Ашық жазықтықтарды
ажарлау үшін
жазық ажарлағыш
білдектерді пайдаланды. Бір жазық ажарлағыш білдектерде, мысалы
магнитті үстелде
1
орналасқан дайындаманы
2
қажақты
шарықтастың қапталымен
3
ажарласа (1.56,
а
сурет), екіншілерінде
- шарықтастың шетімен
3
(1.56,
б
сурет). Кейбір білдектердің
үстелдері
1 -
бұрыштық жылдамдықпен
ω
айналып тұрған, дөңгелек
(1.56,
в
сурет), оларға бірнеше дайындамаларды
2
бір уақытта
орнатады, олар қайтымды ілгерілеме
қозғалыс
S
тік
.
жасап тұрған,
қажақты шарықтастың 3 шетімен өңдейді. Кейбір білдектерде,
(1.56,
г
сурет) үстелдері
1
тік бұрышты, түзу сызықты қайтпалы-
ілгерілмелі
S
тік
.
қозғалысымен. Дайындамалар
2
арнайы құрылғыға
немесе магнитті үстелге
1
бекітіледі. Магнитті үстел жұқа
бөлшектердің жазықтықарын екі жақты ажарлау үшін ыңғайлы.
Жазықтықтарды шарықтастың дөңгегімен ажарлаған өнімділеу,
бірақ, шарықтастың шетімен ажарлауға қарағанда аз дәлдікті
береді. Қаралтым ажарлаудың дәлдігі 10-шы, 11-ші квалитетке, ал
83
1.56-сурет. Ашық жазықтықтарды ажарлау:
а -
шарықтастың дөңгегімен;
б -
шарықтастың шетімен;
в -
бірнеше
дайындамаларды шарықтастың шетімен
;
г
-
бірнеше дайындамаларды
қажақты шарықтастың шетімен тік бұрышты үстелде.
тазалап ажарлауда - 8-9-шы квалитетке тең. 9-қосымшада
жазықтықтарды ажарлауға ұсынылған әдіптердің өлшемдері
көрсетілген.
Жазықтықтарды ажарлауды
жазықтықтарды ажарлау немесе
сүргілеуден кейін тазалау амалы ретінде, жоғары дәлдікке жету
және өңделетін беттің бұдырлығының класына жету үшін, және де
шыңдалған болаттан дайындамалардың беттерін соңғы өңдеу үшін
пайдаланады. Көп жағдайларда, жазықтықтық ажарлау фрезерлеуге
қарағанда үнемділеу болуы мүмкін, әсіресе қатты металдарды,
қатты қабықтың немесе өңдеуге кішкене әдіп болған кездегі өңдеу
кездерінде.
Жазықтықтарды созу
ажарлау немесе сүргілеуге қарағанда,
өнімдірек және өңдеудің дәлірек әдісі. Өңдеуге үлкен әдіп болған
кезде (2...6 мм), созу қаралтым және таза фрезерлеуді алмастыра
алады, сонымен қатар, ажарлау жазық беттің
(Ra
1,25...2,5 мкм)
бұдырлығының жоғары класын қамтамасыз етеді.
Кесілген контурды
созу
ажарлау немесе сүргілеуге қарағанда,
бір уақытта өңделетін беттің жоғары дәлдігіне және бұдырлығының
жоғары класына жетуін қамтамасыз еткен кезде, өнімдірек әдіс
болып табылады.
Жазық беттерді барлық енімен созады, сондықтан созу тісі,
созылатын бетке қарағанда бірнеше кең болады.
Жазықтықтарды
созу схемасы тесіктерді созу схемасымен бірдей. Созуды бір
уақытта бірнеше созу тістерімен, металдың барлық әдібі созудың
бір жұмысшы жүрісмен түсетіндей етіп орындайды, бұл кезде әдіп
созбаның барлық тістерінің арасымен біркелкі таралу қажет. Бұл аз
машина уақытында жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.
Өңделмеген беттер мен шыңдалғандарды кәдімгі жазық
созбамен созу кезінде, олардың кесуші жиектері тез мұқалады және
бояуы кетеді. Бұл жағдайларда кесетін жиектері созбаның
қозғалысының бағытына қатысты еңкейіп орналасқан созбаны
пайдаланады, металды өңделетін беттің барлық енімен емес,
жіңішке қиықтармен кеседі, бір уақытта бір тіске 0
,4...0,8 мм
жоңқаларды алады, ал калибрлеуші тістер, яғни үдемелі кесу
созбаларымен өңделетін беттің барлық енін
тазалайды.
Сыртқы созу кезінде әдіптің шамасы, созып өңдеу өңделмеген
бетпен ба (құю, шыңдау) немесе алдын ала өңделген бетпен
(фрезерлеу, сүргілеу) жүргізілгеніне байланысты болады. Бірінші
жағдайда, бір жаққа әдіп 2-ден 6 мм-ге дейін, ал екіншісінде - 0,25-
тен 1 мм-ге дейін алынады. Сыртқы созу кезінде
беттің бұдырлығы
Ra
2,5...0,63 мкм сәйкес келеді. Кейбір жағдайларда,
Ra
0,63 мкм
және
Ra
0,32 мкм сәйкес беттің бұдырлығы болуы мүмкін.
84
Созу кезінде өңделетін беттің дәлдігі мен бұдырлығы негізінен
кесу процесіне
серпімді өзгерудің
өте аз әсер етуімен, жоңқаның аз
қалыңдығы және кесудің төмен жылдамдықтарымен түсіндіріледі.
Өңдеудің бұл түрін таңдаған кезде созу жұмыстарының өздік құны
көп деңгейде созбаларды дайындау мен қайрауға, созу құрылғысын
алуға шығындардың өлшеміне сәйкес келетінін ескеру қажет.
Созу бір біріне жанасқан бірнеше жазық беттердің сәйкестенуін
алу үшін кеңінен пайдаланылады. Мұндай созудың сипаттық
мысалы дайындамада
1
шпондық оймаларды М алу (1.57-сурет)
болып табылады. Дайындама
1
өзінің тесігімен адаптерге
2
киіледі.
Созба ойманың
3
бойымен кесу жылдамдығымен
v
кес.
жылжиды.
Созбаның К әрбір тісі металдың жұқа қабатын алады. Адаптер
дайындамадан төрткілдеш созбаны
3
қысуына қарсы болады.
Жазық беттерді өңдеу үшін созбаларды тұтастай 500 мм-ге дейін
ұзындықта дайындайды, ал үлкен ұзындықта (2000 мм дейін)
оларды құрамдас түрінде орындайды. Бұл жағдайларда созбаның
құрамдас бөліктерін өзара қосады және созу білдектің ұзын қатты
үстеліне бекітеді.
Әрлеу үшін қажақтарды пайдалану арқылы өңдеуді -
Достарыңызбен бөлісу: