И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет148/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   222
аг негиздери

Себу  тәсілі. 
Әзірше  арпаның  негізгі  себу  тәсілі  басқа  дәнді 
дақылдар  сияқты,  жай  қатарлап  себу  болып  табылады,  бірақ  ылғалды 


114 
 
аймақтарда  тар  қатарлы  және  тоғыспалы  тәсіл  жақсы  нәтиже  береді  – 
қосымша астық ӛнімі 2-3 ц/га жетеді.  
Себу мӛлшері
 ӛсірілу  аудандарына байланысты 2,5-нан 5,5  млн/га 
ӛнгіш  тҧқым,  ылғалы  жеткілікті  аймақтарда  3,5-4,0  млн/га,  суармалы 
жерлерде – 4,0-5,5 млн/га ӛнгіш тҧқым.  
Тұқымның  сіңірілу  тереңдігі. 
Оңтайлы  сіңіру  тереңдігі  арпа  ҥшін 
5-6  см,  алайда  топырақтың  беткі  қабаты  кебіңкіреп  кеткенде    тҧқымды 
6-8 см дейінгі тереңдікке сіңіреді.  
Егістікті  күтіп-баптау. 
Арпа  егістігін  кҥтіп-баптау  мынадай 
агротехникалық  шараларды  қарастырады:  себуден  кейін  топырақты 
тығыздау,  кӛктеуге  дейін  және  кӛктегеннен  кейін  егістікті  тырмалау, 
ауруларға, зиянкестерге және арамшӛптерге қарсы кҥресу.  
Егін  кӛгін  тырмалау  нәтижесінде  біржылдық  арамшӛптер  кӛгі 
қҧриды  және  ӛсімдіктердің  тамыр  жҥйесіне  ауаның  келуі  жақсарады. 
Тырмалау  арпа  ӛсімдігінің  3-4  жапырақ  кезеңінде,  ӛсімдіктер  жақсы 
бекігенде жҥргізіледі.  
Арамшӛптерге  қарсы  күрес.   
Агротехникалық  шаралармен 
арамшӛптерді  қҧрту  мҥмкін  болмаған  жағдайда  гербицидтер 
қолданылады.  Арпа  егістігіне  барынша  кӛп  зиянды  атпатамырлы  және 
тамырсабақты  арамшӛптер  келтіреді:  далалық  қалуен,  далалық 
шырмауық, 
кӛгентамырлы 
бидайық 
ж.б. 
Аймақ 
жағдайында 
біржылдықтардан қарасҧлы, жасыл және кӛкшіл сҧр итқонақ, ақ алабота, 
қҧс тарысы ж.б. кең тараған.  
Бірқатар  қосжарнақты  арамшӛптерді  қҧрту  ҥшін  диален  (1,8-2,0 
кг/га),  октапон  (0,8-1,0  л/га)  ҧсынылады.  Қарасҧлыға  қарсы  триаллат 
(авадекс  БВ)  дәрмегін  қолдануға  болады.  Ол  ҥшін  себуге  дейін  немесе 
себуден  кейін  бірден  тҧқымның  сіңірілу  тереңдігінен  1-2  см  саяз 
тереңдікке  2,5-3,5  кг/га  мӛлшерінде  триаллат  енгізіледі.  Егістікте 
қарасҧлыға  қарсы  (қарасҧлының  3-6  жапырағы  кезеңінде)  иллоксан 
дәрмегі (3,0 кг/га) бҥркіледі.  
Гербицидтерді егістіктің әрбір шаршы метрінде  екі және одан да 
кӛп  қалуен,  15-тен  артық  қарасҧлы  ӛсімдігі,  75  итқонақ  немесе  20-70 
азжылдық арамшӛп ӛсімдіктері болғанда қолданған дҧрыс.  
Егістік арамшӛптермен жоғары деңгейде ластанғанда және мәдени 
ӛсімдіктердің  жиілігі  жеткілікті  болғанда,  сирек  егістік  пен  ластануы 
тӛмен танаптарға қарағанда гербицидтердің мӛлшері арттырылады.  
Егістікті  зиянкестерден  қорғау. 
Ӛсімдіктерді  зиянкестерден 
қорғаудың  негізін,  зиянкестердің  таралуын  шектейтін  ӛсімдіктердің 
жарақаттануға тӛзімділігін арттыратын агротехникалық шаралар кешені 
қҧрайды.  Зиянкестерге  қарсы  агротехникалық  шаралар,  бҧл:  ауыспалы 
егісті  қолдану,  ерте  сҥдігер  дайындау,  тӛзімді  сҧрыптарды  таңдап  алу, 
оңтайлы себу мерзімі мен тҧқымның себу мӛлшерін қолдану.  
Аймақ  жағдайында барынша  қауіпті  зиянкестерге  швед  шыбыны, 
астық  бҥргелері,  астық  сҥлікшігі  ж.б.  жатады.  Бҧл  зиянкестер  жаппай 


115 
 
кӛбейген  жылдары  оларды  қҧрту  ҥшін  пестицидтерді  қолдануға  тура 
келеді.  Мҧндай  жағдайда  зиянкестердің  келтіретін  залалының 
экономикалық  шегін  ескеру  қажет.  Егістіктің  кӛктеу  және  тҥптену 
кезеңдерінде  қауғаның  (сачоктың)  100  сермелуіне  30-50  дана  швед 
шыбыны немесе 25-30 дана сабақ бҥргелерінің қоңыздары және тҥптену 
немесе тҥтіктену кезеңдерінде 1 ш.м. егістікте 10-15 астық сҥлікшігінің 
қоңыздары,  сонымен  қатар  бір  ӛсімдікте  0,5-1,0  дана  жҧмыртқа  немесе 
дернәсілі болған жағдайда егістік ӛңделуге тиіс. Аталған зиянкестермен 
кҥресуге БИ-58 (0,8-1,0 л/га) биологиялық дәрмекті қолданады.  
Егістікті  аурулардан  қорғау. 
Жаздық  арпа  қара  кҥйе,  сары  тат, 
ҧнтақты  шық,  тамыр  шірінділері,  септориоз  ауруларымен  залалданады. 
Аурулардың  алдын  алу  шаралары  –  ауыспалы  егістер,  кеңістік 
оқшаулау,  тыңайтқыштарды  тиімді  қолдану,  тҧқымды  себуге  дайындау 
(тазалау, 
іріктеу, 
қҧрғақ 
ауада 
қыздыру) 
ж.б. 
Негізінен 
шаруашылықтарда  арпаны  аурулардан  қорғауда  тҧқымды  улы 
химикаттармен  дәрілеумен  шектелуде.  Алайда  арпаны  аурулардан 
ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілу кезеңдерінде де ойдағыдай қорғауға болады.  
Тат  ауруына  қарсы  ӛңдеуді  ӛсімдік  жапырақтарының  1%  (бір 
жапырақта  4-5  пустула  болса)  зақымданғанда  жҥргізеді;  ҧнтақ  шыққа, 
теңбілділікке,  септориозға  қарсы  –  5  %-дан  тӛмен  болмағанда;  тамыр 
шірімелеріне қарсы – егістіктің зақымдануы орташа есеппен 10-15 %-ға 
жеткенде. Ол ҥшін жҥйелі тҥрде әсер ететін дәрмектерді (байлетон – 0,5 
кг/га, тилт – 0,5 кг/га, фундазол – 0,5-0,6 кг/га) пайдаланған жӛн.  
Егінді  жинау.
  Арпаның  пісу  ерекшеліктеріне  тӛменгілерді 
жатқызуға  болады:  арпаның  дәнінде  қҧрғақ  заттардың  жинақталуы 
балауызданып  пісудің  соңында  аяқталады,  бидайға  қарағанда  арпа 
сабаны  осалдау,  тамырында  тҧрып  қалған  масақтар  тӛмен  иілгіш  және 
омырылғыш  келеді.  Осал  сабақ  егін  жинауды  кҥрделендіреді.  Арпаны 
тікелей  орып  бастыруға  да,  бӛлектеп  жинауға  да  болады.  Егінді  жинау 
тәсілі  сабақ  бітіктігі  кҥйіне  (жиілігі,  биіктігі),  арамшӛптермен  ластану 
деңгейіне, ӛнім мӛлшеріне ж.б. себептерге байланысты ӛзгереді.  
Әдетте арпа біркелкі піскенде  (кем  дегенде 90%  толық  піскенде), 
арамшӛптерден таза болғанда тікелей орып бастырылады. Арпа әркелкі 
піскенде  (сабанӛркен  аралас  болса)  және  арамшӛптермен  ластанғанда, 
әрі ӛсімдіктердің биіктігі 60-80 см-ден аласа болмағанда егістік бӛлектеп 
жиналады.  Бҧл  жағдайда  негізгі  дақыл  астығының  ылғалдылығы  25-30 
%-дан  аспағаны  жӛн  немесе  толық  піскен  дәндер                  75  %-дан  кем 
емес. Бӛлектеп жинаудың нәтижесінде астық таза, сапалы, әрі 5-7 тәулік 
ерте жиналады.  
Сҧлы.
   
Халықшаруашылығындағы  маңызы.
  Сҧлы  –  біржылдық 
азық-тҥліктік  және  малазықтық  ӛсімдік.  Оның  дәнінде  12-13  %  ақуыз, 
40-45 % крахмал, 4-6 % май болады.  
Сҧлы  астығынан  әртҥрлі  жармалар  (жапырақшықтар,  геркулес, 
кисель ҥшін ҧн) алынады, печенье және галет дайындайды, ҧнын бидай 


116 
 
және  қарабидай  ҧнына  араластырып  нан  пісіруге  пайдаланады.  Сҧлы 
жармасында  кальций,  фосфор  және  темір  мол.  Қоректік  заттары  мен 
дәрумендерінің  молдығына  байланысты  сҧлының  емдәмдік  және 
балалар қорегіндегі маңызы ӛте зор.  
Сҧлыны  мал  азығына  басымырақ  пайдаланады:  оның  бір  келі 
астығы  малазықтық  қҧндылық  баламасы  және  бір  азықтық  ӛлшем 
ретінде  қабылданған.  Оны  ноғатық,  сиыржоңышқа  және  басқа  бҧршақ 
тҧқымдас  дақылдар  қоспасымен  пішенге  ӛсіреді.  Сҧлының  таралу 
ауқымы  бидай  мен  арпаға  қарағанда  шектеулі.  Қазақстандағы  егістік 
кӛлемі  орташа  есеппен  5  жылда  (2008-2010  жж.)  небәрі  170  мың  га 
шамасында болды. 
Бҧл  дақылдың  ӛнімділік  әлеуеті  айтарлықтай  жоғары,  егіншілік 
мәдениеті жоғары болғанда 30-40 ц/га және орташа егіншілік жҥйесінде  
20-25 ц/га деңгейінде бола алады. 
Жабайы  сҧлы  тҥрлері  астық  дақылдары  және  басқа  танаптық 
дақылдар егістіктерін ластайды. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау