Жұмыс талабына түсініктемелер беру әдістері.
Дисфункцио-
налды қайшылықты болдырмаудың алдын алуының бірден-бір
басқарудағы тиімді әдісі ретінде осы аталған әдіс қарастырылады.
Мұнда әрбір қызметкердің және бөлімшеден қандай нәтиже
күтілетіні түсіндіріледі.
Үйлестірушілік және интеграциялық механизмдерді қолдану
әдістері.
Өте кең тетік – команда тізбегі. Вебер және әкімшілік
мектептері өкілдерінің айтуларынша, өкілеттіктер иерархиясы
адамдардың қарым-қатынастарын қалыптастырады. Мысалы, егер
екі немесе одан да көп бағыныштылар бір сұрақты шешу барысында
көзқарастарында таластар тудырса, онда ортақ басшы шешім
қабылдау арқылы қайшылықты болдырмауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |