Күтілетін нәтижелер:
біледі:
бояудың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында;
игереді:
арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды;
меңгереді:
қылқаламның ұшын баса отырып бояуды дұрыс пайдалануды.
Қолданылатын көрнекті құралдар
: сурет үлгісі, қылқалам, гуашь, стақандағы су,
губка.
Сөздік жұмыс
: бояу, іздер.
Билингвальды компонент
: түзу жол – прямая дорога, іздері – следы.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Мысықтың суретін көрнекілік етіп алу.
-
Мысық қандай жануар?
-
Мысықтың пайдасы бар ма?
-
Мысық туралы не білеміз?
Балалар бізге мысық қонаққа келіпті. Мысықты сыйпалап, өзіміздің жылы
лебіздерімізді білдірейік. Ол өзімен бірге әдемі бояулар алып келіпті. Олай болса, бояумен
сурет салуды үйренейік.
Достарыңызбен бөлісу: |