Ескерту.
Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар.
СӨЙЛЕМ ІШІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
Үтір
Нүктелі үтір
Жақша
Қос нүкте
Тырнақша
Сызықша
Ер өлсе
де, аты
өлмейді.
(мақал)
Әкесінің
баласы
–
адамның
дұшпаны;
Адамның
баласы
–
бауырың.
(Абай)
Хакім
(құлағын
тігіп).
Немене?
Біреу
келе
жатыр ма?
(Ж.А.)
Жалғыз
қалған
кемпірдің неліктен
қалғаны да түсінікті
сияқтанды:
ауру
бала нарттай жанып
жатыр. (Ғ.Мүс.)
Жиылған
ауыл «бәлі»
десіп
Итемгенді
жақтады.
(Ғ.Мүс.)
Ер
азамат
белгісі
–
түзде мырза,
әрі
құл.
(мақал)
Үтір, оның қойылатын орындары
Үтір – ең көп қолданылатын тыныс белгі. Ол сөйлемнің
мағынасына, құрылысына байланысты қойылады.
ҮТІР
Қойылатын орындары
Бірыңғай
сөйлем
мүшелерінің
арасы
Қаратпа,
одағай
сөздерден
кейін
Қыстырма
сөздерден кейін
Оңашаланған
айқындауыш
сөйлемдерден
кейін
Құрмаластағы
жай
сөйлемдердің
аражігінде
Екі
арада Жігіттер,
Мүмкін,
онда Қонақ
үйде, Үй
іші
105
күрес,
сайыс,
жамбы
ату,
теңге
ілу
сияқты
ойындар жүріп
жатты. (Ш.А.)
ойын арзан,
күлкі қымбат.
(Абай)
Момын шал да
дәл
мұндай
көрінгеннің
айдауында
жүрмес
еді.
(Ш.А.)
дөңгелек
үстел
үстінде, қызғылт,
күңгірт
сәулесі
бар
тас
шам
жанып тұр. (М.Ә.)
кедейленген соң,
Қартқожа
апасының
аулында
бала
оқытып тұр еді.
(Ж.А.)
Ескерту.
Бірыңғай мүшелерден кейін келетін тағы басқалары, тағысын
тағылар, тағы сондайлар деген сөздердің толық не қысқарған түрлері келсе,
олардың алдынан үтір қойылмайды:
В.В.Радлов, Н.Ф.Катанов, С.Е.Малов,
Н.А.Баскаков т.б. ғалымдар түркі тілдерін топтауда құнды еңбектер берді.
(К.Аханов)
161-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерге үтір қойып, оны ережемен дәлелдеп
түсіндіріңіздер.
Шабандоздар мінген аттар сапқа сыймай тыпыршып ауыздықты
сүзе тартып тұяқтарымен жер тарпиды.
(Ш.А.)
Бала Қорықтағы
үйлерді сарайды қора-қопсыларды бүгін көргендей күле қарайды.
(Ш.А.)
Мүмкін өстіп жүргенде кім біледі осы жайылымда
пайғамбарға кездесіп қалармын...
(Ш.А.)
Жалыныш-сағыныш па
өкініші мен өтініші ме әйтеуір тебірене қайырды.
(С.Ш.)
Тегі ол жұрт
көңілінің қызығы мен сыйы болып тұрғысы келетін адамдар тобына
жатпайды.
(С.Ш.)
Неге екенін кім білсін оның баласы да менің апама
ұқсап анасын іздеп жүріп от ішінде қалған сияқтанды.
(С.Ш.)
Сонымен біраз томсарып отырып барып қайта қыбырласқанда
Құнанбай ойдағы сөзін бастады.
(М.Ә.)
Тегіс сойыл найза айбалта
шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол.
(М.Ә.)
Бар
түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем қоңыр
алаша қарала текемет көрінеді.
(М.Ә.)
162-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып, үтірдің қойылу себебін
түсіндіріңіздер.
І. Ертеңіне түске тармаса Ұлпанымен Есеней, Есенейімен Ұлпан
келді... Екі үйлі «түрікпен» қыстауының айналасы құлпырып тұр
екен. Қардың суымен тез өсіп шашақтана бастапты. Одан әрі,
жарқырап жатқан көлге дейін, қара топырақты жерге шығатын мың
түрлі асыл шөптер гүл атып, қызылды-жасылды шұбартып жатыр.
Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл, көк гүлдері де қою көрінеді. Әр
жерге топталып өскен тікендер алтындай жарқыраған сары гүлдерін
төгіп тұр. Ауылдың азғана малы көк жазыққа тұяғын да тигізбеген
сияқты. Балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салған
106
қалпында тұр. Қыстаудың өзі де шоқ ағаштың қойнауына салынған
екен. Жазғытұрғы самал жел ақырын-ақырын ескектеп, көк дүниені
тербетіп қояды. Қазақ мұндай жерді көргенде, аунап-аунап алғысы
келеді.
Ұлпан пәуескеден түсе сала, көзін жұмып, мұрнын дала иісіне
тосып, бір-екі кеудесін кере дем алды.
(Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»)
ІІ. Қымыз – халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз
пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен
қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын,
мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Басқа
тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдіс-тәсілдері, салт-
дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп.
Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің
ашымаған сүтін
саумал
дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі-үш
күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр
бойынша ауылдың үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады.
Мұны
қымыз мұрындық
дейді.
Дайындау әдісіне, қасиетіне, сапасына және сақталу уақытына
байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың
әр түрін жылқы жасы атауымен атайды.
Уыз қымыз
– биені алғаш байлап, жаңадан ашытылған қою
қымыз.
Бал қымыз
– жылқының сүр қазысын қосып, әбден бабына
келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою,
дәмді, жұғымды, тұщы болады.
Құнан қымыз
– екі түн сақталған, толық ашыған қымыз.
Дөнен қымыз
– үш түн сақталған, өте күшті қымыз.
Бесті қымыз
– төрт түн сақталып, ашуы әбден жеткен қымыз.
Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды
сары қымыз
дейді. Мұның қуаты күшті әрі емдік қасиеті де
жоғарылай түседі. Қыста қысыр биелерді қолда ұстап сауып, оны
қысырдың қымызы
дейді. Бұл нағыз сапалы, қасиетті дәру сусын деп
бағаланады. Қулық биенің (алғаш құлындаған бие) қымызын
қысырақтың қымызы
дейді. Жас биенің сүті болғандықтан бұл
бірнеше құлындаған биенің қымызынан қуаты да жоғары болады.
107
Бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосылса, оны
түнемел қымыз
дейді.
Қымыздың бапталып, күтілуі де үлкен жұмыс. Ол, негізінен,
жылқы терісінен, емен, арша сияқты ағаштан жасалған ыдыстарға
дайындалады. Теріден жасалған ыдыстың үлкенін
саба,
кішісін
мес,
торсық
деп атайды. Ол арша, тобылғымен, қайың қабығымен жиі-жиі
ысталып, майланып отырады. Сабадағы қымызға жылқының шикі
қазысын салып көп пісілген қымыз қуаты күшейіп, сапасы артады,
ащы дәмі де азая түседі. Көп пісіліп, ащы дәмі кеткен қымызды
өлтірілген қымыз
дейді. Бұл өте жақсы деген ұғымды білдіреді.
Қымыз – әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Дәулетті
адамдар қымызды жазда да, қыста да ішіп отырған. Қымызды піскен,
сапырған сайын хош иісі артып, тәбет ашыла түседі. Қымыз
ыдыстары да бөлек ұсталып, оны
қымыз шара, қымыз аяқ, қымыз
ожау
деп қастерлеп айтады.
Бие ағытылар алдында соңғы қымызды ауыл адамдарын
шақырып, батасын алатын халықтық жақсы дәстүр бар. Мұны
сірге
жияр
деп атайды.
Бұл қымыз елдің шипалы сусыны, азығы ғана емес, мақтанышы
мен салтанаты да болған. Бұрынғы замандарда өткен ас, той, хан
сайлауларында арнайы апаратын сый-сияпат, мырзалықтың да бас
белгісі осы қымыз. Бұған келген мырзалар мен байлардың,
жақсылардың қай дәрежеде келгені осы қымыз бен сойыс
мөлшерімен есептелген. 1860 жылы Ұлытауда Бағаналы Найман
елінің белгілі азаматы Ерден Сандыбайұлына ас берілгенде оған 1000
саба қымыз әкелінген. Сонда әр сабаны шамамен 100-150 литрден
есептегеннің өзінде 150000 литр қымыз құйылған.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
Достарыңызбен бөлісу: |