И. И. Жумагулов, А. А. Бегалина



жүктеу 1,36 Mb.
Pdf просмотр
бет146/222
Дата16.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#32946
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   222
аг негиздери

 
10-дәріс.
 
Арпа және сҧлы
 
 
 
 
1. Халықшаруашылығындағы маңызы. 
2. Таралуы мен ӛнімі. 
3. Ботаникалық сипаттамасы. 
4. Биологиялық ерекшеліктері. 
5. Арпаның астыққа ӛсіру технологиясы. 
 
Халықшаруашылығындағы 
маңызы. 
Қазақстанның 
мал 
шаруашылығы  саласын  ойдағыдай  дамытуға  жемазықтық  дақылдар 
ӛндірісін  арттырудың  рӛлі  зор,  ӛйткені  жемазыққа  бидай  астығын 
пайдалану  экономикалық  тҧрғыдан  тиімсіз.  Қазақстандағы  негізгі 
жемазықтық дақылдарға арпа мен сҧлы жатады. 
 
Арпа  –  маңызды  біржылдық  малазықтық,  азық-тҥліктік  және 
техникалық дақыл. 
 
Арпа  астығының  малазықтық  қҧндылығы  ақуыз  мӛлшерінің 
кӛптігінен  және  қабықтылығының  тӛмендігінен  сҧлыға  қарағанда 
жоғары. Сҧлының 1 кг-да 1 азықтық ӛлшем (а.ӛ.) болса, арпада орташа 
есеппен  - 1,21 а.ӛ. 
Арпаның  азық-тҥліктік  маңызы  да  айтарлықтай.  Ең  алдымен  ол 
жармалық  дақыл,  оның  астығынан  жарма  (қырлы  және  жартыкеш) 
ӛндіреді.  Арпаны  жасанды  кофе  дайындау  ҥшін  пайдаланады.  Оның 
ҧнын қоспа ретінде (10-15 %) бидай мен қарабидай ҧнын араластырып, 
нанның ерекше сҧрыптарын (емдәмдік) пісіреді.  
Арпа  астығы  сыра  қайнату  ӛндірісінде  ҥлкен  рӛл  атқарады. 
Әсіресе  сыра  ашытқысын  (солод)  дайындауға  қосқатарлы  арпа 
сҧрыптары  ӛте  қҧнды  деп  есептеледі,  ӛйткені  олардың  дәндері  ірі, 
ақуыздылығы  (9-12  %)  мен  қабықтылығы  тӛмендігімен  (8-10  %)  және 
ӛну қуатының жоғары болуымен (95 %-дан кем емес) ерекшеленеді. 
 
Арпа астығы халықаралық саудада да сҧранысқа ие.  


111 
 
 
Арпаның  агротехникалық  та  ӛте  маңызды  жақтары  бар:  арпа 
егістігі кӛктемде танаптарды арамшӛптерден толық тазартуға мҥмкіндік 
жасайды,  ӛйткені  оның  себу  мерзімін  мамырдың  соңы  –  маусымның 
басына 
қарай 
жылжытуға 
болады, 
ол 
айтарлықтай 
ерте 
жиналатындықтан  кҥзгі  топырақ  ӛңдеу  жҥйесін  ерте  жҥргізуге  болады 
және осының нәтижесінде арамшӛптерді жоюға мҥмкіндік молаяды.  
 
Арпаның кӛпжылдық шӛптерге жақсы бҥркемелі (жамылғы) дақыл 
ретінде  де  рӛлі  белгілі:  шӛптер  жамылғыдан  ерте  босайды  да  жаздың 
соңы мен кҥзде жақсы дамиды.  
 
Арпаның  ауылшаруашылығы  ӛндірісіндегі  рӛлі,  оның  дәнді 
дақылдар  қҧрамындағы  ҥлес  салмағы  жӛніндегі  пікірталас  ертеден 
жалғасуда, дегенмен дамыған елдерде бҧл дақылдың егіс кӛлемі азайған 
жоқ, жекелеген жағдайларда егістігінің арту ҥдерісі байқалады.  
 
Республикада  ӛткен  жҥзжылдықтың  90-жылдардың  жемазық 
дақылдарын  дамытуға  қолдау  болмады,  арпа  мен  сҧлы  астығын  сатып 
алу  тоқтатылды.  Ал  осылардың  салдары  мал  шаруашылығының 
дамуына кері әсер етті. 
 
Дҥниежҥзілік  егіншілікте  астық  дақылдарының  ішінде  арпа 
маңызды  орын  алады  және  жыл  сайын  30  млн  га  астам  жерге  себіледі. 
Қазақстанда  2001-2008  жж.  орташа  есеппен  жыл  сайын  1,9  млн  га 
алқапқа себілсе, оның 60 % солтҥстік облыстардың ҥлесінде  (Ақмола – 
0,37, СҚО – 0,42, Қостанай – 0,17 және Павлодар облысында – 0,06 млн. 
га).  Осы  жылдары  еліміздегі  арпа  астығының  орташа  ӛнімі  11,2  ц/га 
болды.  Алайда  бҧл  дақылдың  әлеуетті  ӛнімі  әлдеқайда  жоғары  және 
аймақ жағдайында 20-25 ц/га және одан артық болуы мҥмкін.   
 
Қабықты  арпада  гҥл  қауызы  тҧқыммен  жабысып  тығыз  ӛседі. 
Қабықтылығы 7-15 % аралығында ӛзгереді және ол сҧрыпқа қана емес, 
ӛсіру жағдайларына да байланысты. 
 
Биологиялық  ерекшеліктері.
  Арпа  ӛсіп-жетілу  кезеңі  қысқа 
дақылдар  қатарына  жатады  (55-тен  111  тәулікке  дейін).  Қазақстанның 
солтҥстігінде ӛсірілетін сҧрыптарының ӛсіп-жетілу кезеңінің ҧзақтығы – 
68-80 тәулік. 
 
Арпа жылуға аз талап қояды, оның тҧқымы 1-2
о
С жылылықта ӛне 
бастайды, алайда мҧндай жағдайда кӛктеуі 20 тәулікке дейін созылады. 
5-6
о
С  температурада  кӛктеуі  8  тәулікке  дейін  қысқарады.  Себу-кӛктеу 
кезеңаралығы 7-ден 12 тәулікке дейін болуы мҥмкін.  
 
Егін  кӛгі  –  7-8
о
С  бозқырауды  жеңіл  кӛтереді,  алайда  жекелеген 
сҧрыптары одан да тӛмен температураға  шыдайды. Бірақ гҥлдену және 
толысу  кезеңдерінде  арпа  бозқырауға  сезімтал.  Температура  –  1
о
С-ға 
дейін  тӛмендегенде  оның  жатыны  мен  тозаңдықтары  жарақаттанады. 
Толысу  және  пісу  кезеңдеріндегі  шамалы  бозқыраудың  ӛзі  (-1,5
о
С) 
ӛсімдікке әсер етпегенімен дәннің тҧқымдық сапасын кҥрт тӛмендетеді.  
 
Арпаның толық ӛсіп-даму айналымына сҧрыптарының ӛсіп-жетілу 
кезеңінің  ҧзақтығына  қарай  мынадай  температура  жиынтығы  қажет: 


112 
 
ерте пісетін сҧрыптарына – 1000-1500
о
С және кеш пісетін сҧрыптарына 
–  1900-2000
о
С.  Осы  себептен  арпаны  еліміздің  барлық  егіншілік 
аймақтарында ӛсіруге болады.  
 
Арпаның  ылғалға  талабы  аса  жоғары  емес.  Ылғалға  шамалы 
талабы  ӛне  бастағаннан  бҥкіл  ӛсіп-жетілу  кезеңдерінде  кӛрініс  табады. 
Дегенмен  бҥкіл  кезеңдерінде  арпа  ӛсімдіктері  ылғалды  біркелкі  талап 
етпейді. 
Кӛктеу-масақтану 
кезеңдеріндегі 
ылғал 
тапшылығы 
ӛсімдіктердің  ӛсуін  тежейді,  тҥптенуді,  масақшалар  мен  дән  санын 
тӛмендетеді.  Масақтану  –  пісу  кезеңіндегі  қҧрғақшылық  пен  жоғары 
температура 1000 дәннің массасы мен олардың толысуын азайтады.  
 
Арпа  қҧрғақшылыққа  тӛзімді  ӛсімдік,  алайда  ӛнімінің  тӛмендеу 
деңгейі  сҧрыпқа  және  ӛсіру  технологиясының  тиімді  шараларын 
қолдануға  байланысты  ӛзгереді.  Оның  транспирациялық  коэффициенті 
350-450.  
 
Арпадан  жоғары  ӛнім  қалыптастыру  ҥшін  ӛсімдіктерді 
теңдестірілген  қоректенумен,  әсіресе  бастапқы  кезеңдерде  фосформен, 
калиймен,  сонымен  қатар  бҥкіл  ӛсіп-жетілу  кезеңдерінде  азотпен 
қамтамасыз еткен дҧрыс. 10 ц астық және соған сәйкес ӛсінді массасын 
қалыптастыруға арпа дақылы 26 кг азот, 11 кг фосфор және 28 кг калий 
шығындайды. 
 
Арпа  бидайға  қарағанда  топыраққа  аз  талап  қояды  деп 
есептелінеді.  Алайда  бҧл  арпаны  қҧнарлығы  ӛте  тӛмен  топырақтарда 
ӛсіре беруге болады деген сӛз емес. Қазақстанның солтҥстік аймағында 
арпадан  жоғары  астық  ӛнімін  барлық  қара  және  қоңыр  топырақтарда 
алуға  болады.  Сортаң,  кебір  әрі  қҧмдақ  топырақтардың  арпаға 
жарамдылығы  шамалы.  Ол  ҥшін  топырақтың  әлсіз  қышқыл  ортасы 
оңтайлы  болып  табылады  (рН  кӛрсеткіші  5,5-тен  тӛмен  болмағаны 
дҧрыс). 
 
Жақсы  астық  ӛнімі  жеңіл  саздақ  топырақтарда  қалыптасады, 
алайда  батпақтанғыш  ауыр,  ӛте  ылғалданған  топырақтар  арпаға 
жарамсыз. 

жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   222




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау