Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Фирмаға әсер ететін бәсекелік күштер



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет20/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   189
стратегиялық менеджмент

Фирмаға әсер ететін бәсекелік күштер 
Фирмаға  кездесетін  пайдалы  (ыңғайлы)  мүмкіндіктер  мен 
қауіптерді теңестіру үшін салада бәсекелік күштерді талдау қажет. 
Ол үшін М. Портер бес күш моделін (үлгісін) ұсынды – Портердің  
«бес күш» моделі деп аталады:


35
3-сурет. М. Портердің «бес күш» үлгісі
М.  Портердің  дәлелдеуі  бойынша,  бұл  үлгі  мағынасы  осы 
күштердің әсер етуі (басым болуы) жоғары болған сайын, жұмыс 
істеп  жатқан  компаниялардың  бағаларды  және  пайданы  өсіруге 
мүмкіндіктері  азая  түседі.  Күш  әлсіреген  сайын,  компания  үшін 
жақсы  мүмкіндіктер  туады.  Компания  өз  стратегиясын  өзгерту 
арқылы ол күштердің өз пайдасына жұмыс істеуіне әсер етеді. 
1.  Портер  бойынша,  бірінші  күш  –  әлеуетті  бәсекелестердің 
кіру тәуекелдігі компанияның пайдалылығына қауіп туғызады. Бұл 
фактордың бәсекелік күші кіруге кедергілердің биіктігінен тәуелді 
(салаға  кіру  құны).  Бұл  кедергілердің  пайда  болуының  үш  негізі 
бар:
а) сатып алушылардың сауда маркасына ниетінің түзулігі;
ә)  шығын  бойынша  абсолюттік  артықшылықтар  (өндірістің 
төмен
шығындығы 
жұмыс 
істеп 
жатқан 
компаниялардың 
артықшылықтарын қамтамасыз етеді);
б)  мөлшер  арқылы  үнемділік  (бұл  үлкен  компаниялармен 
байланысты).
2.  Портер  бойынша,  екінші  бәсекелік  күш  –  саладағы 


36
компаниялар  арасындағы  бақталастық  болып  табылады.  Бұл 
жерде үш факторлардың әсерін анықтау қажет: салалық бәсекенің 
құрылымы; сұраныстың жағдайы; салаға кіру кедергілердің биіктігі 
–  бұлар  экономикалық  және  эмоционалдық  факторлар  болып 
есептеледі. 
3.  Үшінші  күш  –  сатып  алушылардың  «саудаласу» 
мүмкіндіктері. Бұл сапа қажеттілігіне байланысты  бағаға төнетін 
қауіп. Әлсіз сатып алушылар, керісінше бағаны өсіреді және таза 
табысты көтереді. 
4.  Төртінші  бәсекелік  күш  –  жабдықтаушылар  жағынан 
көрсетіледі.  Бұл  бағаны  көтеру  қаупі  және  соған  байланысты 
компанияны жабдықтау өнімдерінің санатын кемітуді мәжбүр етеді. 
Сөйтіп таза табысты да азайтады. 
Жабдықтаушылар тарапынан ең күшті әсер ететін мүмкіндіктер 
мыналар:
-  жеткізілетін  өнімнің  өзгертушілерінің  аз  болуы  және  оның 
компанияға маңыздылығы;
-  қашан  саланың  компаниялары  жабдықталушы  фирмаларға 
маңыздығы аз;
- қашан жабдықтаушылар тікелей интеграциялауды қауіп ретінде 
пайда лану.
5.  Бесінші бәсекелік күш – өнімдердің ауыстырылуының қауіп 
туғызуы. Бұл бәсекелік қауіп – компанияның бағаларын және оның 
пайдалығын шектейді. 
Портер  елдің  бәсекелстік  қабілеті  туралы  мынадай  сатыларды 
келтіреді: 
1) өндірістің факторлар сатысы; 
2) инвестиция сатысы;
3) жаңалық енгізу сатысы; 
4) байлық сатысы.
Стратегиялық басқаруда бәсекелік артықшылықтардың жіктеуін 
білу  қажет.  Объектілердің  мынадай  жіктеу  белгілері  бар:  жүйеге 
қатысы  (ұйымға,  елге  және  т.б.);  артықшылықтардың  пайда  болу 
аясы;  артықшылық  факторларының  мазмұны;  артықшылықтың 
пайда болу құралы мен әдісі; іске асырылатын жері (орны); уақыты 
және алатын тиімділіктің түрлері.


37

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау