Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет8/524
Дата19.01.2022
өлшемі1,89 Mb.
#37221
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   524
4 дш

Сөздік әдістер 
Бұл  топқа  жаттығулардың  атаулары,  сипаттамасы,  түсініктемесі,  нұсқаулар, 
тапсырмалар, командалар, балаларға қойылатын сұрақтар, әңгімелесу т.б. жатады. Сөздік 
әдістер  балалардың  ойлау  қабілетін  жандандырып,  қозғалыс  туралы  мейлінше  нақты 
түсінік  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Бұлшық  ет-қозғалыс  тітіркендіргіші  сөз-қозғалыс 
талдауышымен  үйлесімді  әрекет 
еткен  жағдайда 
уақытша  (физиологиялық) 
байланыстардың ми қабатына тез әрі нық орнығатыны белгілі. Осы үйлесімнің арқасында 
кейін  және  керісінше,  жаттығулардың  орындалу  барысын  бақылау  барысында  сөздік 
белгілердің ізі жандана түседі. Осылайша, сөздік белгілердің де дене жаттығулары сынды 
маңызы өте жоғары болады. Сөздің көмегімен балаларға білім, тапсырма береміз, олардың 
орындауға  деген  қызығушылығын  арттырамыз,  қол  жеткен  жетістіктерді  сараптап, 
бағалаймыз. 
 
Жаттығулардың атауы 
Көптеген жаттығулардың шартты атаулары бар. Мысалы:  «резеңкені  созу»,  «сорғыны 
үрлеу»,  «паровоз»,  «қаздар  шаңқылдайды»  т.б.  сынды  атаулар  қозғалыстың  сипатын 
білдіреді.  Педагог  жаттығуларды  көрсетіп,  түсіндіре  отырып,  оның  қандай  қимылға 
ұқсайтынын  айтады  және  атауын  атайды.  Жаттығу  негізінен  игерілгеннен  кейін  педагог 
оның атауын ғана атайтын болады. Балалар соған қарап, қозғалысты көз алдына елестетеді 
және дұрыс орындайды. Жаттығудың атауы оны түсіндіруге кететін уақытты қысқартады 
немесе оның қалай орындалатынын балаларға түсіндіреді. 
 
Сипаттама 
Сипаттама  дегеніміз  –  үйреніп  жатқан  қозғалысты  орындау  техникасы  туралы  нақты 
түсінік  беру  және  оның  ерекшеліктерін  ізбе-із  түсіндіру.  Сөздік  сипаттамалар  көбіне 
жаттығуларды  қосымша  көрсету  арқылы  сүйемелденіп  отырады.  Сипаттама  қозғалыс 
техникасының  негізгі  элементтерін  сөзбен  нақтылап,  олар  туралы  нақты  түсінік 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
 
Түсіндіру 
Түсіндіру  тәсілін  жаттығуларды  үйрену  кезінде  пайдаланамыз.  Түсіндірген  кезде 
жаттығудың  маңызды  элементтерін,  орындау  техникасының  қай  тұстарына  көңіл  бөлу 
қажеттігін атап көрсету керек. Біртіндеп балалардың санасында әр элемент туралы түсінік 
қалыптасады. Түсіндірме қысқа да нұсқа, түсінікті, нақты болуы шарт. Эмоциялы, бейнелі 
болуы  қажет.  Түсіндірменің  мазмұны  нақты  міндеттерге  қарай,  балалардың  дайындығы 
мен  жеке  ерекшеліктеріне  қарай  өзгеріп  отырады.  Түсіндіру  барысында  белгілі 
жаттығуларға сілтеме жасауға болады. Бұл баланың ойлау қабілетін жандандырады және 
ол үйреніп жатқан қозғалысты тез әрі дұрыс қабылдап алады.  



 
 
Анықтау  
 Бұл  әдіс  балалардың  назарын  аударуға  немесе  қабылдау  қабілетін  жетілдіру,  үйреніп 
жатқан қозғалыстың белгілі бір элеменеттерін ашып көрсету мақсатында пайдаланылады. 
Ол жаттығуларды көрсету немесе орындау арқылы сүйемелденеді. Бұл жерде сөз қосалқы 
рөл атқарады. 
 
Нұсқаулар 
Қозғалыстарды  үйренген  кезде,  қозғалыс  дағдысы  мен  қабілетін  нығайту  барысында 
сөзді  қысқаша  нұсқау  ретінде  пайдалануға  болады.  Бұл  сөздер  тапсырманы  нақтылау; 
қалай  әрекет  ету  қажеттігін  еске  салу;  балалардың  қатесін  түзету  және  оның  алдын  алу;  
жаттығулардың  орындалу  деңгейін  бағалау  (мақұлдау  және  мақұлдамау);  ынталандыру  
мақсатында қолданылады. 
Нұсқауларды  жаттығуларды  орындамас  бұрын  да,  жаттығу  жасап  жатқан  кезде  де 
беруге  болады.  Біріншісінде  нұсқаулар  алдын  ала  нұсқаушылық  тәсілі  рөлін  атқарады. 
Екіншісінде педагог тапсырманың дұрыс орындалу деңгейіне баға береді. Жаттығуларды 
орындау  сапасын  бағалау  балалардың  қозғалыс  туралы  түсінігін  нақтылауға  мүмкіндік 
береді. 
 
Бұйрықтар. Тапсырмалар
 
Бұйрық  дегеніміз  –  педагогтің  ауызша  пәрмендері.  Оның  нақты  мазмұны  мен  белгілі 
бір  пішіні  болады  (мысалы,  «Ай-Нал!»  т.б.).  Сөздік  әсер  етудің  бұл  формасы 
қысқалығымен және әмірлі үнімен ерекшеленеді. Команда балалардың қызметіне тікелей 
басшылық етудің (шұғыл басқару) негізгі тәсіліне жатады. 
Нұсқаудың  мақсаты  –  қимылдардың  бір  кезде  басталып,  бір  кезде  аяқталуын, 
қозғалыстың белгілі бір ырғағы мен бағытын қамтамасыз ету. 
Бұйрық екі бөліктен  тұрады: бастапқы және атқару бұйрығы. Бастапқы бөлімде не 
істеу керектігі және оның жолдары, атқару бөлімінде қимылдарды ақырындап орындауға 
белгі берілген. Бұл жерде нұсқауды дұрыс бере білуді үйренудің маңызы зор. Басқаша 
айтқанда, сөзге екпін түсіре білу, дауыстың күші мен интонацияны дұрыс қою керек. 
Мысалы: «Бір орында тұрып алға...» (бастапқы бұйрық), содан соң «Адым бас!» (атқару). 
Нұсқаудың бастапқы бөлігі созылып айтылады, содан кейін аз-кем үзіліс жасалады. Содан 
соң қатты дауыспен атқару бөлімі айтылады. Педагог бұйрық берген кезде «тік тұру» 
қалпында тұруы тиіс. Оның сенімді шыққан нық даусы, нұсқаудың нақтылығы балаларды 
тәртіпке шақырып, ұйымдастырады, оларды тапсырманы тез әрі мұқият орындауға 
мәжбүрлейді. 
      Педагог нұсқауды өзі құрастырады («Терезеге қарай – бұрыл!»). Нұсқаудың 
бұйрықтан айырмашылығы да осында. Бірақ ол да әмірлік үнмен айтылады. Нұсқаулар 
сабақ  өтетін орынды дайындау, Денешынықтыру сабағына қажетті  жабдықтарды 
үлестіру мен жинауға қатысты тапсырмаларды орындау барысында да пайдаланылады. 
Бұйрықтар  мен  нұсқаулар  берген  кезде  дауыс  күші  сабақ  өтетін  бөлменің  көлеміне 
сәйкес  болуы  тиіс.  Ең  бастысы,  балалар  педагогтің  нұсқаулары  мен  бұйрықтарын  естіп, 
қимыл-қозғалысты дер кезінде және дұрыс жасауға кірісуі маңызды. 
Егер жаттығулар музыканың ырғағымен орындалатын болса, команданың бастапқы 
бөлігі (бұйрық) сөзбен айтылады, ал атқару бөлімі (орындауға арналған белгі) музыканың 
бірінші аккордына ауыстырылады.  
     Балаларға қойылатын сұрақтар оларды байқампаздыққа баулиды, ойлау және сөйлеу 
қабілетін жандандырады, қозғалыс туралы түсінікті нақтылауға көмектеседі және оған 
деген қызығушылықты оятады. 
 

жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   524




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау