Қазақстан республикасы білім жəНЕ



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет15/64
Дата06.01.2022
өлшемі7,08 Mb.
#36786
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ-2

 
 


 
40
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
РАДИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ   ПРОБЛЕМАЛАР 
Семей  полигоны  және  оның зардаптары. 
 
Ғылым  мен  техниканың  дамуы  адам  баласының 
болашағын  сақтауға  емес,  оған  кері  әсерін  тигізетін  қару-
жарақ ретінде белең алды. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде 
елімізде  радиациялық  ластану  белең  алуда.  Радиациялық 
қару-жарақ, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары 
бар  кемелер,атом  электр  станцияларын  шектен  тыс 
пайдалану  биосфераның  радиациямен  ластануына  әсер 
етуде.  Радиациялық  ластанудың    негізгі  көздері  –альфа, 
гамма,  бэта  сияқты  радиоактивті  сәулелер.  Радиациялық 
ластану  нәтижесінде  түскен  радиоактивті  қалдықтар 
бірнеше  мыңдаған  шақырымға  таралады.  Радиоактивті 
ластану    уранның  ыдырау  реакциясы  ашылғаннан  бастап 
пайда  болған.1896  жылы  А.Беккерель  уран  тұздарының 
өткір сәуле таратындығын байқады. М.Кюри және П.Кюри 
полоний мен радидің  радиактивті  сәуле тарататындығын 
айқындады.  1911  жылы  Е.С.Лондан    иондалған 
сәулелердің тірі организмдерге  тигізетін әсерін анықтады. 
Атом  –заттың  химиялық  қасиеттері  толық  сақталынатын 
кіші  бөлігі.  Атом  ядросы  дегеніміз  –нуклондардың 
(протондар мен нейтрондардан) тұратын атомның ең ауыр 
және  орталық  бөлімі.  Атом    энергиясын  американдықтар 
соғыс  мақсатында  пайдаланды,  соңынан  атом  энергиясын 
алу  мақсатында  да  пайдалана  бастады.  Қазақстанда 
ядролық қару-жарақты пайдалану өткен XX ғасырда пайда 
болды.    1953 жылдан  бастап    Қазақстанның шығыс  бөлігі 
Семей өңірі  ашық сынақ алаңына айналды. 1953 жылы 12 
тамызда    полигонда  алғаш  термоядролық  құрылғы,  1955 
жылы  22  қарашада  сутегі  бомбасы  сыналған.  Ядролық 
сынақтар 
ядролық 
жарылыс 
құрылғылары 
және 


 
 
41 
қарулардың  үлгілерін  сынау  мақсатында  өткізілді.  Семей 
плигоны  күрделі  ғылыми-зерттеу  кешені  болып  саналды. 
Құрылымы  жағынан  ол  базалық  Курчатов  қаласында 
тұрды.  Мұнда  40  жылдан  астам  уақыт  500-ге  жуық 
жарылыс  болды.  Ондағы  жарылған  заттар  Чернобыль 
апаты  кезіндегі  жарылғыш  заттардың  қуатынан  мың  есе 
асып  кеткен.  Осы жарылыстың    27-сі  атмосферада,  113-сі 
жер бетінде, ал қалғаны жер астында жүргізілді. Олардың 
зияны миллиондаған  адамдарға тиді. Осының салдарынан 
әртүрлі  мүгедек  балалардың  пайда  болуы,  қатерлі  дерт, 
сәулелік  ауру,жүйке  ауруы,  жұқпалы  аурулардың    саны 
артып болашақ ұрпақтың  өміріне қауіп тудырды.  
Семей  өңіріндегі  полигондар  көлемі  33,6  млн. 
гектарға  жетті.  Полигондар  пайдаланған  жердің  ауасы, 
суы,  топырағы,  ластанып  жер  асты  сулары  арқылы 
мыңдаған  аймақтарға  тарады.  Полигондар  аймағы 
техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған. 
Ондағы  өсімдіктер  мен  жануарлар  жоғалып  дала 
тыныштыққа бөленген. Қазақстанда    Семей полигонынан 
басқа  Атырау  облысында  Тайсоған,  Капустин-Яр,  Балқаш 
көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сының  алаңдары мен 
Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Ал, Қазақстанда 1990 
жылғы  мәліметтер  бойынша  сынақ  жасалған  жерлердің 
көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жерді қамтыған. 
Сынақ  кезінде  апатқа  ұшыраған  ракеталар,  соғыс 
техникалары  қоршаған  ортаға  өте  қауіпті.  Сонымен  бірге  
Қазақстан  жерінде  27  әр  түрлі  термоядролық  сынақтар 
өткізілетін  әскери  полигондар  болғанын  жасыруға 
болмайды. Оларға Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсорған, 
Нарын полигондарын жатқызуға болады.  
Қазақстанның 
құрғақ 
климаты 
жағдайында 
радионуклидтер  топырақта  баяу  қозғалып,  ұзақ  сақталып, 


 
42
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
экожүйелерді  бүлдіреді.      Соңғы  мәліметтер  бойынша 
Қазақстан 
аумағында 
ядролық 
қарулар 
сыналған 
жерлердің  көлемі  Ақтөбе  облысында-4207,5;  Атырау-
1635,3; 
Шығыс 
Қазақстан-11,1; 
Жамбыл-2576,1; 
Жезқазған-4900; 
Батыс 
Қазақстан-1558,8; 
Орталық 
Қазақстан-19,6; Маңғыстау-21,4; Павлодар-717,0; Оңтүстік 
Қазақстан-8,1;  Семей-941,2  мың  га  жерлерді  қамтыған. 
Осы  жерлерде  50  жыл  бойы  (1949-1996)  бұрынғы  Кеңес 
үкіметі  соғыс  ведомстволары  503  ядролық  сынақ  жасап, 
Қазақстанның    шұрайлы  жерінің  20  млн.  га  жарамсыз,  ал 
адам  баласы  өз  кезегінде  генетикалық,  соматикалық, 
онкологиялық  ауыруларға  ұшырады.  Қазірдің  өзінде 
Қазақстанда  2,6  млн.  адам  мутагенез  ауыруымен  есепте 
тұр.  Атырау  облысында  32  мың  адам  анемия,  сүйек  рагі, 
тубуркулез, жүйке ауруларымен ауырып зардап шегуде. 
Сол  сияқты  республика  аймағында  барлығы  16  млрд 
тонна  радиактивті  қалдық  жинақталған.  Ол  қалдықтар 
Ақмола  облысының-800  га,  Жамбыл  облысының-190  га, 
Жезқазған облысының-25 га, Қызылорда облысының-3,0 га, 
Оңтүстік  Қазақстан  облысының  -  2  гектар  жерін  алып 
жатыр.  Нәтижесін  бүгінгі  таңда  Қазақстанда  радиациялық 
апат  аймақтары  мен  ондағы  қазіргі  қалыптасқан 
жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.  
1991 жылы 20 тамызда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  
бұйрығымен  Қазақстан  жерінде  атом  қаруын  сынау 
тоқтатылды.  Халықаралық  деңгейдегі  бұл  шешім  «Семей-
Невада»  қоғамдық  қозғалысының  жемісі  болды.  Осыған 
байланысты «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың 
денсаулығын 
зерттеу 
және 
сауықтыру 
шараларын 
ұйымдастыру»  (1992,1995)  туралы  маңызды  құжаттар 
қабылданды.  Ал  полигондардың  қоршаған  табиғи  ортаға 
тигізетін  зардабын  жою  халықаралық,  мемлекеттік  


 
 
43 
деңгейде  жүргізілуде.Тіршіліктің  қалпына  келуі  үшін 
мыңдаған  жылдар  қажет  болсада,  болашақта  еліміздегі 
полигондар  зардабы  жойылып  жер  бетінде  тыныштық 
орнайды деп сенеміз. 
 
 
 
         Семей ядролық полигонындағы жарылыс 

жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау