[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет20/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

Қансейіт  Әбдезұлының
  тәуелсіздік 
жылдары  жарияланған  еңбектері  де  қазақтың  көркем 
сөзінің  шын  шебері  Тәкен  Әлімқұловтың  даралық 
қолтаңбасы,  қаламгерлік  ізденістері  мен  жетістіктері 
жайлы жүйелі түрде ізденіп, табанды да адал зерттеушісі 
болып  жүргендігін  айқындайды.  Және  жазушының  жеке 
шығармашылығы 
өткен 
ғасырдың 
60-80-ші 
жылдарындағы  қазақ  әдебиетінің  тарихын  жаңаша 
пайымдауға 
мүмкіндік 
береді. 
Сөз 
зергерінің 
шығармаларындағы кейіпкерлердің ұлттық болмысы, ішкі 
жан 
әлемі, 
көркемдік 
ерекшеліктері 
Қансейіт 
Әбдезұлының “Кейіпкер және тартыс”(1995), “Ел мен жер 
тағдыры” (2000),”Т.Әлімқұлов шығармашылығы және  60-
80–жылдардағы  қазақ  прозасы”(2001),  “Әдебиет  және 
өнер”(2002), 
“Жазушы 
және 
заман 
шындығы” 
(2003),”Тарих  және  тағдыр”(2004),  “Қазақ  прозасы  және 
ұлттық  идея”  (2005)  атты  зерттеулерінің  ең  өзекті 
мәселелері  болып  табылады.    Мысалы,  ”Әдебиет  және 
өнер”  атты  зерттеуінде  ғалым    Тәкен  Әлімқұловтың 
шығармашылығын  әр  түрлі  қырынан  алып  қарастырады. 
“Дәстүр  және  әдеби  процесс”  және  “Дәстүрлі  күй  өнері 
және суреткерлік тұрғы”деген тарауларда екі роман, жеті 
повесть,  алпысқа  жуық  әңгіме  жазған  Т.Әлімқұловтың 
туындыларына  ортақ  тақырып  болған  күй  мен  күйшілік 
өнер, олардың қандай дәстүрден тамыр алып жатқандығы 
жөнінде  ой  толғаса,  “Ақындық  өмір  және  жазушының 
                                                                                                                       
эстетикалық  нысанасы”,  “Дәстүрлі  мәдениет  және 
жазушы  шеберлігі”,”Заман  шындығы  және  көркемдік 
шешім”  атты  тараушаларда  суреткердің  өмір  мен  өнер 
жолындағы  өзіндік  қолтаңбалары  мен  шынайы  кәсіби 
шеберлікке  жету  жолындағы  ізденістері  нақты  көркем 
мәтінді талдау арқылы зерттеледі. “Т.Әлімқұлов қаламгер, 
жазушы  ретінде  ең  алдымен  М.Әуезов  дәстүріне,  оның 
ұлттық мәдениеттің алтын қорына қосылған, қайталанбас 
құнарлы 
көркемдік 
мұрасына 
табан 
тіреді.Осы 
суреткерлік дәстүрден,көркемдік тәжірибеден нәр алды.”,-
дей  келе:  “Күйшілік  өнер  мен  ақындық  өнер,тұлпарлар 
тағдыры 
тақырыбын 
арқау 
еткен 
шығармаларда 
Т.Әлімқұловтың тілдік-стильдік ізденістері айрықша көзге 
түседі”  деп  қаламгердің  суреткерлік  шеберлігіне  жоғары 
баға береді. 
Жазушының  идеялық  -  концептуалдық,  баяндау 
жүйесіндегі  өзіндік  өрнекті  өзгеше  өре  мен  биік 
талғаммен 
таныта 
білген 
зерттеушінің 
Тәкен 
туындыларын  табанды  түрде  зерделеуі  сөз  өнерінің 
құпияларын  “қойма  ақтарғандай”  зерттеп,  етене  және 
егжей-тегжейлі детальды түрде талдауынан танылады. 
Қазақ  елінің  тәуелсіздік  жолындағы  күреске  толы 
күрделі тарихының елеулі белестеріне көркем әдебиеттегі 
тарихи  тұлғалардың  өмірлік  және  шығармашылық 
тағдыры  арқылы  ой  жүгірткен  зерттеуші  “Тарих  және 
тағдыр”атты  еңбегінде  І.Есенберлиннің  “Көшпенділер” 
трилогиясы,  Д.Әбілевтің  “Ақын  арманы”,  “Арман 


[Введите текст] 
 
 
152 
                                                                                                                       
асуында”,”Баянауыл 
баурайында”, 
Ә.Әлімжановтың 
“Махамбеттің 
жебесі”, 
”Ұстаздың 
оралуы 
“,Ә.Кекілбаевтың  “Аңыздың  ақыры”,  Ш.Мұртазаның 
“Жұлдызды  көпір”,”Тамыұқ”,  ”Қылкөпір”,  С.Жүнісовтің 
“Ақан 
сері”, 
Т.Әлімқұловтың 
“Сейтек 
сарыны”,           
”Көк  қаршыға”,”С.Бақбергеновтің“  Қайран  шешем” 
,,І.Жақановтың      “Ықылас”,  М.  Мәжитовтің  “Барлыбай 
түбіндегі 
ән”, 
Ж.Тұрлыбаевтың 
“Тамыз 
таңы”, 
”Райымбек”  т.б  сынды  шығармалардағы  тарихи  тұлғалар 
тарихы  мен  көркемдік  шындық  арасындағы  сабақтастық 
жайлы  сыр  тартады.  Зерттеушінің  өз  сөзімен  айтсақ, 
”Түйіндей  айтқанда,  оқырман  назарына  ұсынылып 
отырған  еңбекте  қазақ  прозасының  соңғы  жарты  ғасыр 
аумағында жарық көрген туындыларындағы тарихи кезең 
шындығы  мен  осы  кезеңде  өмір  кешкен  тарихи  тұлғалар 
тағдырының  әдебиетімізде  көріну  деңгейі,осы  мақсатты 
жүзеге  асыруда  қазақ  қаламгерлерінің  қол  жеткізе  алған 
көркемдік  жетістіктері  жан-жақты,талдау  арнасында 
қарастырылады”. 
 Зар  заман  тақырыбы  рухани  тәуелсіздікке  зәру 
елдердің  қай  кездегі  де  тақырыбы.  Ұлттық  әдебиеттану 
ғылымында  “зар  заман  “деген  терминді  енгізіп,сол 
жайында  алғаш  ғылыми  ой  толғаған  Мұхтар  Әуезовтің 
теориялық тұжырымдары зерттеуші 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау