Морф сессия (НС)


Тежелу, түрлері және Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу. Жұлынның



жүктеу 8,23 Mb.
Pdf просмотр
бет31/297
Дата06.02.2022
өлшемі8,23 Mb.
#37359
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   297
2 курс,Сессия НЕРВ

2. Тежелу, түрлері және Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу. Жұлынның 
проприорецептивті рефлекстері: Шынтақтың жазылу рефлексін анықтау әдісі 
Орталық  жүйке  жүйесінде  тежелу  арнайы  тежеуші  нейрондары  қозған  кезде 
басталады.  Жұлыннан  Реншоу  жасушасы  табылды.  Бұл  жасуша  жүлын 
мотонейронының  айналасында  орналасқан.  Оны  мотонейрон  аксонының  бұтағы 
қоздырады.Тежелуші  жасушалар  мидың  әр  жерінен  табылды.  Тежеуші  нейронның 
аксонының ұшынан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп 


шығады  да  оның  әсерінен  түйіспеден  кейінгі  тежеуші  потенциал  пайда  болады 
(ПСТП). 
Орталық жүйке жүйесінде туатын тежелу үрдістері пайда болу механизмдеріне карай 
пресинапстық, постсинапстық, пессималдық және қозудан кейінгі тежелулер болып 4-
ке бөлінеді. 
1.  Пресинапстық  (түйіспеге  дейінгі)  тежелуге  Реншоу  жасушасы  қатысады.  Ол 
қоздырушы  түйіспедегі  медиатордың  шығуын  тоқтатады.  Мәселен,  тежеуші 
жасушаның  аксоны  мотонейронды  коздыратын  жүйке  талшығының  үшымен  түйісіп, 
аксоаксондық тежеу түйіспесін құрады. Мотонейрон катты қозған сәтте оның аксоны 
арқылы Реншоу жасушасы қозады да, оның үшында бөлінген ү-аминмай қышқылы екі 
талшықтың  түйіскен  жерінде  орналасқан  постсинапстық  мембрананың  CI  анионына 
өткізгіштігін күшейтіп депо ляризациялайды. Бұл деполяризация әрекет потенциалын 
азайтады.  Осыған  байланысты  тежеу  түйіспесіндегі  постсинапстык  мембрана  Са* 
катиондарын  өткізбейтін  болады.  Мұның  салдарынан  мотонейронды  қоздыратын 
жүйке  талшығының  ұшынан  медиаторлар  бөлінбей  қояды  да,  оның  қозуы 
бәсеңдейді, бара-бара тежеледі. 
2.  Постсинапстық  (түйіспеден  кейінгі)  тежелу  Реншоу  жасушасы  тәрізді  тежеуші 
нейрондардың  қатысуына  байланысты  туады.  Тежеуші  нейронның  аксоны 
мотонейронның  денесімен  түйіспе  құрады.  Тежеуші  нейрон  қозған  кезде  оның 
аксонының  ұшынан  гаммаамин  май  қышқылы  бөлініп  шығады.  Ол  мотонейрон 
денесіндегі постсинапстық мембранадан К' катиондарын сыртқа шығарумен катар C1- 
аниондарының  ішке  өтуін  күшейтеді  де,  постсинапстық  мембранада 
гиперполяризация тудырады, сөйтіп постсинапстық тежеуші потенциал пайда болады. 
Мұның  салдарынан  мотонейронның  қозғыштық  қабілеті  төмендейді,  оның  қозуына 
кедергі туады. 
3.  Пессимумдық  тежелу  нейронды  қоздырушы  түйіспеде  кездеседі.  Күшті 
серпіністердің  жиі-жиі  түйіспеге  келіп  түсуіне  байланысты  медиаторлар  көбейеді  де 
постсинапстық мембранада тұрақты жергілікті (жайылмайтын) деполяризация пайда 
болады, сондықтан қозу өрістемейді. 
4.  Қозудан  кейін  туатын  тежелу  реполяризация  кезеңінің  аяғында  ғана  туындайтын 
гиперполяризацияға  байланысты.  Оның  ұзақтығы  50-150  мс,  ал  вегетативтік  жүйке 
жүйесінде  1000  мс.  Бұл  кезде  мотонейронның  козу  қабілеті  өте  төмендейді  де 
(субнормальдық кезең) ол қозбайды. 

жүктеу 8,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   297




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау