6-тармақ
ІІО-ның тұрмыстық зорлық-зомбылық
фактілері туралы немесе оларды жасау қаупі
туралы арыздар мен хабарламаларды болған жерге
шығып қарау және олардың жолын кесу бойынша
шараларды қабылдау құзыретін бекіткен. Мұндай
құзырет «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін
қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы
№ 221 ҚР Заңымен бекітілген және жүйеленген
заңнамамен, ҚР Жоғарғы сотының нормативтік
қайлыларымен және ҚР ІІМ Нұсқаулықтарымен іске
асырылады.
ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 22
мамырдағы № 351 бұйрығымен ҚР Ішкі істер
министрінің «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау, шешу, азаматтарды ҚР ішкі істер
органдарында қабылдау бойынша нұсқаулықты
бекіту туралы» 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 225
бұйрығының күші жойылды. Енді әкімшілік құқық
бұзушылықтар
туралы
материалдарды
шешу
тәртібі ҚР ІІМ-ның 2013 жылғы 13 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер
өндіріс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №
713 бұйрығымен реттеледі. Бірақ бұл жерде елеулі
кемшілік бар: жоғарыда аталған Нұсқаулық жаңа
ҚРӘҚтК қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған
болатын, сондықтан оның мазмұны ішінара ескірген.
[26].
Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша
істердің шешілуі Қазақстан Республикасы Қыл-
мыстық кодексінен басқа ҚР Бас прокурорының
«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар
мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін
жүргізу қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 19
қыркүйектегі № 89 бұйрығымен іске асырылады.
Бірақ бұл жерде арыздар мен шағымдарды шешу
процесінің барлық мәселелері жоғарыда аталған
құқықтық актілермен реттелмегенін атап өткен жөн.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды
және ІІО бөлімшелерінің азаматтардан алынған
ақпаратқа сәйкес іс-қимылын реттейтін нақты
құқықтық тетік жоқ. Арыздар мен шағымдарды
шешу кезіндегі қызметтік іс жүргізуді жүзеге асыру
бойынша қосымшаларды: кітаптарды, журналдарды,
бланк өнімдерінің үлгілері мен оларды толтыру
қағидаларын бекіту қажет. Бұлардың барлығын түрлі
ведомстволық құқықтық актілерден табуға болады,
бірақ бұл үлгілер мен кітаптарды жүргізу (толтыру)
қағидаларының әр жерде шашылып жүруі оларды
іс жүзінде қолдануды қиындатып отыр. Сондықтан
біз де ІІО бөлімшелерінің азаматтардың арыздары
мен шағымдарын қабылдау және шешу бойынша
қызметін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін
тұтастай реттейтін ҚР ІІМ-нің Кешенді нұсқаулығын
әзірлеу қажет деген пікірді жөн көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |