113
Топырақты ӛңдеу.
Арпаға топырақ ӛңдеу жҥйесі негізінен басқа
дәнді астық дақылдарына ҧқсас.
Тыңайтқыш жүйесі.
Арпа бидай, сҧлы және басқа астық
дақылдарымен салыстырғанда айтарлықтай қуатты тамыр жҥйесін
қалыптастыра алмайды, ол қиын сіңірілетін қоректік заттарды сіңіре
алмайтындығына себепкер болады. Арпа тіршілігінің алғашқы 40
кҥнінде қоректік заттардың жеткілікті болуын қалайды. Бҧл уақыттағы
қоректену молшылығы масақта барынша кӛп мӛлшерде масақшалардың
тҥзілуіне мҥмкіндік жасайды.
Арпа тыңайтқыштардың соңғы әсерін жақсы пайдаланады,
сондықтан фосфорлы тыңайтқыштарды сҥрі танабына бҥкіл ауыспалы
егіс айналымына есептеп енгізген дҧрыс. Егер тыңайтқыштар сҥрі жерге
енгізілмесе немесе толық мӛлшері берілмесе, онда кӛктемде тҧқым
себумен бірге 20 кг/га ә.е.з. мӛлшерін енгізген жӛн. Сҥрі жерден кейін
4-6 танап ретінде ӛсірілетін арпаға себу алдында 30-40 кг/га ә.е.з.
мӛлшерінде азот тыңайтқышын қолдану қажет.
Тұқымды себуге дайындау
тазалау, іріктеу, дәрілеу, қҧрғақ ауада
қыздыру және басқа арнаулы шараларды қарастырады.
Тҧқымды себуге дайындауда маңызды агрошаралардың бірі – оны
қаракҥйе, гельминтоспороз, фузариоз, бактериялық ж.б. ауру
қоздырғыштарынан залалсыздандыру. Ал бҧлар дерлік барлық арпа
ӛсіретін аймақтарда айтарлықтай кӛп тараған. Арпа тҧқымын 34 %
витавакс 200 ФФ (1,5-2,0 кг/т), 2,5 % премис (1,0-1,5 кг/т), дивиденд стар
036 (1,0-1,25 кг/т), 6 % раксил (0,4 кг/т) және басқа да улы
дәрмектермен ПС-10, «Мобитокс» ж.б. машиналарда дәрілейді.
Тҧқымды залалсыздандыру ылғалдандыру (40 л суды 1 т тҧқымға)
тәсілімен іске асырылады.
Пайдалануға рұқсат етліген сұрыптар:
Ерте пісетін: Арна (Ақмола, СҚО, Қостанай облыстарында);
Орташа мерзімде пісетіндер: Целинный 91 (Ақмола, Павлодар
обл.); Донецкий 8 (Ақмола, Қостанай, СҚО, Қарағанды); Медикум 85
(Ақмола, Қостанай, Павлодар, СҚО); Гранал (Қостанай обл.); Кедр
(Ақмола,СҚО); Карабалыкский 150 (Қостанай обл.).
Орташа мерзімнен кеш пісетіндер: Омский 87 (Ақмола, СҚО).
Себу мерзімі.
Арпа барынша ерте мерзімде себілетін дақылдар
қатарына жатады. Оңтҥстік облыстарда топырақта жинақталған ылғалды
толық пайдалансын деген мақсатпен ерте кӛктемде себеді. Қазақстанның
солтҥстігінде астыққа да, мал азағына да ӛсіргенде мамырдың соңы –
маусымның басында сепкенде жақсы ӛнім алынады, ӛйткені бҧл уақытқа
дейін танаптар арамшӛптерден, оның ішінде қарасҧлыдан да, жақсы
тазартылады, жазғы мол жауын-шашын тиімді пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: