[Введите текст]



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет16/36
Дата03.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#35482
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Пралиева Гульзия окулык

 
 Ғалым 
Дандай 
Ысқақұлының 
«Әдебиет 
алыптары»
  деген  еңбегіне  (Астана:”Фолиант”.  2004-304 
б)  қазақ  әдебиетінің  өзекті  мәселелерін  қарастыратын 
мақалалары  еніп  отыр.  Мұнда  ХІХ  ғасырда  өмір  сүріп, 
әдебиет  әлемінде  өзіндік  ерекшеліктерімен  көрінген 
әдебиет  алыптарының  өмірі  мен  шығармашылықтары 
жаңаша  көзқарас  тұрғысынан  талданады.  Бұрындары 
белгісіз  болып  келген  М.Ж.Көпеев,  А.Байтұрсынов,             
                                                                                                                       
М.Жұмабаев, 
С. 
Торайғыров, 
Ж.Аймауытов 
т.б 
шығармашылықтары  жан-жақты зерттеледі. Монография 
жеке  тұлғалардың  шығармашылық  портреті  сияқты 
болғанымен  олардың  барлық  жанрлық  түрлердегі  әдеби 
мұралары,  олардың  көркемдік,  шеберлік  ерекшеліктері 
мен  түрлік,  тілдік,  стильдік  құбылыстарының  құпия 
сырлары  қазақ  әдебиеті  тарихын  жаңаша  таныту 
тұрғысынан ашылады.    
“Қазақ 
елі, 
бір 
ауыз 
сөзім 
саған!” 
атты 
монографиялық  зерттеуінде/Алматы.ҚАЗақпарат,  2004-
148  б/  қазақ  поэзиясының  падишасы  атанған  Мағжан 
Жұмабаевтың 
шығармашылығы, 
лирикалық 
өлеңдері,поэмалары,  әдеби-эстетикалық  танымы,  ұлттық 
тіл,ұлттық тәрбие жайлы ой-пікірлері, бір сөзбен айтқанда 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті  тарихы  жаңаша 
пайымдаулар  арқылы  бағаланып,  жан-жақты  сөз 
болады.”Күңіреніп  ойлағанда  алаш  жайын”,”Мағжанның 
әдеби-танымдық  эстетикасы”,  ”Ұлтқа  тілінен  қымбат 
нәрсе  жоқ”,  ”Тағдырдың  тәлкегі  ”  т.б  деген  тарауларда 
ақынның  жүріп  өткен  өмір  белестерінің  қаншалықты 
қиын да қиямет екендігін,соған  қарамай ұлы  тұлға өзінің 
шығармашылық  міндетін  абыроймен  атқарғанын  нақты 
көркем  мәтіндерін  талдай  отырып,  ғылыми  тұжырымдар 
жасаған.  Әсіресе,  ХХ  ғасыр  басындағы  мерзімді 
баспасөздерде  кеңінен  орын  алған  тіл,әдебиет,әдеби 
мұралар  мәселелері  төңірегіндегі  әдеби  сындарға  көп 
тоқтала  отырып,ақынның    өз  ойларын  таратып,талдауға 


[Введите текст] 
 
 
148 
                                                                                                                       
тырысқан.Мәселен,  сол  кездері  Мағжанды  мазалаған 
ойлар:  “Өткен  дәуірдегі  теңіздей  тұңғиық  әдебиетіміздің 
бізге 
бұл 
күнде 
адасқан 
ұшқындары,тентіреген 
тамшылары  ғана  жетіп  отыр.Көбі,көбі  болғанда  ең 
сұлулары  ұмытылған,желдей  ескен  жыраулармен  бірге 
топыраққа 
айналған.Баяғыда 
отыз 
күн,отыз 
түн 
айтылатын  Қобыландылардың  ауызда  адасып,азғантайы 
ғана  қалған.Талай  түндерге  созылған  ертегілердің  басы 
қайрылып,аяғына  жетіп,шоп-шолақ  қалған”  немесе  : 
“Талай 
жүйріктердің 
тұңғиық 
таза 
толғаулары 
араб,парсы,сарт-сауанның 
сөздері 
араласып,балдыр-
батпаққа  айналған..”  бүгінгі  күннің  де  көкейкесті  басты 
мәселесі. 
“Сын  талқы  “  (Алматы.”Сөздік-словарь”  баспасы, 
2005-416  б)  атты  еңбегінде 

жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау