Горизонтальды нейрондар
- бір немесе екі қатар болып орналасады.Бұлардан тараған
көптеген дендриттері фоторецепторлы нейрондардың аксондарымен
байланысады.Аксондары горизонтальды бағытта өтіп барып, фоторецепторлы
нейрондардың аксондарымен синапс түзеді.Тітіркену реакциялары бұл нейрондарда
(нерв импульсі аз да болса тежеледі) уақытша блокада жасалады. Ал бұл болса көру
қабілетін (контраст) күшейтеді.
Биполярлы нейрондар
—фоторецепторлы және ганглионарлы нейрондармен
байланысады.Бірнеше таяқша нейрондар бір ғана биполярлы нейронмен, ал колба
тәрізді нейрондар 1:1 қатынасында байланысқа түседі.Мұндай байланыста қара және
ақ түсті заттардың салыстырмалы айыру ерекшелігі өте жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |