Ескерту.
Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
Леп белгісі, оның қойылатын орындары
Леп белгісі – лепті сөйлемнен кейін қойылатын таңба. Лепті
сөйлем деп адамның көңіл күйін, түрлі сезімін білдіретін сөйлемді
айтамыз.
ЛЕП БЕЛГІСІ
Қойылатын орындары
Лепті
сөйлемдер
ден кейін
Ұран,
үндеу
мәнді
сөйлем
дерден
кейін
Одағай,
қаратпа
сөз
сөйлем
басында
келіп,
көтеріңкі
дауыспен
айтылса
Бұйрық, тілек,
өтініш
мәніндегі
бұйрықты
сөйлемнен
кейін
Ішінде сұраулы
сөйлем жасайтын
элементтері бар,
бірақ ерекше бір
сезіммен
айтылған
сөйлемдерден
кейін
Ма, ме, ба, бе,
па,
пе
шылаулары
бар,
сәлемдескенд
е айтылатын
сөйлемдерден
кейін
Шіркін, дәл
осындай
жігіт болып
өсер ме еді!
(Ш.А.)
Жасас
ын
бірлік,
бейбіт
шілік!
Оны естігенде
Бекболат: – Е,
бәрекелді!..
Япырай!
Түгел
түсіп
пе? – деді.
(Ж.А.)
Төлеген әнтек
қипалақтап
тұрып: – Кәне,
жолдастар!
Тамаққа
жүріңіздер! –
деді. (Ж.А.)
Көзі тостағандай,
терең, тұңғиық,
қандай
тамаша
десеңізші!
(Ш.А.)
–
Сәлеметсіздер
ме! – деді оған
бейтаныс
біреулер.
(Ш.А.)
147-жаттығу.
Леп белгісінің қойылу мәнін түсіндіріңіздер.
І. Қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызынан күмбірлеп
шығатын күй дәл осы лек-лек тасқын шабыс емес пе екен!
(Ш.А.)
–
Үрбие-ау! Бетіңді кішкене жуып жүрсейші! – деп, қазаншы қатынның
алдына бір уыс бауырсақ тастады.
(Ж.А.)
Шалқаңнан жатып алып,
көк аспанның тұңғиық теңізін барлап жатқан деген қандай рақат!
(Ш.А.)
Күлгенде де, ренжігенде де арасы қосылып кететін қалың қара
қасы қандай әдемі!
(С.Ш.)
Қала мен жолда талай күн бірге болған
уақытта бірде-бір сездірсеші!
(М.Ә.)
Сол уақытта Абай үлкен ықылас
білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап: –
Ассалаумағалайкүм!.. – деп сәлем берді.
(М.Ә.)
Үй артындағы қоста
Қартқожа бала оқытып жатыр еді, бір күні Кәрібай қажы: «Бері
94
шығып кетші!» – деді.
(Ж.А.)
Енді бір басып еді, аяқ асты қарауытқан
шұқыр болды, шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл
етті: – Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап.
(Ж.А.)
ІІ. Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға
сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған
баланың әкесіне хабар берсеңші!
(Ж.А.)
«Заула отым, заула! Мазда
отым, мазда! Қорқақ аңдар, тілсіз жаулар! Қаш, маңыма жолама!
Күйдіремін, өртеймін!» – дегендей Ақбілек от тәңірге сүйініп, таң
атқанша маздатып, жаны аман қалды.
(Ж.А.)
Ақбілек қай үйге
барарын білмей, дағдарып келе жатыр еді, дуана: – Анау үйге
барайық! – деп, адырдың бауырындағы үлкен қораны нұсқады.
(Ж.А.)
– Ойбай-ау! Олар қайда? Көргеміз жоқ... – десіп, таңданып, олай да,
бұлай да жүгірісті.
(Ж.А.)
Дос алдында жауап беруден дұшпан
қолында өлген жеңіл емес пе!
(Ш.А.)
– Иә, сүйтіңдер, тізелесіп
отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ қой, – деп, Ақберген де айтты.
(Ж.А.)
«Құлыным-ау!» – деп Қалиша құшағын жайып құшақтай
алғанда-ақ, Шәйза өзіне деген бір сұмдықтың болғанын сезіп еді.
(Ғ.Мүс.)
148-жаттығу.
Сұраулы,
хабарлы
сөйлемдерді
лепті
сөйлемге
айналдырыңыздар, қалай жасағандарыңызды айтыңыздар.
Бұғы ана баурына басып жылытпаса, ертелі-кеш сүтін беріп
асырамаса, бұлардың күні не болар еді?
(Ш.А.)
Жадағай шананың өн
бойын алып теңкиіп жатқан бір алаша бидайды қалай көтермек?
(С.Ш.)
– Басқалар әзір шатасқан жоқ па? – деді Есілбай баласына.
(Ғ.Мүс.)
– Үстінде жабуы бар ма, немене? – деді Қиналған қараңғыда
толық айыра алмай.
(Ғ.Мүс.)
– Сиыры құрысын, өлмесе өрем қапсын,
керек болса ауылнайдың өзі асырап алар, енді ол қораның маңына
барма деп, «әлгіні» үйден шығармай қойдым...
(Ғ.Мүс.)
Бейсенбі,
Әбділда Жігітектің малды, әлді ауылдарынан атқамінер атаулыны
жинап алып ақылдасты.
(М.Ә.)
Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ
жота үнсіз де момын тыныштықта.
(М.Ә.)
Мағаш ақырын ғана
жымиды да: – Әбіш аға, оныңыз рас қой. Зорлау жоқ, апамдікі өтініш
емес пе? Ал және осы өтініштің мезгілі жеткен жоқ па еді? – деді.
(М.Ә.)
– Рас, солай бопты. Ал ендеше, істің артына, аяқталуына ғана
қараса, сол Базаралының әрекеті ел көпшілігін өкіндірер іс болған
жоқ па? Осыған сахарадағы кедейлер нендей байлау жасады? Және
дәл осы туралы өзіңіз не қорыттыңыз? – деді.
(М.Ә.)
95
149-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, леп белгісінің қойылу мәнін
түсіндіріңіздер. Оны қабылдаудағы өз тебіреністеріңізді қандай тыныс
белгілерін қою арқылы жеткізер едіңіздер, ойларыңызды білдіріңіздер.
Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қошқыл қара
түк басып, қырарқасы тарақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп
тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы! Жарықтық, қандай салауатты!
Қандай айбатты! Міне, Ащының бойы! Әне, Бөрікөл, Быламбай,
Қарасор. Ана көрінген Мойылды. Ой, шіркіндердің көзі жаудырап,
самаладай болып жарасып тұрғанын-ай!
Анау сары адырдың иығынан түсіп, созылып келе жатқан қалың
көшті қара! Сүйіндіктің көші! Әлде бұл қай ауыл? Көші қалың, малы
шоғыр не қылғанмен көші бай ауыл ғой! Анау Ащының бойын өрлеп,
сыпылдатып бара жатқан құс салушылар-ау! Қаз, үйректі көк
жендетің қырып жүр екен! Әне тастады. Түйді дабылды. Жарқ етті.
Алды білем. Атты қойды ғой. Не деген қыран! Балаларды қара!
Көштің артында қалып, тай, құнанмен жарысып келе жатқанын! Көк
құнан озды! Жоқ, құлалы да жетті, озады-ау енді, озады-ау!
Айдасайшы, шірік ит! Қап! Қарсы алдынан сиыршылар киліккенін
көрдің бе? Жығылады-ау енді. Жоқ, тоқтады. Әне бір сиыршы кейін
қарай шапты. Арбасы қирап қалды-ау! Сиыр ит сүйкенбей жүре ме?
Бәрін бүлдіріп келе жатқан әне бір күйлеген қызыл құнажын екен.
Көп жылқы ана ауылдың шабындысына түскенін көрдің бе?
Байлардың осынысы жаман-ау! Жоқ, жер қорушылар да шапты.
(Ж.Аймауытов «Қартқожа»)
Достарыңызбен бөлісу: |