Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет33/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ҮІІ 
 
Бірқатар  оқымыстылар  –  Тимофеев,  Волькенштейн,  Борев, 
Кургинян,  Карягин,  Хализев  драманың  жанрлық  сырын  бек  түсініп, 
зерттеу үшін сөз өнерінің табиғатын аңғарып, теориялық қағидаларды 
біліп қою жеткіліксіз деп санайды. Расында, драманың күрделі сипаты, 
өнердің басқа салаларымен тамырластығы мәселені сабақтас қарауды 
талап етеді. 
Драмалық шығармалар көне Грецияның өзінде сахнаға қою үшін 
жазылғаны  аян.  Шекспирдің  барлық  пьесаларында  театр  шарттары 
ескерілгенідігі авторлық ремаркалардан айқын көрініп тұрады. Түптеп 
келгенде, драматург спектакль қамы үшін, авторлық идеяның ұштала, 
тереңдей  түсуі  үшін  музыка,  би,  кескін  өнері  талаптарын  да  бір 
бүйрегінде  сақтайды.  Сөйтсе  де,  драманың  жанрлық  бітімін 
айқындайтын алтын өзек әдебиет шеңберінде жатқаны хақ. 
Әманда  драма  арқауы  -  әрекет,  байсал  тапқанша  тынбайтын 
жанды  өмір  әрекеті.  Бұл  ұсақ-ұлан  интрига  түрінде  де,  үзді-жұлды 
ұстау түрінде де, әлеуметтік-қоғамдық тартыс түрінде де көрініс береді. 
Эпостағы  мен  лирикадағыға  қарағанда  драмадағы  қақтығыс  жалаң 
қылыш жүзіндей өткір, серпінді қақтығыс.  
Сюжеті  шымыр,  композициясы  берік,  моральдық,  әлеуметтік 
көзқарастар  тартысы  айрықша  айқын  көрінетін  пьесалар  әлемдік 
әдебиеттегі  философиялық    тереңдік  пен  поэтикалық  сұлулықты 
ұштастырған  жауһар  туындылар  болып  есептеледі.  Әдеби  әдістердің 
ауысуына  байланысты,  көркем  шығармашылық  тәжірибесіне  сәйкес 
драма  теориясы  да  сан  өзгеріске  түскен.  Көне  грек  трагедиясында 
жазмыш  –  бірінші  күш,  ал  Шекспир  пьесаларында  қайғылы  халдің 
негізгі себепкері – қоғамдық әуен, әлеуметтік сарын.  
Тарихи жағынан ежелгі үлгі болып табылатын грек трагедиялары 
әуел  баста  халықтың  әдет-ғұрпы,  тұрмыс-салты,  мифологиясы 
негізінде  туған:  молшылықтың,  жастықтың,  қуаныштың,  шараптың 
құдайы  –  Дионисті  жат,  қаһарлы  күш  иелері  –  титандар  өлтірген; 


 
190 
халық  Дионистің  қайта  тірілуін  тілеп,  жылда  көктемде  құрбандық 
шалады. 
Тасаттық  үстінде  айтылған  жыр  мазмұны  жағынан  байып,  түр 
жағыннан  өзгеріп,  бірте-бірте  эволюциядан  өту  арқылы  жаңа  жанрға 
айналды. Карл Маркс өзінің сүйікті жазушыларының қатарында трагик-
ақындар Эсхил мен Гетені атағаны, бір кезде Фридрих Энгельс, Ян Гус 
өмірінен  трагедия  жазбақ  болғаны  мәлім.  Бұл  жанрдың  оқырман, 
көрерменге,  ерекше  әсер  етуінің  бір  себебі  қашанда  өмір  мен  өлім, 
жарық пен түнек, ақ пен қара шайқасының алға тыртылуында жатыр. 
Трагизм проблемасы әр қырынан қарауды талап етеді. Кез келген 
өлім  трагедия  емес.  Шығармадағы  кез  келген  кейіпкердің  опат  болуы 
оқырманды тебіренте алмайтыны рас. 
Көне  грек  әдебиетіндегі  трагизм  адам  мен  құдай  (“Бұғауланған 
Прометей” пьесасын еске алыңыз); адам мен тағдыр, жазмыш (“Патша 
Эдип” пьесасын еске алыңыз) араларындағы тартыстардан туған. 
Әлем әдебиетіндегі трагизм бірден-бірге күрделілене түсіп, жеке 
бастың  тағдыры  мен  халық  тағдырын,  қоғам  тағдырын  астастыра 
көрсететін биік өреге шықты. 
Әлеуметтік  күрес  жолында  әлі  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  ашып 
бітпеген  бағыттың  жеңіліс  табуы,  яки  сол  ағымның  көш  басшысының 
опат болуы – трагедия. 
Келешекте  салтанат  құрар  идеяны  ұстанған  жанның  мезгілсіз 
күйреуі – трагедия. Бұл тұжырымдарға марқайған әдебиеттерді былай 
қойғанда,  барлық  халықтардың  фольклорынан  көптеген  қызықты 
мысалдар табамыз. 
Драма  –  трагедиялық  элементтер  мен  комедиялық  элементтерді 
аралас пайдаланудан туған жанрлық форма ретінде қаралады. Мұнда 
емеурінмен  астарлы  ойларды  беру;  кейіпкерлердің  психологиялық 
қалпына  сәйкес  сөздермен  мінез  жасау,  фольклорлық  әдістерді, 
афоризмдерді  пайдалану,  сырттай  қарағанда,  кірігіп  тұрмайтын 
көріністерді  түйдектеумен  әлеуметтік  топтарды  бейнелеу  сияқты  әр 
драматург  өз  ыңғайына  қарай  қолданатын  сан  алуан  құралдар  сахна 
мен  аудиторияны,  қаһарман  мен  көрерменді  бауырластыру  үшін, 
авторлық  идея  терең  ашылып,  көркемдік  бояуымен  буы  бұрқыраған 
күйде қауымға тез жетуі үшін қызмет етеді. 
Өмірдегі  кездейсоқ  жәйттерді  талғамай,  елеп-екшемей,  ой 
таразысынан  өткізбей  шығармаға тықпалау  -  өнер  жанына  қас  нәрсе. 
Құбылыстың  терең  астарына  бойлап,  қайшылық  өзегін  ашып,  байлам 
жасау  орнына,  болымсыз,  татусыз,  ұсақ-түйекке  шүйлігіп,  шыбын-
шіркей қуғандай ұсақтап кету шала-жансар дүбаралар тудырары хақ. 
Дездемона жүрегін жаулаған Отеллоның арыстан қаһармандығы, 
Маша  мен  жер  ортасына  келген  Вершининді  бір-біріне  ғашық  еткен 
екеуінің  басындағы  ұқсас  трагедия  –  махаббатсыз,  тастай  суық, 


 
191 
зайыптық  сор  өмір.  Осы  секілді  психологиялық  толғаныс,  мінез 
құбылыстарының  табиғи  қалпын  жанр  шарттарымен  байланыстырып, 
лайықты үйлесіммен көрсете алмау – қазақ пьесаларының үлкен міні. 
Өзіне шақ қылықтарымен, іші-тысы ашылып келе жатқан кейіпкер 
сенімсіз қадам басқан соң, шығарма идеясы буылдыр тартып, әр түрлі 
сарын тұман секілді тарап кетеді. 
Салмақты  оймен  жіті  көз  жіберсек,  драманың  жанрлық  сипаты 
мен  көркемдік  құралдарын  бажайлайтын  бұрынғы  теориялық 
концепциялардың  кейбіреуі  бүгінде  шатқаяқ  тартып,  өнер  тәжірибесі 
ескі  канондарды  бұзып  отыр. Жанр  шекарасын  айқындағанда,  “драма 
дәл  қазір  болып  жатқан  оқиғаны  көрсетеді”  дейтін  ежелгі  пікірдің 
жаңсақ тарта бастағанын ұғыну қиынға соқпайды. 
Қазақ  драмасының  қазіргі  өрісін  барлағанда,  өнер  дамуының 
тұтас  тенденциясына  айнала  бастаған  жанрдың  бұрын  аңғарылмаған 
ішкі қуаттарын өрбіту факторы төбе көрсете бастағанын айту ләзім. 
Бүгінгі  әдебиетте  документ,  факт,  деталь,  болған  оқиға,  дерек 
әсері күшті. Атом бомбасын жасаған физик Оппенгеймерге байланысты 
сот ісінің протоколы, ағылшын драматургі Бернард Шоудың хаттары... 
пьесаға  айналды.  Роман,  поэмалардың  сахнаға  шығуы,  көне 
архаикалық түрлердің қайтадан тіріліп, кәдеге асуы, драмада эпостық 
әдістерді,  лирикалық  бейнелеу  құралдарын  кең  пайдалану  жанрлар 
шекарасының  жойылуын,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  өнер 
арналарының  бұзылуын  көрсетпейді,  бұл  –  қазіргі  әдебиеттегі  ішкі 
бұлқыныс, үдей өсу тенденциясының, даму заңдылықтарының айғағы. 
Өлмес  өмір,  мәңгі  тіршілік  –  адамзаттың  ежелгі  арманы.  Жарық 
дүниені ешкімнің де қиғысы келмейді. Тумақ бар да өлмек бар. Сонда 
өлім бейдауа, бет қаратпас бейбақ па? Не деуші еді қазақтар? “Әкеден 
ұл  туса  игі  еді,  әке  жолын  қуса  игі  еді”.  Өмір  базары  толқын-толқын 
ұрпақтар көшімен жаңарып, жасарып, әмсе жайнап тұрмақ. 
Өмір,  өлім  хақындағы  көне  ғажап  аңыздардың  бірі  Қорқыт  ата 
есіміне  байланысты  айтылады.  Бұл  -  өлімді  жеңген  ғаламат  құдіретті 
өнер жайлы халықтың дана жыры, терең философиясы. Осы аңыздың 
негізінде  Гетенің  “Фауст”  тектес  дүние  жазуға  болар  еді-ау.  Рас, 
Мағжан дастан тудырды. Ал, композитор қайда? 
Бүгінгі 
таңдағы 
әдебиет 
фактілеріне 
қарасақ, 
күрделі 
тенденциялардың  бір  арнасын  трагедия    ауылынан  көреміз.  Беккет, 
Ионеско  сияқты  драматургтер  “атрагедияны”  жақтайды.  “Қоғам  мен 
адам бір-біріне жау, өш қазіргі заманда шын мәнісіндегі трагедия тууы 
мүмкін емес”, - деп есептейді олар. 
Әдебиет жанрларының ішіндегі жауһары, поэтикалық шедевры – 
трагедия құрыды десек, онда өнер мүмкіндігі жойылды дегенге де ден 
қоясың. Бұл – дәлелсіз концепция, өнердің күнделікті тәжірибесі, даму 


 
192 
өрісі  бекерге  шығарып  отырған,  қосылуға  болмайтын  жат,  жалған 
тезис. 
Комедия жанрлық ерекшеліктері, сюжет құру, композиция жасау, 
бейне қалыптау жағынан трагедиямен ұқсас. Неге күлеміз? Мақсат пен 
мақсатқа  жету  жолындағы  әрекет  арасындағы  кереғарлық,  адамның 
сөзі  мен  ісінің  арасындағы  айырмашылық,  жағдайға  лайықсыз  мінез 
көрсету,  қоғамдық  аренадан  кеткен  күштердің  далбаса  тірлігі  – 
осындай толып жатқан күлкі тудырар себептер бар. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау