12
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында оқу материалын дұрыс орналастырудың да
маңызы өте жоғары. Ерекше ден қоюды және дәл орындауды талап ететін жаңа материал
мен жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің басына жоспарланады. Организмге едәуір
салмақ түсіретін жаттығулар әдетте жүктемесі төмен жаттығулардан кейін жасалады.
Осылайша жүктемені біртіндеп өсіруге болады. Қашықтыққа лақтыру жаттығулары
жүгіру, секіру ойындарына дейін өткізіледі.
Негізгі бөлімде көбірек қимылдауды талап ететін ойындар пайдаланылады. Оларды
мүмкіндігінше барлық бала бірге жасағаны жақсы (жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.б.).
Үшінші, қорытынды бөлім (ІІІ).
Бұл бөлім көлемі жағынан аса үлкен емес; онда
қозғалыс белсенділігін біртіндеп төмендетуге арналған, қарқыны төмен шағын ойындар
мен ойындық жаттығулар өткізіледі. Бұл бөлімде жүру жаттығулары, күрделі емес
ойындық тапсырмаларды пайдалануға болады. Ол баланы біртіндеп қалыпқа түсіп, басқа
қызметке ауысуына мүмкіндік береді.
Жүктемені жүйелі түрде, біртіндеп көтеру баланың жалпы дамуына оң ықпал етеді
және оның қимыл-қозғалыс дайындығын жақсартуға көмектеседі. Әдетте, бастапқыда
балалар қозғалыстың жаңа түрлерін дұрыс орындай алмайды, шектен тыс қиналады.
Сондықтан оларға қойылатын талаптың мейлінше төмен болғаны абзал.
Жаттығулар мен қозғалыстың негізгі түрлерінің бала санасына мықтап сіңірілуі өткенді
қайталауға тікелей байланысты.
Бірақ қайталау бір сарынды болмауы тиіс. Өйткені мектепке дейінгі орта топ
жасындағы балалардың қимыл-қозғалыс қызметіне деген қызығушылығы жоғалып кетеді.
Сондықтан балаларды оқытудың бірінші сатысында материалды қайталай отырып, түрлі
оқу құралдарын жағдаяттарды өзгерте отырып пайдалану қажет.
Педагог 4-5 жастағы балалармен Денешынықтыру сабағын ұйымдастыру барысында
мынадай түрткіжайттарды ескеруі тиіс:
•
жаттығулардың балалардың жасы мен функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес
болуы
керектігін естен шығармау;
•
иық белдеуіндегі ірі бұлшық еттер тобына, арқа, іш, аяққа арналған, кезектесіп
жасалатын жаттығуларды
қарастыру;
•
алдыңғы ұйымдастырылған оқу қызметіндегі жаттығуларды толық ауыстырмай,
балаларға таныс, бірақ олар дұрыс игеріп үлгермеген, қайталауды қажет ететін 2-3
жаттығуды қалдыру (мүмкіндігінше балалар қуана жасайтын жаттығуларды қайталаған
жөн);
•
баланың организміне түсетін жүктемені біртіндеп арттырып, оны сабақтың соңына
қарай төмендету жағын қарастыру;
•
қозғалыссыз тұрып, күтіп тұратын жағдайларды
болдырмау;
•
балаларды ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін балалардың жас мүмкіндіктеріне
қарай дайындау;
•
қимыл-қозғалыс жаттығуларын барлық жаттығулардан кейін беру және оны ақырын
жүріспен аяқтау;
•
баланың бойында жағымды
эмоциялар қалыптастыра білу;
•
қозғалысты орындауға берілген уақытты тиімді әрі шебер пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: