Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет60/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

Ү 
 
Ахмет  Жұбановты  жүзбе-жүз  көруге  екінші  рет  кетіп  бара 
жатырмын.  Алғашқы  кездесу,  сірә,  естен  кетпес.  Әлі  пәтер  тимеген, 
Алматының  шет-шетінде  кісі  есігінде,  баспана  жалдап  тұрып  жатқан 
кезіміз  еді.  1965  жылдың  жаз  айларында,  бір  білікті  қызметкер 
демалысқа  баратын  болып,  таудағы  дачаларына  бізді  қарауыл  қойып 
кетті. Сөйтсек, бұл екі есігі екі жаққа қараған бірі үш бөлмелі, екіншісі 
бір  бөлмелі  үлкен  ағаш  үй  екен.  Артынан  білдім,  кезінде  жаз 
айларында  Әліби  Жанкелдин  тұрыпты.  Төңірегі  сан  алуан  ағаш  өсіп, 
әбден  бітіп  кеткен,  көлеңкелі,  саялы  рақат  жер.  Алыстан  сарқыраған 
тау өзенінің дауысы естіліп жатады. 
Аяқ  астынан  жұмаққа  кіріп  кеткендей  болдық.  Ол  тұс  жастар 
арасында  пластинка  қойып,  музыка  тыңдау дағдысының ене  бастаған 
кезі.  Қолымыз  босаса,  ойнатқышқа  жабысамыз:  Бетховен,  Россини, 
Чайковский.  Күндіз-түні  ғажап  әуен  төгіледі.  Көрші  үйден  анда-санда 
шаңқ-шаңқ  еткен  пианино  дауысы  естілетін.  “Шын  музыка  былай 
болады”  деп  ерегіскендей,  дыбысты  қатайта  бастасақ,  күй  сандықта 
отырған кісі тына қалатын. Ол да тыңдайтын болу керек. 
Бір  күні  Энрико  Карузо  дүниені  күңірентіп,  теңіз  толқындарын 
сапырғандай дауысымен ән салып жатыр еді. Есік қағылды. 
-  Сәлеметсіздер  ме?  Рұқсат  па  екен?  –  деп  ақырын,  естілер-
естілмес дауыстап, егде қазақ кіріп келе жатты. 
- Қайран Карузо, - деді күрсініп, - осылай ән салып тұрып сахнада 
опат  болған  ғой.  Шауып  келе  жатып  өлген  Құлагер  секілді.    –  Тағы 
күрсінді. Үндемей отырып-отырып барып: 
-  Шырағым, мен Ахмет Жұбанов деген  кісімін.  Біле қоймассың,  - 
деді сыбырға жақын үнмен. 
-
 
О не дегеніңіз, аға. Сізді білмейтін қазақ бар ма? 
-
 
Жөн,  ендеше,  шырағым.  Онда  сөзіме  құлақ  сал.  Мен  сізге 
бұйымтаймен  келдім.  Ғазиза  деген  менің  композитор  қызым  бар.  Сол 
осында  бір  дүниесін  бітіріп  қайтам  ба  деген  үмітпен  келіп  еді.  Сол 
шаруасын аяқтай алатын түрі жоқ. Сендер қойған музыканы тыңдайды 
да  отырады  екен,  өз  әуені  айдалада  қалады.  Вкусың  жақсы  екен, 
шырағым.  Бірақ  пластинка  дауысын  өздерің  естірдей  етіп  қана 
қойсаңдар дұрыс болар еді. Сөйтші, шырағым... 
Сол  оқиғадан  кейін  Ахмет  Жұбановты  жиналыстардың  төрінен 
болмаса,  бетпе-бет  көріп,  тілдесіп  көрген  емеспін.  Қазақ  ССР  Ғылым 
академиясының  бас  корпусының  үшінші  қабатына  орналасқан 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  интситутының  музыка 


 
246 
бөліміндегі көп столдың бірінде, елеусіздеу ғана жерде академик Ахмет 
Жұбанов отырады екен. 
-  Шырағым,  сен  ана  жылғы  таудағы  бала  екенсің  ғой.  Ал,  мына 
мақалаға қарап, тіс қаққан, егде кісі деп ойласам. Арғы беттен келдің 
бе, арабшаны қайдан үйреніп жүрсің? – деп қазбалай сұрай бастады. 
-  Е,  Мұқаңның  ауылынанмын  де.  Комсомолда  барсың,  нағыз 
советский бала болдың ғой. “Қилы заманда” қате жоқ дейсің ә? Көркем 
де  көрнекті  шығарманы  неге  түсінбей  жүрсіңдер  деп  бізді  жазғырып 
отырсың.  Шырағым,  пікірің  дұрыс.  Өткен  күнді,  өткен  пікірлерді 
түрткілеудің  қажеті  бола  қояр  ма  екен?  Сол  тұстарды  ойланшы. 
Повесть  туралы  қазіргі  жастың,  адал,  ақ  пікірі  керек  бізге.  Ал  енді 
бұрынғылардың ана қатесі, мына қатесі, түсінбестігі деген сөздерді тым 
ұзақ  созбалақтаудың  қажеті  жоқ  деп  ойлаймын,  шырағым.  Мен 
пікірімді  көбінесе  жазбаша  айтқанды  қолайлы  көрем.  Міне,  мына  екі 
бет  қағазда  толық  жаздым.  Жолың  болсын,  шырағым.  Шаңырағың 
аман  ба,  үй  алдың  ба?  Әлде  баяғыдай  тауда  қарауыл  боп  жүріп 
жатырмысың? Музыка, пластинка жағы қалай? Ғазиза мен Әзірбайжан 
сол  сенің  концертіңді  әлі  айтып  қоймайды.  Музыкалық  вкусың  жақсы 
екенін  сол  жазда  білгем,  ал  әдеби  талғамың  да  жаман  емес  екен. 
Әуезовтің  әуенімен  жүрсеңдер,  қор  болмайсыңдар,  -  деп  Ахаң  сөзін 
тамамдаған. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау