Күтілетін нәтижелер:
біледі:
ою-өрнек элементтерінің атауын;
игереді:
тәрелкенің не үшін қажеттігін;
меңгереді:
қылқалам, мақталы таяқшамен жұмыс істеу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар:
сурет үлгісі, табақтардың түрлері, гуашь,
қылқалам,бояулар.
Сөздік жұмыс:
табақ, тұмарша.
Билингвальды компонент:
табақ – тарелка.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балаларға суретші Қылқалам қонаққа келгендігін айтады.
Суретші Қылқалам иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, балалардан
қазақтың қандай ою-өрнектерін білетіндігін сұрайды. Ол өзімен дайын табақтар
әкеліп, оны ою-өрнектермен әшекейленгенін,ою-өрнектер табақтың шетінде, ортасында
орналасқанын, табақты не үшін пайдаланатынын айтып түсіндіреді. Педагог балаларға
табақтағы өрнектерді қарап шығуды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |