Барабанды кептіргіш ВИСХОМ СЗСБ-8.
Қазіргі кезде, заманауи
талаптарына байланысты, ауыл шаруашылығында жоспарлы қуаты 8 т/сағ,
салқындатқышы жеке орындалған (сурет 55) ВИСХОМ СЗСБ-8 астық
кептіргішін кеңінен қолдануда.
101
Сурет 55. Барабанды кептіргіш ВИСХОМ СЗСБ-8:1-ылғал астыққа
арналған қырғышты транспортер; 2-құбыр; 3-барабан; 4-желдеткіш; 5-
шығаратын камера; 6-құрғақ астыққа арналған қырғышты транспортер; 7-шнек;
8-салқын ауа беретін желдеткіш; 9-суытқыш колонка; 10-шлюзді затвор.
Ылғалды астық қабылдау қорабынан қырнауыш транспортермен көтеріліп,
құбыр арқылы диаметрі 1600 мм ұзындығы 8000 мм барабанға түседі, барабан
қос төрт роликке сүйеніп, минутына 8 рет айналады. Барабанның айналу
әсерінен астық секторлар мен сөрелерге бір қалыпты бөлінеді. Кептіру агенті
араластырғыш камерадан сорылып, барабандағы сапырылысқан астықпен
араласып, желдеткіш 4-тің көмегімен сыртқа беріледі. Кепкен астық барабаннан
шығару камерасына (циклонға) түседі, одан шлюзді затвор, қырнауыш
транспортер және шнек арқылы суытқыш камерасына беріледі. Суытқыш
камера, қабырғалары перфорацияланған, екі тік цилиндрден құралған.
Цилиндрдің ішкі диаметрі - 760 мм, сыртқы - 1260 мм, биіктігі - 2750 мм.
Цилиндрлер аралығы кепкен астықпен толтырылады. Атмосфералық ауа сыртқы
цилиндр қабырғасындағы саңылаумен ішке сорылып, астық қабатын желдетеді,
одан ішкі цилиндрге түседі, желдеткіш 8 көмегімен сыртқа айдалады. Суыған
астықты шлюзді затвор шығарады. Сұйық отынға арналған ошақ сурет 56-да
көрсетілген. Ол екі цилиндрден тұрады, ішкі бөлімі жану камерасы рөлін
атқарады. Оның астыңғы бөлігінде инелі форсунка орнатылған. Отын
форсункаға насостың іс-әрекетімен тозаңдалып, қысымы жоғары желдеткішпен
жану камерасына беріледі. Камераның үстіне шағылдырғыш орнатылған.
102
Сурет 56. СЗСБ барабанды кептіргіштің ошағы: 1-форсунка;
2-жану камерасы; 3-сыртқы цилиндр; 4-шағылдырғыш; 5-қаптама;
6-араластырғыш қорап; 7-қосымша оттық; 8,10-заслонкалар; 9-ауаны
шығаратын есікше; 11-ауаны беретін терезе; 12-үрлегіш желдеткіш.
Жану камерасының қабырғасын суытатын салқын ауа цилиндр
аралығындағы қуыс арқылы астынан беріліп, оттық газбен араласады. Кептіру
агентінің температурасын төмендету үшін, қажет болса, сыртқы ауа үрленеді.
Жылуды үнемдеу және астық қызбауы үшін цилиндрді арнайы материалмен
қаптайды.
Ошақ үстіне араластырғыш қорап орындалған және отынның қосымша
жануы үшін ауаны реттегіш есік орнатылған және қосымша құбыр
қарастырылған. Заслонка 10 агентті кептіргішке беру қызметін атқарады,
сонымен қатар қосымша жанғыш құбырдағы заслонка 8-дің біреуі ашылса
немесе жабылса екіншісі жабылады немесе ашылады.
Сұйық отынның шығыны 65 кг/сағ.
Кептіргіштің электр қозғалтқыштарының қуаты 27,2 квт.
103
Достарыңызбен бөлісу: |