оқыту барысындағы теориялық білім іс-тәжірибемен өте тығыз байланыста.
тәрбиешілердің кәсіби шеберлігі. Ал, бүгінгі күні осы мақсатқа жету жолы
292
түрлерін жүргізу керек, осы орайда әрбір студент аудитория алдында өзін еркін
ұстап, ойындағысын тыңдаушыларға жеткізе білуі керек. Ал, бұл дағды мен
іскерлік, бір емес, бірнеше тәжірибе арқасында ғана келеді.
Тәжірибені жинақтау үшін, әрбір студент АКТ-ды қолдана отырып,
балаларға арналған тапсырмалар қатарын, көбіне, фильмдерді қолданады,
анимация арқылы және Activ Inspire бағдарламасы бойынша дайындап, топ
ішінде және іс-тәжірибеге барғанда жүзеге асырады. Ата-аналармен және
педагогтармен жүргізілетін семинар, тренинг, дөңгелек үстел, іскерлік
ойындарды Mickrosoft PowerPoint, аудио,видеоны қолданып жүзеге асырады.
Бұл тәжірибелер күнделікті беріліп жатқан білімдер жүйесіне негізделеді.
Психология және мамандандыру сабақтарын оқыту барысында балаларға
арналған ойындар, суретті тест тапсырмалары, тәжірибе барысы интерактивті
тақтаны және компьютерді қолдану арқылы дайындалады. Жарқын бейнелер,
суретті тапсырмалар бүлдіршіндердің ғана емес, сонымен қатар студенттердің
жадында да сақталады. Бейнелеу өнері сабақтарында іс-әрекеттің мазмұнымен,
жасалу жолдарымен таныстырған кезде АКТ-ның үлесі зор. Әрбір жаңа
тақырыпты түсіндіру кезінде педагогтың демонстрациялық құралы болуы
қажет. Осы орайда тыңдаушыларды толық қамту, барлығына бірдей деңгейде
түсіндіру мәселесі орын алады. Бұл оқытушылар ғана емес, тәрбиешілердің де
күнделікті кездесетін мәселесі. Ал интерактивті тақта және компьютер, оның
ішіндегі түрлі бағдарламалардың көмегімен осындай оқылықтардың орнын
толтырамыз. Сонымен қатар, бейнелеу өнері әдістемесі сабақтарында
теориялық білімді бекіту үшін, практикалық сабақтарда бейнелеу іс-әрекеті
түрлері орындалады. Бұл орайда АКТ студенттің жұмыс дәптері рөлін де атқара
алады, барлық заттар мен сюжеттің мазмұнның жасалу жолдарын қарастырып
жүзеге асырады.
Студенттер іс-тәжірибеге барған кезде арнайы пәндер бойынша
жүргізілетін жұмыстарды АКТ құралдарын қолдана отырып жүзеге асырады.
Студенттер ұйымдастырылған оқу қызметтерін флипчартта дайындап,
интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толығымен қолдану міндеттеледі.
Қазіргі таңда осы бағыт бойынша тек балалармен атқарылатын іс-әрекеттер
қатарын практикалық тұрғыда жүзеге асырудамыз, болашақта ата-аналармен
және педагогтармен жүргізілетін жұмыс бағытының мазмұны мен құрылымын
жүзеге асыруды қолға аламыз. Бейнелеу өнері әдістемесінен тақырыптық
жоспарға сай ұйымдастырылған оқу қызметінің демонстрациялық құралы
электронды тұрғыда өңделуде. Мұның барлығы студенттердің кәсіби
шеберліктерін қалыптастыруда АКТ-ны қолданудың тиімділігінің және
оқытушының АКТ-ны тиімді пайдалануының көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: