Амакринді жасушалары (нейрондар
)— қыстырма, интернейрондар (аралық) болып
саналады.Бұлардың аксондары болмайды,синапстары химиялық және электрлік
болып келеді.
Ганглионарлы нейрондар
—көздің торлы қабығындағы ең ірілері.Аксондары ұзын,
нейрондар цитоплазмасында базофильді заты жақсы дамыған.Бұлардың
миллиондаған аксондары жиналп нерв талшықтар қабатын түзе отырып, көру нервіне
айналады.Ганглионарлы нейрондар информацияны торлы қабықтың барлық
қабаттарынан алады.
Нейроглия
.Адамның көзіндегі торлы қабықта үш түрлі глиоциттердің бар екені
анықталған.Оларға:Мюллер жасушасы, астроглия мен микроглия жатады.Бұл
глиоциттер ұзынынан орналысып, торлы қабықтың барлық қабаттарын толық
қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |