Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов


Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері



жүктеу 2,49 Mb.
Pdf просмотр
бет404/610
Дата04.01.2022
өлшемі2,49 Mb.
#36085
түріОқулық
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   610
Экономикалык теория

12.2. Экономикалық өсу: түсінігі, түрлері, 
факторлары, негізгі үлгілері
Жалпы ұлттық (ішкі) өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке 
табыс сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер экономикалық 
өсудің нәтижесінде орын алады. 
Экономикалық өсу
 – бұл ұлттық шаруашылықтың адамдардың 
қажетті-ліктерін қанағаттандыратын өнімдерді өндіру қабілеттілігі 
мен мүмкіндігінің ұлғаюы. Қазіргі уақытта, экономикалық өсудің 
шешуші факторы болып инвестициялар табылады. 
Экономикалық өсу негізгі екі әдіспен өлшенеді:
1) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт 
аралығында өсуі;
2) Нақты жалпы ұлттық (ішкі) өнім көрсеткішінің белгілі бір уақыт 
аралығында жан басына шаққандағы өсуі.
Экономикалық  өсу  әдетте,  пайызбен  жылдық  өсу  қарқынымен 
өлшенеді. Мысалы, егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 
млрд. долларды және осы жылы 210 млрд. долларды құраса, онда 
жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны 210 – 200 / 200 × 100% = 5% тең 
болады:
Экономикалық өсу қоғамның өркендеуінің аса маңызды мақсаты 
болып табылады, өйткені сол арқылы экономикалық және әлеуметтік 
жетістіктерге жетуге болады. Экономикалық өсудің өлшемі ретінде 
қосылған құнды көбейту, өндірісті кеңейту, ғылым мен мәдениетті 
дамыту  сияқты  көрсеткіштер  саналады.  Экономикалық  өсу 
арқылы қоғамның даму болашағын болжауға болады. Бұдан басқа, 
экономикалық  өсу  ресурстардың  шектеулілігі  мәселесін  шешуге 
жағдайлар жасайды.
Әлеуметтік жағынан дамудың ең жоғары өлшемі болып адамның 
тұлға ретінде дамуы, оның материалдық және рухани қажеттіліктері-
нің қанағаттан-дырылуы табылады. Өскелең экономика қоғамның 
жаңаша  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алу  мүмкіндігіне  және 


239
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алуға мүмкіндік табады. 
Қазіргі өскелең экономика бір уақытта қоршаған ортаның ластануы-
мен  күресу  бойынша  жаңа  бағдарламаларды  қабылдап  қоғамдық 
игіліктер өндірісінің қысқаруына жол бермеуге тырысады. 
Жалпы алғанда, экономикалық өсу әлемнің барлық елдерінің ортақ 
мақсаты, елдің экономикалық қуатының көрсеткіші болып табылады. 
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін 
еңбек, капитал және жер сияқты негізгі үш фактор қажет. Нәтижесінде 
жиынтық  өнім  сол  еңбекті,  капиталды  және  табиғи  ресурстарды 
қолданудың функциясы болып табылады. Сәйкесінше, жиынтық өнім 
көлемі өндірістің осы әрбір факторына тәуелді болып табылады. Бұл 
кезде өндіріс көлемі өндіріс факторларының жұмсалуына қарағанда 
үлкен дәрежеде өсуі мүмкін. Оған әсер ететін бірден бір фактор – 
ғылыми-техникалық прогресс.
Өндіріс  факторлары  шығындарының  өсуіне  және  ғылыми-
техникалық прогресс қарқынына жиынтық өнімнің өсу тәуелділігін 
төмендегі өндірістік функция сипаттайды:

жүктеу 2,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   610




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау