Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға
және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп
21
лықпен күресуде өз қызметінде жеке профилактика
шараларымен қатар тұрмыстық зорлық-зом-
былық профилактикасының арнайы және жеке
шараларын да қолдануы тиіс. Біздің пікірімізше,
жоғарыда жазылған 16-баптың мәтіні «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР
Заңында (ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы)
жазылуы тиіс.
«Ішкі істер органдарында профилактикалық
есепте тұратын адамдарды профилактикалық
бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту
туралы» ҚР ІІД 2014 жылғы 15 шілдедегі №432
ведомстволық бұйрығы да профилактикалық
шаралар туралы ешқандай түсіндірме бермейді [20].
Осыған байланысты, біз ҚР заңнамасында
құқық бұзушылық профилактикасының арнайы
шаралары тізбесінің көзделуі тиіс деп санаймыз.
Бұл мәселені шешудің екінші нұсқасы құқық
бұзу шылық профилактикасының арнайы шара-
ларын қолданудың құқықтық негіздерін «ҚР ІІО
туралы» ҚР Заңынан және «Құқық бұзушылық про-
филактикасы туралы» мамандандырылған заңынан
алып тастау болуы мүмкін. Бірақ, құқық бұзушы-
лық профилактикасы саласындағы барлық маман-
дандырылған заңдарда ІІО-ның құқық бұзушы лық-
тың жалпы және жеке профилактикасы шара ларын
қолдану құзыретін айқын қарастыру қажет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
процесінің құқықтық негіздері «Тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңымен
ғана шектелмейді, себебі Заңның 17-бабында
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профи-
лактикасы шараларының ғана тізбесі қарасты-
рылады. ЖПҚ ІІО кең құзыреті Қазақстан Республи-
касының басқа Заңдарында белгіленген:
– Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен бала лар-
дың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын
алу туралы. ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы;
– Құқық бұзушылықтар профилактикасы тура-
лы. ҰР 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271;
– Пробация туралы. ҚР 2016 жылғы 30 жел-
тоқсандағы №38 Заңы;
– Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық
дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы.
ҚР 1995 жылғы 7 сәуірдегі №2184 Заңы;
– Бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы.
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шіл-
дедегі №28 Заңы.
Мамандандырылған Заңнан басқа тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасының процесіне
тікелей (негізгі) алғашқы екі заң ықпал етеді. Құқық
бұзушылықтың жеке профилактикасы шараларынан
тыс ЖПҚ ІІО «Құқық бұзушылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының 21-бабында тізбектелген,
құқық бұзушылық профилактикасының жалпы
шараларын жүзеге асыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: