ІІІ
Кітапты оқып шығуым тез болғанмен, ол туралы мақала жазу
оңайға түскен жоқ. Дүниетаным мен шығармашылық диалектикасы,
өмірлік шындық пен көркем шындық бірлігі әдеби бейненің байлығы.
Қазақстанның Ресейге отар болуының зардаптары – осы орайда
көптеген зерттеу еңбектер оқып, іздену қажет болды. Мұхтар Әуезов
музейінде сақталған кейбір биографиялық материалдар автордың
белгілі хаты (1932 ж.) қандай жағдайда жазылғандығы туралы
қосымша деректер берді. Сөйтіп 25 бет мақала жазуға бірнеше ай
уақыт кетті. Мақаланы “Қазақ әдебиеті” газетіне алып бардық.
Достарыңызбен бөлісу: |