Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



жүктеу 1,6 Mb.
Pdf просмотр
бет98/188
Дата05.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36556
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   188
tebenova-arnaiy-psih

 
9.2. Психологиялық зерттеу әдістері 
 
Ерекше  қажеттіліктері  бар  балаларды,  психологиялық 
тексеру  әдістері  әртҥрлі,  олар  қалыпты  дамып  келе  жатқан 
балаларды  тексеру  әдістерімен  сәйкес  келеді,  бірақ  ӛзіндік 
спецификасы бар.    


 
101 
1.  Баланың  қҧжаттарын  тексеру.  Қҧжаттарды  тексерудің 
міндеті  –  анамнездік  мәліметтер  жинақтау,    кеміс  дамудың 
себептері  жайлы  мағҧмат  алу.  Баланы  кешенді  тҥрде  тексеруде, 
әрбір  маман  ӛз  әріптестерінің  қҧжаттарын  «оқи»  білуі  керек,  ол 
бала  дамуының  кӛрінісін  толық  қҧрастыруда,  ӛзіне  қажетті 
мәліметтерді  алады.  Балаға  психологиялық  тексеру  жҥргізуде, 
мҧндай мәліметтерді баланың даму тарихынан алуға болады, онда 
тӛмендегідей мамандардың қорытындылары тіркеледі: 
– педиатрдың қорытындысы; 
–  психиатрдың,  невропатологтың    негізделген  медициналық 
диагнозы; 
– оториноларингологтың сипаттама қорытындысы; 
–  офтальмологтың  кӛру  қабілеті  туралы  сипаттама 
қорытындысы; 
– 
ортопедтің 
қорытындысы 
(тірек-қимыл 
аппараты 
зақымданған балалар ҥшін). 
Мҧндай  нақты  материалдар,  психолог  ҥшін  психикалық 
қызметтерді зерттеуде, дҧрыс бағыт береді.  
Балаға  берілетін  педагогикалық  мінездеме,  маңызды  қҧжат 
болып  саналады.  Мінездемеде  баланың  қандай  тҥрдегі  мекемеде 
оқып-тәрбиеленгені  кӛрсетіледі,  ҥлгеріміне  толық  талдау 
жасалады,  мінез-қҧлқы  мен  тәртібі  сипатталады,  ҥлгерімін 
жоғарылату  мақсатында  жасалған  шаралар  мен  олардың 
қорытындылары туралы айтылады (жеке жҧмыс, емдеу т.б.). Бҧл 
мәліметтер,  баланың  оқу  мҥмкіндіктерін  анықтауда  және  оның 
болашақтағы даму қарқынына болжам жасауда қҧнды болмақ.   
2.  Баланың  іс-әрекет  нәтижелерін  зерттеу.  Соңғы  алынған 
нәтижеге  талдау  жасай  отырып  (суреттер,  бҧйымдар,  оқу  ісінің 
нәтижелері:  диктанттар,  жаттығулар,  есептерді  шешу  т.б.), 
баланың  жҧмысының  ерекшеліктерін  ҧғынуға  болады,  оның 
қиялы,  кӛру  арқылы  алатын  мағлҧматтарының  қалыптасуы,  ҧсақ  
моторикасының  дамуы,  оқу  әрекетінің  қалыптасу  дәрежесі  т.б. 
туралы мәлімет алуға болады.  
Баланың  жетістіктерін  дҧрыс  бағалау  ҥшін,  тӛмендегі 
ережелерді білу керек: 

 
нәтижеге  қол  жеткізудегі  жағдайлар,  психологиялық 
механизмдер; 


 
102 
–  әртҥрлі  топтардағы  оқушылар  ҥшін,  оқу  материалын 
меңгеруде кездесетін типтік қиындықтар;  
–    қандай  да  бір  дағдының  оқыту  ҥдерісіндегі  даму 
ерекшелігі; 
– оқытудың әрбір кезеңінде кездесетін нақты қиындықтарды 
анықтауға мҥмкіндік беретін әдістер. 
3.  Бақылау  әдісі.  Бақылау  баланың  ӛз  бетінше  орындайтын 
іс-әрекеті  барысындағы,  психикалық  қызметтерінің  кҥйін 
бағалауға  мҥмкіндік  береді.  Мҧнда  бақылаушы  тарапынан 
ешқандай  араласу  болмайды,  ең  аз  кӛмек  кӛрсетіледі. 
Психологиялық  зерттеу  ҥшін,  бақылаудың  кейбір  тҥрлері  ӛте 
маңызды  болып  есептеледі.  Олар  –  ойын  әрекетін,  тәртібін, 
басқалармен  қарым-қатынасын,  жҧмыс  істеу  қабілеттілігін 
бақылау. Баланы зерттеуді немесе тексеруді оның ойын әрекетін 
бақылаудан бастай отырып, оның сеніміне кіруге болады, сӛйтіп, 
біртіндеп эксперимент жҧмысын бастайды.   
4.  Әңгіме  әдісі.  Әңгіме  –  арнайы  қҧрылған  бағдарлама 
бойынша, 
әңгіме-сҧхбат 
кезінде, 
баланың 
психикалық 
қҧбылыстары  туралы  ақпарат  жинақтау.  Психологиялық  тексеру 
кезінде,  әңгіме  әдісі  екі бағытта  жҥреді:  бала  туралы  мәліметтер 
жинау  мақсатында,  ата-аналармен  (мҧғаліммен,  тәрбиешімен) 
әңгіме-сҧхбат жҥргізу және баланың жалпы дамуы жайлы тҥсінік 
алу,  сондай-ақ,  ӛзара  сенімді  қарым-қатынасын  орнату 
мақсатында, баланың ӛзімен әңгімелесу.  
5.  Эксперимент  әдісі,  зерттелетін  отырған  психикалық 
қҧбылыстардың  айқын  кӛрінуін  қамтамасыз  ететін,  арнайы 
қҧрылған  жағдайда  мәлімет  жинауды  кӛздейді.    Ол  балалардың 
белгілі бір іс-әрекетін, жеке тҧлғалық даму ерекшеліктерін немесе 
оқыту  мҥмкіндіктерін  жеке  қарастыруы  мҥмкін.  Эксперимент 
жҥргізуде,  балаға  интеллектуалды  немесе  іс-әрекет  моделіне 
сәйкес, белгілі бір тапсырмалар жҥйесі, нҧсқаулар беріледі.   
Эксперимент  әдісі,  басқа  әдістер  сияқты  баланың  теріс 
(негативті)  және  оң  (позитивті)  мҥмкіндіктерін  кӛрсетеді, 
баланың  оқу  қабілетін  анықтайды.  Оқу  қабілетін  анықтау  – 
баланың  даму  әлеуетін  анықтау  деген  сӛз.  Сондықтан,  баланы 
зерттеуде,  оқыту  немесе  ҥйрету  эксперимент  маңызды  болып 
саналады.  Оқыту  эксперименттінің  ҧстанатын  қағидасы: 
эксперимент барысында балаға қиын тапсырмалар  беріледі, одан 


 
103 
кейін  экспериментатор  сол  тапсырманы  орындауды  ӛзі  ҥйретеді. 
Экспериментатордың  берген  кӛмегі,  қысқа  нҧсқаулар,  қысқаша 
сабақтар тҥрінде тіркеледі. Оқу қабілетінің кӛрсеткіштері ретінде, 
тӛмендегілер ескеріледі: 
– тапсырманы дҧрыс орындауда берілген кӛмектің саны мен 
сапасы (дағдының қалыптасу ҥдерісі); 
–  орындалған  жҧмыс  туралы,  баланың  ауызша  берген 
есебінің сапасы; 

 
жаңадан  қалыптасқан  дағдыны,  басқа  тапсырмаларды 
орындауда пайдалану мҥмкіндігі. 
Балаға  берілетін  кӛмектің  шамасы,  тапсырманың  кҥрделілік 
деңгейіне байланысты. 
«Кҥрделілік деңгейі» ҧғымына мыналар кіреді: 
– тапсырма материалының кӛлемі; 
– тапсырманы орындау кезіндегі, экспериментатор кӛмегінің 
кӛлемі; 
– кӛмек тҥрлері (ынталандырушы, ҧйымдастырушы, 
тҥсіндірмелі, кӛрнекі-әрекеттік, нақты).  
Кӛмек  дегеніміз  –  іс-әрекетке  ынталандыру  (ойлан, 
орындауға  тырыс,  қолыңнан  келеді);  әрекеттің  мәнін  ҧғындыру 
(мысалы, классификация жасауда: мҧнда тек сары тҥсті, ал мҧнда 
тек  қызыл  тҥстерді  жинаймыз);  тапсырманы  орындау  жолын 
тҥсіндіруде,  кӛрнекілікті  пайдалану  (экспериментатор  баланың 
алдына,  қажетті  конструкцияға  керек  бӛлшектерді  қойып, 
қҧрастыруды  кӛрсетеді,  ал  бала  оны  жалғастырады);  ҥлгіні 
кӛрсету (нақты кӛмек) – бала кӛрсетілген ҥлгі бойынша, қайтадан 
ӛзі  орындайды  (мысалы,  экспериментатор  кеспе  суреттің 
бӛліктерін  қҧрастырып,  суретті  кӛрсетеді,  баладан  ӛзі 
қҧрастыруын сҧрайды).  
Оқыту экспериментінің 4 кезеңін ажыратады: 
1. Баланы эксперимент ситуациясына енгізу.  
2. Тапсырманың мазмҧнын тҥсіндіру, нҧсқау беру.  
3.  Тапсырманың  орындалу  барысында,  баланың  әркетін 
бақылау және кӛмек беру. 
4. Бала әрекетінің нәтижесін бағалау. 
Бағалауда  баланың  тапсырманың  мазмҧнын  тҥсіну  деңгейі, 
нҧсқауды  тҥсінуі,  тапсырманы  қабылдауы,  ӛз  бетімен 


 
104 
әрекеттенуі,  қатесін  тҥзетуі,  ҥйрену  мҥмкіндігі  және  тапсырма 
нәтижесін ӛзгертетін факторлар есепке алынады.   
Психологиялық  зерттеу  барысында,  баланың  сырт  келбеті 
кӛп 
нәрсені 
білдіртеді: 
жҥріс-тҧрысы, 
қимыл-қозғалыс 
координациясы,  кӛзқарасы,  бет  қимылы  т.б.  Интеллектуалды 
кемістігінде, кейбір тілдік бҧзылу кезінде (ринололия, дизартрия), 
кҥрделі 
кемістіктерде, 
баланың 
сырт 
келбеті 
ӛзінің 
жағымсыздығымен  бірден  кӛзге  тҥседі.  Бҧл  амимикалық,  маска 
тәріздес бет әлпеті, сілекейдің бӛлінуі, кӛзқарастың тҧрақтамауы, 
бас пішінінің дҧрыс болмауы, еріндегі жырық т.б.   
Бақылау  кезінде,  баланың  тілдік  қарым-қатынасқа  тҥсу 
мҥмкіндігі  мен  жылдам  тіл  табыса  алатындығын  байқауға 
болады.  Сонымен  бірге,  тілдік-қарым-қатынас  жасауға  кедергі 
болатын  факторлар  ескеріледі  (сӛйлеудің  жетілмеуі,  таныс  емес 
орта,  есту  қабілетінің  бҧзылуы).  Мысалы,  интеллектуалды 
кемістігі бар балалар тез тіл табысқыш, сӛзшең келеді, сенсорлы 
алалиясы  бар  балалар,  сӛйлеуде  белсенділік  танытады,  бірақ, 
басқа  адамдардың  оларды  тҥсінбеуі  себепті,  теріс  эмоционалды 
реакциясы жиі байқалады.   

жүктеу 1,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   188




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау