8-апта. 16-сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 17-сабақ
123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары
қандай дəрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.
124-тапсырма. XIX ғасырдың II жартысында қандай ілгері
дамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
125-тапсырма. Берілген мəліметпен толық танысып, мəтінді
мазмұндаңыздар.
XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары
тілінің қалыптаса бастауы
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздары тіліндегі
лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері XVIII ғасырдағы
ресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздары
тілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптаса
бастағандығын көрсетеді.
XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өз
алдына едəуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы
ретінде танылады. Бұл дəуірде патшалық Россияның əкімшілік орындарының
қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа
жүзінде жарияланып отырды. Ресми іс қағаздары XIX ғасырдың II
жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.
Қазақ даласының саяси-əлеуметтік, экономикалық-мəдени өмірінде XIX
ғасырдың II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілі
дамуының жаңа дəуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны əдеби
тілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығының
əкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметі
жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін жəне отаршылдық
саясатты қарқынды түрде жүргізе беру үшін əрбір əкімшілік бөлікте екі тілде
газеттер шығара бастады. Олар: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала
уалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша
өкіметінің жергілікті əкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ
əдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздары
стилін одан əрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның əрі қарай дамуына ықпал
етті.
|