Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу оқу қызметін ұйымдастыруды және тұлғаға
бағдарланған тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде интерактивті әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ
-бейнелеу оқу қызметінің тақырыбын таңдау, оны орындаудың тиімді жолдарын
ойлану, іздеу және оның маңызы мен мәнін шығармашылық бағытта шешу жолдарын
-нәтижеге жетуде бірлескен оқу қызметті дұрыс ұйымдастыру, қажетті құрал-
жабдықтарды таңдау, сурет салу, мүсіндеу немесе жапсыру жұмыстарын орындауға
-балалардың өздігінен дербес әрекет етуі үшін оқу қызметті таңдалған тақырыпқа
сәйкес орындау ретімен таныстыру: ең алдымен нені орындау, одан кейін неге көңіл бөлу,
8
үлкен бөліктер мен ұсақ бөліктерді үлестіру, жалпы мазмұнның дұрыс шығуына мән беру
(жеке, жұппен және топпен жұмыстар);
-жобаның (оқу қызметтің ) мазмұндық бөлігінің құрылымын жүйелеу (нәтижеге
жетудің кезеңдерін нақтылау);
-зерттeу әдістерін тиімді пайдалану: мәселені анықтау, оның мақсаты мен
міндеттерін нақтылау, оны шешудің болжамын жасау, зерттеу әдістерін талдау, соңғы
нәтижені шығару, алынған мәліметтерді өңдеу, түзету, қорытынды жасау.
Жобалау әдісінде оқытудың мақсаттары:
– бейнелеу оқу қызметімен айналысу үшін балаларға жағдай жасау, алуан түрлі
дерек көздерінен білім дағдыларын өздігінен ынта-ықыласпен жинақтай білу дағдыларын
қалыптастыру;
– танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу дағдысын қалыптастыру;
– әртүрлі шағын топтармен жұмыс жасай отырып, коммуникативтік дағдыларын
қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету;
– өздерінің зерттеу дағдыларын дамыту (мәселені анықтау, ақпарат жинақтау,
бақылау, эксперимент жүргізу, талдаужасау, болжам құру, тарату т.б.);
– жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, көркемдік талғамын дамытып, эстетикалық
тәрбие беру.
Жобалау әдісінің теориялық позициясы:
– балаға басым назар аударылып, оның шығармашылық қабілетін дамытуға басым
көңіл бөлінеді;
– білім беру үдерісі оқу пәнінің логикасына ғана емес, іс-әрекеттің логикасына
құрылады (балаға жеке тұлға ретінде қарау және баланың қызығушылығын ояту),
баланың жеке ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;
– жеке жұмыс жасау барысында жобалау әдісі арқылы әрбір баланың өзіндік даму
деңгейін қамтамасыз етеді; – жобалау әдісі баланың физиологиялық-психикалық дамуын
кешенді тұрғыдан қарастырады;
– алуан түрлі жағдаяттарды пайдалану арқылы баланың білімінің тереңдігі
қамтамасыз етіледі;
– алуан түрлі бейнелеу іс-әрекетіне қажетті құралдармен жұмыс жасай білудің
техникасымен танысады және оны орындауды меңгереді.
Жобалау әдісінің маңызы:
Бала жұмыс барысында шынайы объектімен және үдеріспен толық танысады. Ол
баланың нақты жағдаяттарды шешуге, құбылыстарды терең танып білуге және жаңа
объектілерді құрастыруға жетелейді. Жобалау әдісін жүзеге асыру үшін және оның
мазмұнын ашу үшін ерекше оқытудың формаларын пайдалану қажет. Олардың ішінде
жетекші түрі еліктеу (имитация) ойыны деп аталады. Имитациялық ойын – бұл еркін,
адамды шынайы және табиғи қалыпта ұстауға ықпал ететін балалардың өзіндік «мен»
түсінігін қалыптастыратын шығармашылық, белсенділік, өздігінен дербес әрекет етуге
бағыт беретін ойынның түрі. Бұл ойында әрбір бала рөлдерді өз еркімен таңдап алады
және баланың танымдық іс-әрекеті олардың ойындағы қызметі барысында орындалады.
Олар үшін бұның маңызы зор болып табылады.
Ойынның қызметі:
– психологиялық – балаға берілген жүктеме мен эмоционалдық көңіл күйді
үйлестіру;
– психотерапиялық – мұнда балаға көмектесе отырып, өзіне және өзгелерге деген
қатынасын өзгерту, қарым-қатынас тәсілдерін өзгерту, психикалық көңіл-күйлеріне қарау;
– технологиялық – баланың ойлауы мен қиялын шындыққа жақындату.
Ойында бала өзін қауіпсіз сезініп, психологиялық тұрғыдан еркін болуы және ойын
оның өзіндік дамуына ықпал ету қажет. Әдістемелік нұсқауларда сипатталған дәстүрден
тыс техникаларды тиімді пайдалану балалар үшін өте қызықты әрі шығармашылыққа
жетелейтін жол болғандықтан, оны жобалау әдісінде топтық және ұжымдық жұмыстарда
9
пайдаланған маңызды болмақ. Бейнелеу іс-әрекетінде жобалау әдісін пайдаланудың
маңыздылығы баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісіне, танымдық қабілеттерін
дамытуға жол ашатындығында. Сондай-ақ, педагогтің бейнелеу оқу қызметін
ұйымдастыруына бағыт беретін төмендегідей үлгіні ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: