мәселені шешкен 
кезде  де  осыған  ұқсас  жағдай  орын  алады.  Ақыр  соңында,  барлық  аталған 
факторлар, жиынтық құрай отырып, қылмыстық
 
құқық бұзушылық жазаның 
түрі және шарасы туралы ортақ шешімге алып келеді.
 
Жаза  тағайындауға  ықпал  ететін  факторларды  есепке  алу  проблемасын 
бұлайша қарастыру,  оларды  жалаң  тізіп  шығуға  қарағанда  барынша жүйелі 
және жан
-
жақты болып көрініс береді.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік  сипаты  мен 
дәрежесіне 
жазаның 
тәуелділігі 
қағидасы 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  жаза  тағайындау  кезінде  аталған 
бағалау  категориялары  түпкілікті  жиынтық  жазаны  белгілеген  кезде  де 
қолданылатындығынан көрініс табады. Бұл ретте олар жекелеген жазалардың 
сыртында жиынтық жазаны анықтау тәсілін таңдауға, базалық жазаны (сіңіру 
және  ішінара  қосу  кезінде)  анықтауға,  жауаптылықты  күшейту  дәрежесіне 
(қосу кезінде) ықпал етеді.
 
Мүнда екі рет есепке алуға жол бермеу ережесі жүзеге асырылуы қажет, 
яғни жекелеген қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін жаза тағайындау кезінде 
бұрынырақта  қолданылған  бір  фактор  жиынтық  жазаны  белгілеу  кезінде 
қайталап ескерілмеуге тиіс. Әлбетте, бұл таңдау критерийі заңда алдын ала 
анықталып қойғаннан басқа жағдайларға қатысты. 
 
Мәселен,  бұрынырақта,  дәрежелеу  кезінде  ескерілген  бірнеше  мәртелік 
белгісі  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  ауыр  түріне  жататындығын 
анықтауға  мүмкіндік  жасады  және  сондықтан  да  қылмыстық  құқық 


18 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы  бойынша  түпкілікті  жаза  тағайындаудың 
бірден  бір  мүмкін  тәсілі  ретінде  қосуды  қолдану  қажеттігін  алдын  ала 
айқындап  берді.  Екінші  жағынан,  бұл  мән
-
жайды  енді  қосудың  нақтылы 
тәсілін (толық немесе ішінара) таңдау үшін қолдануға болмайды. Жазаларды 
сіңіру кезінде оның базалық (айқындаушы) тұрін белгілеу үшін немесе қосу 
кезінде жауаптылықты күшейту үшін қылмыстың қайталануын, соған сәйкес 
айыпкердің  қайталап  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауын  сипаттайтын 
мән
-
жайлар, басқаша айтқанда, жиынтық факторлары ескеріледі. 
 
Соңғысының  жиынтық  құрайтын  жекелеген  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарға,  әдетте,  қатысы  болмайды.  Мәселен,  екі  қылмыстық  құқық 
бұзушылықта
 
та жалпыға қауіпті тәсілдермен жасалынған делік. Бұл мән
-
жай 
жеке  жазаларды  таңдау  кезінде  ескерілген.  Жиынтық  жазаны  тағайындау 
кезінде  қауіптілігі  бірдей  тәсілдер  емес,  іс
-
әрекеттің  көптігіне  байланысты,
 
айыпкер тарапынан зорлық
-
зомбылықтың күшеюі, оның қатыгездігі және басқа 
адамдардың  тағдырына  деген  немкеттілікке  байланысты  қауіптіліктің  арта 
түсуінің геометриялық өсімі жауаптылықты күшейту рөлін атқарады.
 
Бірнеше  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасағаны  үшін  жиынтық  жаза 
тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән
-
жайларды ескеру туралы мәселе де назар аудартады. ҚР Қылмыстық кодексінің
 
54-
бабында  берілген  тізімдегінің  барлығы  дерлік  (1
-6. «1» 
тармақшасынан 
басқа 
– 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
арқылы ауыр зардаптар келтіру) біздің 
жағдайға  қолдануға  жатпайды,  өйткені  олар  өзіндік  ерекшеліктері  бойынша 
дербес  және  жиынтыққа  енетін  нақтылы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
бекітілген. 
 
Жиынтық 
жаза 
жекелеген 
дербес 
әрекетке 
(әрекетсіздікке) 
тағайындалмайды,  ол  тек  тағайындалып  үлгерген  жазаны  бірлесіп  орындау 
тәсілін  белгілейді.  Барлық  басқада  мән
-
жайлар,  атап  айтқанда,  жиынтық 
факторлары  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  54-
бабында  келтірілген  тізімнің 
тұйықталған  сипатына  орай  ауырлататын  мән
-
жайлар  бола  алмайды.  Демек, 
олар  тек  не  жеңілдететін,  не  аралық  немесе  салыстырмалы  факторлар  ғана 
болып қалады.
 
Егер  жауаптылықты  ауырлатпайтын  болса,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
жиынтығы бойынша жазаны күшейту үшін оларды қалайша 
пайдалануға  болады
 
(жазаларды  қосу  жағдайында)?  Мұның  мәнісі, 
жауаптылықты күшейту ауырлатушы мән
-
жайларды қарастыру есебінен емес, 
тағайындалып  үлгерген  жазаларды  есепке  алудың  жиынтық  сипатына 
байланысты жүзеге асырылады. Толық қосу жеңілдетуші мән
-
жайлар жоқ және 
екі  қылмыстық  құқық  бұзушылықта  бірдей  дәрежеде  (немесе  деңгейлес 
дәрежеде) әлеуметтік қауіпті болып табылатын жағдайларда қолданылады. 
 
Ішін ара қосу кезінде ең жоғары шекті және ең төменгі шекті мөлшерлер 
арасындағы  айырмашылық  жиынтық  құрайтын  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесінің салыстырмалы 
ара
-
қатынасына  байланысты  болып  келеді.  Бұл  ретте,  әрине,  басқа  мән
-
жайлардың да ықпалын мүлде жоққа шығаруға болмайды. Бұл жағдайда басқа 
мән
-
жайлар түзеп отырушы функциясын атқарады.
 
Айта  кету  керек,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
жиынтығы 
бойынша  түпкілікті  жаза  тағайындаған  кезде  жауаптылық  дәрежесіне  ықпал 
ететін, ескерілетін мән
-
жайлардың ішінде айыпкердің жеке басын сипаттайтын 


19 
мәліметтерге  үлкен  маңыз  беріледі.  Олар  қылмыс  жасаған  адамның  жалпы 
ерекшеліктерін,  оның  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
бейімділігін  және 
мүмкіншілігін (потенциалын), жасалған іс
-
әрекетке деген жалпы қатысын ашып 
көрсетеді. Жасалған іс
-
әрекетті сипаттайтын мән
-
жайлар жекелеген қылмыстық 
құқық бұзушылықтар
 
үшін жаза тағайындаған кезде ескеріледі.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау