8-тармақ
ІІО-ның профилактикалық әңгімелесу
жүргізу жөніндегі құзыретін көздейді. Тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилактикасының
өзге
субъек ті лерінің құзыретін қарап отырып, біз
профи лактикалық әңгімелесу жүргізу жөніндегі
құзыретке тек ІІО ие деген қорытындыға келеміз.
Біздіңше «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профи-
лактикасы туралы» ҚР Заңындағы мұндай ережені
қате деп санаған жөн. Мұндай қорытынды
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының «2. Тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыс-
тық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе
өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін
негіздер бар адаммен профилак тикалық әңгіме ле-
суді жүргізеді» деп көрсетілген 19-бабына да қайшы
келеді.
Мәніне қарайтын болсақ, профилактикалық
есепке қоярда кез келген тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасының субъектісі есепте
болу тәртібін, профилактикалық жұмыс перспек-
ти валарын және т.с.с. түсіндіре отырып, профилак-
тикалық әңгімелесу өткізуге тиіс. Осы тақылеттес
есептерді кәмелетке толмағандарға және жағдайсыз
отбасыларына қатысты білім беру органдары,
спирттік ішімдіктерді салынып ішетін және есірткімен
әуестенетін адамдарға қатысты – денсаулық сақтау
органдары жүргізеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық
профилактикасы субъектілері де «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның
3-тарауында санамаланған тиісті жеке профилактика
шараларын қолданады.
«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» ҚР
Заңының 25-бабында
«2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық
бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын
қолдану құзыретіне жататын құқық бұзушылық
субъектісі құқық бұзушылық жасаған немесе
оған
қатысты
құқық
бұзушылықтың
жеке
профилактикасы шараларын қолдануға негіз
24
1-тарау. ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі
бар адаммен өткізеді» делінген. «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы»
ҚР Заңының 19-3-бабы да өзге органдарға
профилактикалық әңгімелесу жүргізу құзыретін
береді. «2. Профилактикалық әңгімелесуді құқық
бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын
қолдану құзыретіне жататын кәмелетке толмағандар
арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз
және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің
мемелекеттік органы мен мекемесінің өкілі құқық
бұзушылық жасаған немесе оған қатысты құқық
бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларын
қолдануға негіз бар адаммен өткізеді».
Яғни, ҚР заңдары ІІО-ға ғана емес, профилактика
субъектілерінің барлығына да профилактикалық
әңгімелесу жүргізу құзыретін береді. Осыған
байланысты
«Тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилактикасы туралы» ҚР Заңынан 10-баптың
8-тармағын алып тастау туралы қорытынды
негізді. Бұл проблеманы шешудің екінші нұсқасы
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңынан басқа ҚР барлық заңдарынан
профилактикалық
әңгімелесу
жүргізу
тәртібі
көзделетін нормаларды алып тастау болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |