Экономикалық өсудің экстенсивті типі өндіріс масштабын
кеңейтуге негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің
технологиясын өзгертпей өндіріске тартылатын факторлардың санын
арттыру есебінен орындалады. Экономикалық өсудің экстенсивті
факторлары қолданылатын өндірістік ресурстардың көлемін арттыру
есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды.
240
Оларға мынадай факторлар жатады: жұмысшылар санын арттыру,
капитал салымдарын көбейту, тұтынылатын шикізат көлемін арттыру,
т.б.