Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет28/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
общеобязательных стандартов образования

3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
      27. Жоғары білімнің мақсаты белгілі бір мамандық бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары 
білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге 
қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
      28. Кәсіби құзыреттер ӘАОО-ны қоспағанда, жоғары білімнің әрбір мамандығы бойынша 
кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын 
ескере отырып әзірленеді.
      29. Жоғары білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
      1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
      2) құрмет;
      3) ынтымақтастық;
      4) ашықтық.
      30. Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
      1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал
ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында 
базалық білімінің болуы;
      2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіби қызмет саласында ақпараттық 
технологияларды қолдана білуі;
      3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа
білімді меңгеру дағдысының болуы.


      31. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
      1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін 
әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
      2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын 
игеру;
      3) Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;
      4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
      5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
      6) ғылым және ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;
      7) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
      8) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
      9) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын әдеппен дәлелдей алу, жаңа 
шешімдер ұсына білу;
      10) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
      11) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
      32. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
      1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. 
жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
      2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік 
сектордың рөлін білу және түсіну.
      33. Өзгерістер мен белгісіздіктер серпінінің өсуі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, 
кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа 
қойылатын талаптар:
      1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы серпінді түрде 
өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;


      2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу;
      3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатында 
шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
      34. Жоғары білім мамандықтары шеңберінде жоғары оқу орны Ұлттық біліктілік шеңберіне, 
кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен
келісілген әртүрлі білім беру бағдарламаларын өз бетінше әзірлейді.
      Білім беру бағдарламалары оқытудың нәтижесіне бағдарлануы тиіс.
      35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшем құралдары: оқу жоспарлары 
мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдердің ұзақтығына, академиялық
сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
      36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге 
асырылады.
      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
      ӘАОО-да оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ) және жұмыс (ЖОЖ) болып бөлінеді.
      37. ҮОЖ осы стандарт негізінде жоғары білімнің нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және
оны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбекті қажетсінуін және әрбір оқу 
қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) 
кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы 
санымен көрсетіледі.
      ӘАОО-да ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті 
мемлекеттік органның басшысы бекітеді. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбекті 
қажетсінуі және оқу қызметінің әрбір түрі (практикалар, мемлекеттік емтихандар, диплом жұмысын 
жазу және қорғау) кредитпен айқындалады, ал оқу пәнінің әрбір циклі бойынша жоғары оқу орны 
компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
      38. ӘАОО-ны қоспағанда,ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі 
барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын
(ЭПК) әзірлейді.
      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге 
элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.


      39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. 
ӘАОО-ларды қоспағанда, ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын айқындайды.
      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері және оқу қызметінің түрлері (практикалар, 
мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау 
компоненті пәндері кіреді.
      40. ӘАОО-ны қоспағанда,ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен студенттердің ЖОЖ-ы 
негізінде әзірленеді және оны ғылыми кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы 
бекітеді.
      ӘАОО-ларда ЖОЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы негізінде әзірленеді.
      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбекті 
қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу 
қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) 
жазу және қорғау) айқындалады.
      41. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу 
орны өзі айқындайды.
      ӘАОО-ларда ОЖЖ әзірлеу және бекіту нысанын, құрылымын, тәртібін ӘАОО белгілейді.
      42. Барлық оқу пәндерінің мазмұны үлгілік және оқу жұмыс бағдарламаларымен (силлабус) 
айқындалады.
      43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және 
оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      ӘАОО-ларда ҮОЖ-ны тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекітеді.
      44. Оқу жұмыс бағдарламалары (силлабустар) оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 
әзірленеді және оларды жоғары оқу орны дербес бекітеді. Бұл ретте оларды міндетті компонент 
пәндері бойынша әзірлеу ҮОБ негізінде жүзеге асырылады. Оқу жұмыс бағдарламаларының (
силлабустардың) нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін жоғары оқу орны өзі айқындайды
.
      45. Міндетті минимум мен жоғары оқу орны ұсынатын оқу жүктемесінің көлемі шеңберінде 
алынған білім деңгейі бақылаудың әртүрлі түрлері арқылы қамтамасыз етіледі.
      46. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер 
бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде (әр академиялық кезең мен оқу 
жылы аяқталған кезде) Тіркеу (бөлім, сектор) кеңсесі ұйымдастырады және бақылау мен бағалау 
оқытудың қорытынды нәтижесіне бағытталуы тиіс.


      47. Тіркеу кеңсесі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол 
студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде көрсетіледі.
      Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде
беріледі.
      48. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды 
қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
      49. Жоғары оқу орны бітірушілерін қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және 
мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.
      50. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты бітірушінің теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіби 
құзыреттерін, кәсіптік мәселелерді шешуге дайындығын және оның дайындығының білім беру 
бағдарламасы мен кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.
      51. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық 
жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша
мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүзеге асырылады.
      Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау 
рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін
анықтау және бағалау мақсатын көздейді.
      ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан тапсыру 
және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі базалық
және/немесе бейіндеуші пәндер бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүргізіледі.
      Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау 
рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыстың (жобаның) мақсаты – бітірушінің талдау және 
зерттеу қабілеттіліктерін анықтау және бағалау.
      52. Жоғары оқу орны білім алушылардың теориялық дайындығының, оқу жетістіктерінің 
деңгейін, оқу нәтижелерін және зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды 
аттестаттау нысанын дербес айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және 
дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән 
бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру.
      ӘАОО білім алушылардың мамандықтарын, теориялық дайындық деңгейлерін, оқу жетістіктерін, 
оқыту нәтижелерін және зерттеу-талдау қабілеттерін ескере отырып, олардың қорытынды аттестаттау
нысанын дербес айқындайды: мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын 
қорғау немесе мамандық бойынша және қосымша екі базалық және/немесе бейіндеуші пәндер бойынша 
мемлекеттік емтихан тапсыру.
      53. Білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін жоғары
оқу орны кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.


      ӘАОО оқыту технологиясы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Әскери, арнаулы оқу 
орындарында оқу процесiн, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және 
жүзеге асыру қағидаларымен және Әскери, арнаулы оқу орындарында білім беру технологияларын 
қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен айқындалады.
      54. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны осы стандартқа 
 (
3-қосымшаға
бакалавриат үшін) және 
 (жоғары арнаулы білім үшін), ӘАОО – 
 сәйкес 
4-қосымшаға
5-қосымшаға
бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
      55. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу 
жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.
      56. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
      1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын 
теориялық оқытуды;
      2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери 
дайындықты және т.б.;
      3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
      Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары модульді оқыту қағидаты бойынша 
құрылады.
      57. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша 
жүзеге асырылады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен 
оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
      Кредиттер білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерінің және/немесе модульдерінің (
элементтерінің) шартты "бағасын" көрсетеді. Жалпы еңбекті қажетсіну ұғымына лекциялық, 
практикалық (семинарлық), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмысы, 
курстық, есептік-графикалық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практиканың, тағылымдамалардың барлық 
түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту кіреді.
      58. Теориялық оқытудың жалпы еңбекті қажетсінуі оқытылатын оқу пәндерінің тізбесімен 
анықталады.
      59. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің 
көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен 
бағаланады.
      Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.


      ӘАОО-ларда әрбір пән көлемі кредиттердің тұтас санын құрайды және пәндерді 1 кредитке 
бағалауға жол беріледі.
      60. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда, әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір 
атауға ие болуы тиіс.
      ӘАОО-ларда пәндерді бірнеше академиялық кезеңдер ішінде меңгеруге жол беріледі.
      61. Білім алушылар әрбір оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң 
емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіби практиканың барлық түрлері, курстық 
жұмыстар (жобалар) бойынша қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін 
қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.
      ӘАОО-ларда курсанттар әрбір пәнді оқуды аяқтағаннан кейін емтихан нысанында қорытынды 
бақылау тапсырады. Егер пән екі және одан да көп академиялық кезеңнен тұрса, әрбір академиялық 
кезең аяқталғаннан кейін емтихан нысанында аралық бақылау өткізіледі. Кәсіби практикалардың, 
курстық жұмыстардың (жобалардың), әскери тағылымдамалардың барлық түрлері қорғау арқылы 
бағаланады.
      62. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әрбір пәнге тиісті әріптік 
және сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі 
қолданылады.
      63. Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына қолданыстағы 
заңнаманың нормаларын іске асыратын пәндер міндетті түрде кіреді.
      64. Бакалавриатта білімді меңгерудің нормативтік мерзімі 4 жылды, жоғары арнаулы білім 
беруде (мамандық) – 5 жылды құрайды.
      ӘАОО-ларда жоғары білімді меңгерудің нормативтік мерзімі кемінде 4 жылды құрайды.
      65. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан 
табысты өткен тұлғаларға осы стандартқа 
 сәйкес тиісті мамандық бойынша "бакалавр" 
6-қосымшаға
дәрежесі немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі
.
      Жоғары оқу орны бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере 
алады.
      ӘАОО-ларда жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген адамдарға "
бакалавр" дәрежесі және/немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі 
диплом беріледі.
      ӘАОО бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) бере алады.



жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау