МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУЫНЫҢ МӘНІ
Нығметова Ғ.Н.,
Пс.ғ.к., доцент
Салимханова Гуля,
№154 балабақша меңгерушісі
Алматы қаласы
Мектепке дейінгі жас – ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі
психикалық даму көрінісі. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті
ретінде қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр
алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын
мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші,
басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін
жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып
үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:
олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды[1]. Мектеп жасына дейінгі
кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарты, өйткені балалар
қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен
қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің
тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай
қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама
таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен
негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік
қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып
естіледі».
С.Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру,
өзгеріске енгізу», – деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың
ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді
[2].Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір
тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға
келеді.Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының
дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық
жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен
қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:Бірінші дәрежеде қиял
қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік
береді.Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда
да заттық байланыстың рөлі бар.Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға
137
ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы – ой-пікірден оның іске
асуына байланысты.
Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған
ертегілері мен қызықты әңгімелері мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін
жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды.
Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан
ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді
танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан
шығудың әдісі [2, 41 б.]. В.С. Мухина теориясы бойынша өзінің бастамалары
жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын
сананың белгілер функциясымен байланысты[3]. Белгілер функциясын
дамытудың бір желісі заттарды басқа баламалармен және олардың
бейнелеулерімен алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді
пайдалануға, ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі
нақтылы бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру
мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің
материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді. Алғашқы кезде қиял заттарды
қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай.
Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің
түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен тақпақтарды ойлап
шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында
ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері
ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары
ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз
күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала
алмайды. Бала бірдеңеге назар аударатындай, көргені мен естігенін жадында
сақтайтындай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-
әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде
қалыптаса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар
арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір
нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе
пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың
ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше: «Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің
күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті
шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады». Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі
кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде
ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың
күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және
ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге
болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті
138
көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-
тегжейлерін бөліп алады [4].
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен
пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне
тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу және еңбек
тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана
пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты
түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін қызықтырған
мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға кіріседі,
құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды.
Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық физикалық
және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен
қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана білуді талап етеді. Осы
жастағы балалардың жылдың соңына дейін абстрактылы логикалық ойлауы
жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде, бала затты көрмей тұрса, берген
сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын
жақсы қабылдауға тиіс
.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші
роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін тәрбиеші тиісті жұмыстар жүргізіп
отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп
тәрбиелеумен ұштасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |