11-тармақты
алып тастаған жөн. 2014 жылғы
18 ақпандағы № 175 ҚР Заңмен қорғау нұсқа масын
шығарудың жаңа тәртібі енгізілді, онда проку ра-
тураның қорғау нұсқамасының мерзімін ұзарту
өкілеттігі алып тасталған.
12-тармақты
да 9-тармаққа коммертарийлерде
көрсетілген осы тақылеттес себептер бойынша алып
тастаған жөн.
13-тармақ
ІІО-ға сот алдында тұрмыстық
зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына
ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасау
құзыретін береді. Салыстырылатын заңдарда ІІО-
ның мұндай құзыреті көзделмеген. Ал «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР
Заңының 19-1-бабында жеке профилактиканың
мұндай шарасы көзделмеген, бұл біздің ойымызша,
қателік болып табылады.
Біріншіден, құқық бұзушының мінез-құлқына
ерекше талаптарды 16 жастан бастап белгілеуге
болады. Екіншіден, бұл салыстырылатын заңдарға
және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу
туралы» ҚР Заңының 19-5-бабының 2-тармағының
2-бөлігіне қайшы келеді, өйткені онда бос уақытын
шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар
белгілеу туралы шешім қабылданған кәмелетке
толмағандарды есепке қою тәртібі көзделген.
Одан басқа, салыстырылатын заңдардың бапта-
рында құқық бұзушыға ерекше талаптар белгілеуден
басқа, сұндай шара ҚРӘҚБтК 54-бабында көзделген
және оның қолданылуы отбасылық-тұрмыстық
қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен
шектелмейді.
ҚРӘҚБтК 54-бабының 1-бөлігінде «Әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзуге
қатысушылардың және (немесе) iшкi iстер
органдарының өтiнiшхаты бойынша әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде сот
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаған адамның
мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін»
делінген. Яғни мұндай шара тек ІІО өтінішхаты
бойынша ғана қолданылмайды, сондықтан да
мұндай құзыретті әкімшілік процестің қатысушылары
бола
алатын
тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилак ти касының барлық субъектілері үшін
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» Заңның 7-ден 15-ші дейінгі баптарында
көздеуге болады. 2014 жылғы 18 ақпандағы №
175 ҚР Заңының 54-бабының 1-бөлігі өзгертілген.
Бұрын тек ІІО ғана құқық бұзушының мінез-құлқына
ерекше талаптар белгілеу туралы сотқа өтінішхат
бере алатын болған. Осыған байланысты ІІО талдау
жасалып отырған құзыретінің редакциясы ескірген
және оның 10-бапта болуы қағидатты емес деген
қорытынды жасауға болады.
Жоғарыда баяндалған талдаудың негізінде
біз 13-тармақты алып тастауды ұсынамыз. Одан
басқа, мұндай шара ҚРӘҚтК-те көзделген тәртіппен
қолданылады деген сілтемелерді қалдыра отырып,
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының 27-бабын да алып тастауға
болады. Бұл баптардың мазмұндары әртүрлі, ал
оларға өзгерістер мен толықтырулар ылғи да бір
мезгілде енгізілмейді, бұл ІІО-ның құқық қолдану
прак тикасында түрлі проблемаларды тудыруы
мүмкін.
Өзге де негіздемелер бар. ҚРӘҚтК-тің 54-
бабы негізінде бұл әрекетті әкімшілік құқық бұзу-
шы лықпен байланысты процестің кез келген
қатысушысы жүзеге асыра алады. Сондықтан бұл
тармақты алып тастау керек, ал бұл құзыретті барлық
профилактика субъектілеріне бекіту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |