108
7.1
. Ақыл-ойы кем балалардың іс-әрекет ерекшеліктері
Ақыл-ойдың кем жағдайында жалпы психикалық жетілмеу,
іс-әрекеттің мақсатының, тҥрткісі мен орындалу жолдарының
сапасын нашарлатады. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары ӛз
мақсаттарына сәйкес әрекет ете алмайды. Айталық, кҥрделі
тапсырманы орындау барысында, оның шартын толық ҧғынып
алмайды, орындаудың жалпы жоспарын қҧрмайды. Балалар
берілген нҧсқаудағы талаптар мен шарттарды ескерместен,
бірден орындауға кіріседі.
Жалпы алғанда, бҧл балалардың іс-әрекеттерінің мақсатты
жағы бҧзылады, сондықтан, тапсырманы орындауда дҧрыс бағдар
жасай алмайды, қате немесе жартылай тҥрде орындайды,
кезіккен қиындықтарға адекватты қарай алмайды, алынған
нәтижені сын кӛзбен бағалауға дәрменсіз: оқушылар тапсырманы
орындауға алдын-ала нҧсқау алмастан, талдаусыз, жоспарсыз
және нәтижеге жету жолында таңдап алынатын әдіс-тәсілдерсіз,
қҧралдарсыз–ақ, бірден кірісе бастайды.
Іс-әрекет барысында, оны орындау тәсілдерінің қате
болатынына кӛздері жетсе де, олар ешнәрсені ӛзгертуге
тырыспайды, жаңа тәсілдерін іздестірмейді. Тағы бір ерекшелік,
балалар ӛткен тапсырманы орындау барысында алған
тәжірибелерін, келесі тапсырманы орындауда, бҧлжытпай
пайдалануға бейім.
Тапсырма орындау барысында кездескен қиындықтардан,
балалар тез бас тартады, ӛзіне таныс, жеңілдеу тапсырмаларды
орындаудағы тәсілдерін қолдануға тырысады, сӛйтіп, ӛздерінің ой
еңбегін жеңілдетеді. Бірақ, оқушылар ӛз жҧмыстарының
нәтижелерін бағалауға қҧлықсыз.
«Бастауыш сыныптарда оқитын ақыл-ойы кем балалардың
іс-әрекеті оларды қоршаған ситуацияларға тәуелді. Кӛп жағдайда,
балалар импульсивтілік танытады, ӛз мінез-қҧлықтары мен
тәртіптерін бақылай алмайды. Олардың қандай да бір іс-әрекеттер
жасау ынтасының аз мерзімді екендігі туралы деректермен қатар,
кейде аффективті, санадан тыс тҥрткімен орындалатын іс-
әрекеттері кейде ҧзағырақ, мерзімге созылатыны белгілі болған.
Баланың дҧрыс тәрбиесі мен оқуы, тҧрақты ынта мен тҥрткінің
орнығуымен, яғни мақсатқа сай жҥзеге асады.
109
Жоғары сынып оқушыларының іс-әрекет тҥрткілері, әсіресе,
практикалық негіздегі іс-әрекеттердің тҥрткілері, едәуір тҧрақты
болып саналады.
Ақыл-ойы кем балаларға тән белгі – ол тапсырманың шарты
кҥрделенген сайын, оны дҧрыс орындау деңгейінің тӛмендей
бастауы, бҧл олардың ой еңбегіне қабілеттерінің деңгейімен
тҥсіндіріледі. Ой еңбегі адам әрекетінің ең кҥрделісі болып
табылады, ол белгілі бір уақыт мерзімінде орындалған жҧмыстың
санымен және сапасымен ӛлшенеді. Оның негізгі кӛрсеткіштері,
жҧмыстың қарқыны (жауап қайтарудың латентті кезеңдерінің
ҧзақтығы немесе реакция жасау жылдамдығы) және жҧмыстың
сапасы (жіберілген қателер саны) болып саналады.
Ақыл-ойы
кем
балалардың
психикалық
ҥдерістері,
ебедейсіздікпен сипатталады, ал бҧл ой әрекеті тәсілдерінің қайта
қҧрылуын қиындатады.
Интеллектісі тӛмен балалардың жҧмыс істеу қабілетінің
нашарлауының себептерін қарастыра отырып, зерттеушілер
олардың кӛңіл бӛлетін кедергілер болған жағдайда, кәдімгі
реакция жасау жылдамдығының тӛмендеп кететінін анықтаған.
Таңдау реакциясы басты болып есептеледі, мысалы, объектінің
тҥсі немесе шамасы сияқты, бір белгі бойынша реакция жасау.
Бҧл жҥзеге асып жатқан ҥдерістердің баяулығын, басқа
ерекшеліктерін кӛрсетеді»
1
.
«Бала онтогенезінде, яғни балалық шағында, әр жас кезеңіне
сәйкес, жетекші іс-әрекет тҥрлерінің дер кезінде, дҧрыс
қалыптасуы, орасан зор маңызға ие, себебі, олардың
әрқайсысының ішінде, басқа бір іс-әрекеттердің пайда болуы,
саралануы, дайындығы жҥзеге асады. Жетекші іс-әрекет, баланың
әлеуметтік және психикалық дамуында елеулі орын алады,
сондықтан оның жасқа сай қалыптасуы, баланың қалыпты дамуға
сай екендігінің немесе керісінше, ауытқуы болатынынын басты
кӛрсеткіші болып табылады.
-----------------------
1
Специальная психология / Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.:Изд. центр
«Академия», 2005- С.72-75.
110
Психикалық дамуы жалпы жетілмеген балаларда, жетекші іс-
әрекеттердің барлық тҥрлерінің кеш пайда болуы мен кеш
орнығуы бҧған дәлел. Сонымен қоса, олардың іс-әрекет
тҥрлерінің сапалық және қҧрылымдық жақтары, қалыпты дамып
келе жатқан қҧрбыларымен салыстырғанда, едәуір нашар
болатыны белгілі»
1
.
Ақыл-ойы кем баланың ӛмірінің алғашқы жылында–ақ, осы
жасқа сай жетекші іс-әрекет тҥрінің қалыптасуында, яғни сәбидің
тікелей эмоционалды қарым-қатынасында, орта немесе ауыр
дәрежедегі
бҧзылуы
кӛзге
тҥседі:
ересек
адамдарға
қызығушылығы жоқ немесе тез жойылады, осы кезеңде
коммуникативті қҧралдары (жымиюы, дыбыстық реакциялары,
қимыл-қозғалыс реакциялары) ӛте жҧпыны немесе мҥлде жоқ.
Жетекші іс-әрекеттің толық, жан-жақты жетілуі дамудың келесі
кезеңіне бастайтынын ескерсек, ақыл-ойы кем баланың барлық
жетекші іс-әрекеттерінің динамикасы мен сапасы, олардың жасқа
сай даму қалпынан артта қалатынына айғақ болады. Ең
қарапайым заттық-манипуляциялық, практикалық іс-әрекет,
мектеп жасына дейінгі балалардың ең жылдам меңгеретін ісі. Осы
іс-әрекет тҥрі ынтаны туғызады, балаға тҥрткі болады. Ӛкінішке
орай, ақыл-ойы кем балалардың бҧл, іс-әрекет тҥрі, айтарлықтай
қиындықтар тудырады, ӛзіне-ӛз қызмет ету элементтері дҧрыс
орындалмайды.
Ақыл-ойы кем балалардың балалық кезеңінің ӛзінде, қарапайым
тҧрмыстық дағдыларды толық игеруіне кедергі жасайтын,
моторика дамуындағы ауытқулар болады. Балалар алдында ілулі
тҧрған ойыншыққа қолын созуды, отыруды, тҧруды, қозғалып
жҥруді едәуір кеш меңгереді. Қимыл-қозғалыс саласының баяу
дамуы, баланың қоршаған ортамен танысу мҥмкіндігін
тӛмендетеді. Бҧл балалардың қимыл-қозғалыстары ебедейсіз,
икемсіз, координациялары нашар, тым шапшаң немесе
импульсивті болып келеді. Сәбилік жастан есейген соң, кӛпке
дейін ыдыс-аяқты дҧрыс пайдалана алмайды, тамақты тӛгіп,
шашып, ҥстін немесе айналасын ластайды.
------------------------
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. —
С.105.
111
Мектеп жасына дейін, мақсатты, ҧзақ уақыттық дамыту
жҧмыстарына қатыспаған кӛптеген ақыл-ойы кем балалар,
ӛздігінен киініп-шешіне алмайды, ӛз заттарына ие болмайды,
жинастыра білмейді. Әсіресе, тҥймелену мен бәтеңкенің бауын
байлау қиынға соғады. Бҧл дағдыларға балаларды арнайы
балабақшаларда ҥйретеді.
Қимыл-қозғалыстағы икемсіздік, жҥгіруде, секіруде, басқа
практикалық іс-әрекеттерде айқын кӛзге тҥседі. Мысалы,
жҥргенде, аяғын сҥйретіп басады, секіруге біртіндеп барып
ҥйренеді т.б. Жалпы моториканың нашар дамуы, барлық іс-әрекет
тҥрлерінде бар: суреттерінің сҧлбасы анық емес, сызықтары
қисық.т.б.
Кез келген іс-әрекет тҥрлерін дамытуда, балаға жағымды
эмоционалды жағдай жасаған жӛн, жаттығулардың жҥйелілігі
мен мерзімді қайталануы нәтижеге қол жеткізеді.
Қалыпты дамып келе жатқан балалар ҥшін мектепке дейінгі
жастағы жетекші іс-әрекет –
ойын.
Ал ақыл-ойы кем балалар
ҥшін, ойын мҧндай маңызды рӛлді атқара алмайды. Ойынның
ішінде, әсіресе сюжетті–рӛлдік ойындар, баланы дамытушы
маңызға ие. Ақыл-ойы кем балалар болса, ойынның бҧл тҥрін
ӛздігінен меңгере алмайды, егер арнайы ҥйретпесе, олар
ойыншықпен манипуляция жасау сияқты, қарапайым сатыда
қалып қояды. Тек мектеп алды жаста ғана, тәрбиешінің кӛп
еңбектенуінің
нәтижесінде
сюжетті-рӛлдік
ойындардың
элементтері қалыптаса бастайды.
Ақыл-ойы кем балалардың ойындарына тән белгі – ол
шынайы ӛмірді сипаттайтын, нақты мазмҧнның болмауы.
Мысалы, ҧл бала машинаны бӛлменің бір шетінен екінші шетіне
дейін, бостан-босқа сҥйретіп жҥреді, машина болып, гҥжілдеген
дыбыс шығарады, бірақ әрекетінде мазмҧн жоқ, машинамен бір
жерге бару, бірнәрсе тасу, біреуді мінгізіп алу тәрізді ой
болмайды, әрекеті стереотипті сипатқа ие болады. Сирек
жағдайда, балалар 2-3 болып бірігіп ойнайды, бірақ жылдам
жалығады, ӛзара керісе бастайды, ойыншыққа таласады. Егер
ақыл-ойы кем бала, сау баламен ойнайтын болса, онда тек
бағынышты рӛлді атқарады, тіпті ӛзінің жасы, сау баладан 1-2
жас ҥлкен болса да, соның айтқанын орындайды. Айталық,
балалар қарапайым сюжеттік ойын ҧйымдастыратын болса, бҧл
112
бала кӛмекшінің қызметін атқарады – бір нәрсені әкеледі,
апарады, ҧстап тҧрады т.б.
Нәтижелі
іс-әрекет
тҥрлерінен
ең
кӛп
зерттеліп-
қарастырылғаны – ақыл-ойы кем балалардың сурет салу әрекеті.
Ақыл-ойы кем балалардың сурет салу әрекеттері, ӛзіндік
ерекшеліктермен қалыптасады. Олардың суреттерін ӛзіндік
белгілеріне қарай, диагностикалық мақсатта пайдалануға болады.
Балабақшада немесе ҥйде арнайы ҥйренбеген балалар, кӛпке
дейін тек шимайлаумен айналысады, тек мектеп алды жасына
жеткенде ғана, сюжетті суреттер салуға кӛшеді. Бҧл суреттерде
кӛру арқылы қабылдау кемшілігі, ойлау мен есте сақтау
қабілеттерінің тӛмен деңгейі, қол моториасының жетілмеуі
айқын байқалады. Балалар адамды қҧс тәрізді етіп, басы мен
аяғын ғана бейнелейді, кейде адамдардың 4 аяғы болады,
ҥйлердің іші «кӛрініп тҧрады», әйтсе де, бала ӛз жҧмыстарына
эмоциямен қарайды, жоғары бағалайды, басқаларға мақтанышпен
кӛрсетеді.
Егер балаларды балабақшаларда сурет салуға арнайы
ҥйретсе, мҥлдем басқа нәтижеге қол жеткізуге болады, демек,
ерте жастан коррекциялық жҧмыс жҥргізу, балалардың әлеуетті
мҥмкіндіктерін ашуға болады.
Мектеп алды жасқа жеткенде, ақыл-ойы кем балаларда,
мектепте оқуға психологиялық дайындық қалыптаспайды, яғни
Достарыңызбен бөлісу: |