Оқу-әдістемелік құрал
8
2
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ
БалалардЫҢ даму
мОНИтОрИНГі
Баланың дамуын бағалау оның емдеуге болатын проблемаларын ерте анықтауға мүмкіндік
бере отырып, физикалық дамуын, ақыл-ой және әлеуметтік дамуын бағалайтын неғұрлым
маңызды аспектілердің бірі болып табылады. «Физикалық даму» түсінігімен антропометриялық
көрсеткіштер туралы түсінікті байланыстыру дұрыс деп саналады, ол баланың өсуі мен
дамуының, тұтастай алғанда, оның денсаулығының жай-күйін бағалауда психомоторлық даму
көрсеткіштерімен бірге пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады.
Көрсеткіштердің бір ғана жалғыз өлшемі баланың осы белгілі бір уақыттағы жай-күйін көрсетеді.
Баланың дамуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін белгілі бір уақыт аралығында мы-
наларды:
◊
денесінің салмағы мен оның салмақ қосу жылдамдығын;
◊
бойының өсуін және өсу жылдамдығын;
◊
бас шеңбері және бас шеңберінің өсу жылдамдығын
◊
психомоторлық және ақыл-ой дамуын өлшеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |