Балалардың өз бетінше жұмысы.
Қажет болған жағдайда жеке балаларға көмек көрсетіледі.
3.Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Қуыршақ Айсана балалардың әдемі көйлектің суретін
салғандарына қуанып, өздерінен қандай өрнекті пайдаланғандарын сұрайды. Досына
қалаған көйлекті киіп баратындығына қуанып, рақмет айтып қайтады.
№10 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
шығармашылық, әлеумет.
Бөлімі:
сурет салу.
Тақырыбы: «
Кесені әшекейлейміз». Сәндік сурет салу.
Мақсаты
: балалардың қазақтың ою-өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ирексу» ою-өрнек элементтерін
пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт-
дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
|