Оқулық / К. Б. Байболов, Т. Қ. Құлажанов, Н. Б. Батырбаева


Температуралық  режимді  және  шахтаның  жұмыс  көрсеткіштерін



жүктеу 4,28 Mb.
Pdf просмотр
бет103/109
Дата17.01.2022
өлшемі4,28 Mb.
#33177
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109
Температуралық  режимді  және  шахтаның  жұмыс  көрсеткіштерін 
бақылау
.
  Кептіру агентінің температурасын араластыру камерасынан шығарда 
сынапты термометрмен өлшеп әр сағат сайын өлшеп, арнайы жұрналға жазады. 
Циклоны  бар  кептіргіштерде  циклоннан  шыққан  газдың  температурасын 
қосымша өлшеп, жұрналға тіркейді. Осы жағдайда салқын ауаны реттеп беретін 
тетіктің клапанының орнын белгілейді. 
Қызуды  беретін  желідегі  жалпы,  статикалық  және  динамикалық 
қысымдарды,  қоспаның  қозғалыс  жылдамдығын  және  қоспаның  сағаттық 
шығынын  пневмометрлік  труба  және  тарту  күшін  өлшеуіш  арқылы,  тексеру 
кезінде, 2-3 рет анықтайды. 
Желдеткіштің    алдында,  қосымша  ауа  беруге  арналған,  ыстық 
тасымалдағыш құбырда саңылау жасалған. Сонда,  осы саңылауға анемометрді 
ендіріп қосымша берілетін ауаның жылдамдығын жеке анықтайды. 
Аталған нүктелерде кептіру агентінің температурасын бір мезгілде өлшейді. 
Осы нүктелердегі, қосымша ауаны беретін, ашып-жапқыштың орнын белгілейді. 
Ауаны  үрлейтін  желдеткіш  (ВТИ  кептіргішінде)  әдеттегі  жағдайда  жұмысын 
атқарады. Кептіру агентінің ылғалын есептеу әдісімен анықтайды. 
Кептіру агентінің температурасын беретін диффузордың биіктігі бойынша 
кептіру камерасына жақын үш нүктеде  (жоғары, ортасы және төмен) орнатылған 
сынапты термометрдің орташа көрсеткішін әр 15 минутта алады.  
Ауа  тасымалдағышқа  термометрді  резиналы  немесе  қабықты  тығыннан 
өткізеді,  ал  температурасы  жоғары  жағдайда  асбесті  төсеуді  қолданады. 
Термометрдің  сынап  ұшы  құбырдың  ортасында  болуы  керек.  Термометр 
көрсеткішін аларда техника қауіпсіздігін сақтау қажет.  
Кептіргішке  түсетін  астықтан  әр  10-15  мин  сайын  салмағы  200  г  сынама 
алады. Екі сағат бойы алынған сынамадан, зертханалық сараптама жүргізу үшін, 
шамамен  2  кг  оташа  сынама  құрайды.  Сынаманы  тығыз  тығыны  бар  шыны 
колбаға салып, ылғалын анықтайды. 
Кептіргіштің  сағаттық  қуатын  анықтау  үшін  берілетін  ылғалды  астықтың 
массасын  өлшеп  қондырғының  кептіруге  жұмсалатын  уақытына  бөледі. 
Кептіргіштің  өткізгіш  қабілеттілігін  1-2  сағ  бойы  тексеріп,  жұмыс  әрекетінің 
тұрақталығын  орнатады.  Әр  1-2  сағатта  кепкен  астықты  құбыр  арқылы  қапқа 
салып,  өлшеп,  қуатын  анықтайды.  Кептіргіштің  қуатын  анықтаудың  алдында 
және  соңында  шахта  үстіндегі  қорап  астыққа  тұрақты  деңгейде  болуын 


152 
 
қадағалайды,  ал  шахта  асты  қорабы  бос    болуы  керек.  Осы  кезде  шығаратын 
тетіктің және  ылғал астықты беретін заслонканың орнын белгілейді. 
Кептіру процесінде астықтың қызу температурасын анықтау үшін төменгі 
қатардағы  жылуды  беретін  және  шығаратын  кептіру  камерасындағы 
коробалардан  әр  сағат  сайын  күрекшемен  сынама  алады.  Бір  қатардағы 
коробалардың  саны  үшеуден  кем  болмауы  қажет  (олардың  екеуі  шахтаның 
шетінде, ал біреуі ортасында). 
Саңылауы  бар  қақпақтан  алынған  сынаманы,  алдын-ала  астықтың 
температурасына сәйкес қызған, ағаш жәшікшеге төгеді, саңылауға термометрді 
кіргізіп,  сынап көтерілісі тоқтағанда межені анықтайды. 
Астықтың  температурасын  анықтайтын  әдіс  толық  жетілмеген,  оны 
жетілдірудің шараларын іздестіру керек. 
Кептіру  процесінің  сапасын  астықтың  қызу  деңгейі,  ылғалының  өзгеруі, 
сапа көрсеткіштерінің, әсіресе, өну энергиясы мен өнгіштік көрсеткіштері, өмір 
сүргіштігі,  клейковинасының  мөлшері  және  сапасы,  түсі,  иісі  бойынша 
бағалайды. 

жүктеу 4,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау