Қазақстан республикасы білім жəНЕ



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет11/64
Дата06.01.2022
өлшемі7,08 Mb.
#36786
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
ҚАЗАҚСТАН-РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ПРОБЛЕМАЛАРЫ-2

 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
25 
КАСПИЙ  ТЕҢІЗІ ЭКОЛОГИЯСЫ 
 
Каспий  теңізі-  Еуропа  мен  Азия  аралығында 
орналасқан  жер  шарындағы  бірден  бір  тұйық  су  айдыны. 
Оның  көлемі-390  мың  км
2
.Каспий  теңізі  солтүстіктен 
оңтүстікке дейін 1200 км,батыстан шығысқа дейін 196-435 
км аралықты қамтиды. Каспий теңізінің жағалау ұзындығы 
-7000км,  мұхит  деңгейінен  27  м  төмен  жатыр.Жағалау 
шекарасының  29%-ы  Қазақстанға  (2340км),  16%-ы 
Ресейге, 
20 
%-ы 
Әзербайжанға, 
21%-ы 
Түрікменстанға,14%-ы  Иран  Ислам  Респуликаына  тиесілі. 
Теңіз  екі  климаттық  белдеуде  орналасқан.Солтүстік-
шығыс  бөлігінің  климаты  қоңыржай  континентті,ал 
оңтүстік-батысы  субтропикалық  климатты  құрайды.Жазда 
Каспий  теңізінің  беті  қатты  қызады,  температура  барлық 
бөлігінде  бірдей:  шілдеде  орташа  температура  +24°С 
+26°С,  қыста  қаңтар  айының  орташа  температурасы  -7-
11°С.Судың      тұздылығы  солтүстігінде  0,2-2%, 
орталығында  10-12%,  оңтүстігінде  13-14%.  Каспийдің 
солтүстік  жағалауы  таяз,көбіне  қайраңдардан  тұрады. 
Каспий  қайраңы  өте  ерекше    табиғат  туындысы  әрі 
өсімдіктер  мен  жануарлардың  қолайлы  ортасы.Мұнда 

Қызыл кітапқа

енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп 
кездеседі.  Тұйық  су  айдыны  болғандықтан  мұндағы 
организмдердің  басымы  эндемиктер.Теңіздің  құнды 
байлықтарының бірі-бекіре тұқымдас балықтар.Олардың 5 
түрі  тіршілік  етеді.  Бекіре  тұқымдастардың  дүниежүзілік 
қорының 
70%-ы 
осы 
теңіздің 
үлесіне 
тиетінін 
мақтанышпен  айтуға  болады.  Каспий  ойпаты  өзінің 
табиғат  ескерткіштерімен  фаунасы  және  флорасының 
көптүрлігімен  ерекшеленеді.  Мұнда  өсімдіктердің  945, 
балдырлардың 
64, 
фитопланктондардың 
414, 


 
26
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
зоопланктондардың 100 ден аса түрі тіршілік етеді.Каспий 
теңізі  кәсіптік  балықтарға  бай.Теңізде  балықтың  76  түрі 
кездеседі.  Бағалы  балық  –қортпа  ұзындығы  6-7м-ге,  ал 
салмағы  1800кг-ға  дейін  жетеді,100  жылға  дейін  тіршілік 
етеді.  Бекіренің  ұзындығы  2,3  м,  салмағы  100кг-ға  дейін 
болады.Шоқырдың  ұзындығы  2,2м,  салмағы  40-80  кг-ға 
дейін  жетеді.Каспий  теңізі  жыл  құстарының  да  сүйікті 
мекені.Теңіз  жағалауларында  3-3,5  млн  құстар  қыстап 
қалса,ал 
жыл 
құстарының 
саны 
10-12 
млн-ға 
жетеді.Каспий  теңізінің    экологиялық  жағдайы  соңғы 
жылдары  су  деңгейінің  көтерілуімен  байланысты 
қалыптасты. Каспий теңізі  деңгейінің көтеріліп, тартылуы 
жердің  табиғи-тарихи  эволюциясына  байланысты.Тарихи 
деректер  бойынша  1820-1930  жылдар  аралығында  Каспий 
теңізінің  су  деңгейі  көтерілген.Оның  себептерін  ауа 
райының құбылысымен және антропогендік факторлар мен 
түсіндіруге  болады.Еділ  өзені  теңізге  құятын  барлық 
судың 80%-ын құрайды.Сондықтан теңіз суының толысуы 
Еділ  өзені  мен тығыз  байланыста  болды.  Соңғы жылдары 
теңізден  Қарабұғазкөл  шығанағын  бірде  бөліп,бірде  қосу 
Каспий  теңізінің  байырғы  қалыптасқан  табиғи  тепе  –
теңдігін бұзған антропогендік іс-әрекеттің зардабы  ретінде 
қабылданды.Теңіз  суының  ырғақты    ауытқуы  табиғаттың 
заңдылығы 
екенін 
адам 
баласы 
кейін 
түсінді.Мәселен,1940-1950  жылдардағы  теңіз  деңгейінің 
төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады.Оның 
да  басты  себебі  бар  еді.Өйткені  осы  жылдары  теңізге 
құятын  су  мөлшері  Еділден  12%-ға,Теректен  60%-ға 
төмендеген.Осы факторларды ескеріп,теңіз суы деңгейінің 
азаюы  тежеу  мақсатымен  1980  жылдары  Қарабұғазкөлді 
теңізден  бөлу  үшін  ұзындығы  100  метр  табиғи  бөгет 
салынды.Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың 


 
 
27 
ішінде  кеуіп  кетіп,  айналасына    теңіз  тұзы  аралас  шаң-
тозаңдар 
тарады.Әсіресе 
теңіздің 
түбінен 
тұз 
өндірушілерге  қиындық  туды,тұздың  сапасы  төмендеп 
кетті.Өйткені  Қарабұғазкөл  елімізде  тұз  өндіретін  бірден-
бір    ірі  Қарабұғазсульфат  комбинаты  мен  әлемге  әйгілі 
еді.1978  жылдан  бастап  теңіз  деңгейі  өздігінен  көтеріле 
бастады.Ғасырдың  аяғында  оның  деңгейі  3  метрге  жуық 
көтерілді  .Судың  көтерілуінен  жүзден  астам  мұнай 
бұрғылары,  ондағы  мұнай  қоймалары,6  мұнай  –газ 
кешені,жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, 
өнеркәсіп  орындары  су  астында  қалды.Каспий  теңізінің 
көтерілуі  оның  маңындағы  мемлекеттерге  көптеген 
проблемалар  туғызып  отыр.  Оның  бастысы-экологиялық 
жағдайлар.Біріншідан,су 
деңгейінің 
көтерілуі 
теңіз 
жағалауындағы 
табиғи 
жайылымдардың 
көлемін 
тарылтып,құстар  мен  жануарлардың  мекенін  басып 
қалды.Суға  тосқауыл  үшін  соғылған  бөгеттер жағалаудың 
фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді.Балықтардың 
уылдырық  шашу  аясы  мен  құстардың  ұя  салу  тығыздығы 
кеміп,биокөптүрліктің  азайып  кету  проблемасын  туғызып 
отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың,ауа мен 
топырақтың  ластануына,одан  әрі  экологиялық  апатқа 
ұшырады. Судың мұнай өнімерінің ластануы 1980 жылдан 
бастап  күшейе  түсті.  Су  құрамында  пестицид  және  ауыр 
металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз 
мысығы, құстардың жаппай ауруға ұшырап, қырылып қалу 
фактілерін  жиілетті.  Соңғы,мәліметтер  бойынша  бекіре 
балықтарын аулау 40%-ға азайды.Үшіншіден,су деңгейінің 
көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұңғыларын,мұнай 
қоймаларын,балық  комбинаттарын,елді  мекендерді  су 
басып,орасан  зор  шығын  келтіре  бастады.  Төртіншіден, 
мұнай  игеруге  шетелдік  инвесторларды  тарту  Каспий 


 
28
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
  
Оқу құралы
 
теңізінің  экологиясын  одан  әрі    шиеленістіре  түсуде. 
Мұнай  өңдірумен  бірге  ауаға  шығатын  ілеспе  газдардың 
көтерілуі  аймақтың  ауа  ағынында  зиянды  газдар  үлесін 
көбейтіп  отыр.Каспий  проблемасы  бүгінгі  таңда  күрделі 
мемлекеттік    экологиялық  проблемаға  айналды.  Каспий 
мұнайын  игеру  жоғары  қарқынмен  жүргізіліп,  ұзақ 
жылдарға жоспарлануда. Бұл өзекті мәселе  тек Қазақстан 
ғана  емес  Ресей,  Әзербайжан,  Түркменстан  және  Иран 
Республикаларына  да  тән  ортақ  іс.  Ең  бастысы  Каспий 
теңізінің  фаунасы  мен  флорасының  әр  түрлілігін  сақтап 
қалу. Каспий проблемасы БҰҰ  деңгейінде  айқындалуда. 
 
 
 
Каспий  итбалығы 
 
Соның  бірі  1999  жылы  Көкшетау  қаласында 

Каспий 
теңізінің 
биокөптүрлілігін 
сақтаудың 
белсенділігін  бағалау

  тақырыбында  өткен  бірінші 
аймақтық  семинар  болды.  Мемлекет  аралық  деңгейде 
өткен  кеңестің  мақсаты-Каспий  теңізінің  экологиялық 
проблемаларын  шешудің  ең  тиімді  жолдарын  қарастыру. 


 
 
29 
Теңіз  экожүйесінде  туындап  отырған  проблемаларды  
саралап  және  баға  бере  отырып,экологиялық  апаттарға  
жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат қойылды. 
Бұл  игі  істер  адам  баласының  дүние  жүзілік  маңызы  бар 
Каспий  сияқты  су  айдынын  сақтап  қалу  шараларының 
бастамасы. 

жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау