«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет102/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   296
materialy resp chteniy

Күтілетін нәтиже: 

-

 



театр, оның түрлері туралы түсініктерді игереді;  

-

 



қазақ тіліндегі сөздік қоры молаяды; 

-  диалог  жұмысын  жүргізу  арқылы  балалардың  сөйлесу  тіл  мәдениеті 

жетіледі. 

Баланы  сахнада  болсын,  ұйымдастырылған  оқу  қызметінен  тыс  іс-

шараларда болсын кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-

жақты дамыту, оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық 

сезімдерін  ояту  қажет.  Балалар  сахнада  шағын  рөлдерді  ойнау  арқылы 

байланыстыра  сөйлеуге,  әдемі  киініп,  жинақы  жүруге,  үлкендермен  және  өзге 

де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Өзге ортада өзін еркін ұстай білуге 

дағдыланады.  Жетілген  диалог  балаларды  өз  пікірін  жеткізе  білуге  жетелейді. 

Театрландырылған  ойындар  балалардың  ой-өрісін  кеңейтеді,  балаларды 

әңгімеге  араласуға,  қойылым  туралы  ата-аналарына,  достарына,  араласатын 

ортасына әңгімелеп беруге итермелейді.  

Қазақ  халқының  ұлы  ойшылы,  дана  ақыны,  дара  ақыны  Абай  атамыз: 

«Ойын  ойнап,  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?»  –    деп  айтқандай,  баланың 

өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  зейіні 

тұрақсыз  болады.  Оларды  біркелкі  жұмыс  тез  жалықтырады.  Сондықтан 



193 

 

олардың  зейінін  үнемі  қажетті  бағытқа  аудару  үшін  ойын  түрінде  жүргізу 



қажет.  Өйткені  ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  алған  білімді  ойынмен 

тиянақтау білімнің орнау беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың 

жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың куанышы мен реніші ойында 

айқын  көрінеді.  Ойын  кезіндегі  баланың  психологиялық  ерекшелігі  мынада: 

олар  ойланады,  эмоциялық  әсері  ұшқындалады,  белсенділігі  артады,  ерік 

қасиеті,  қиялы  дамиды.  Мұның  бәрі  баланың  шығармашылық  қабілеті  мен 

дарындылығын  ұштайды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  көргендерін, 

байқағандарын,  айналасынан  естігендерін  ойын  кезінде  қолданатын  көруге 

болады.  Ойын  айналадағы  болмысты  бейнелейді.  Ойын  барысында  балалар 

дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік 

алады, адамдармен араласуға үйренеді. Берілген әр түрлі сипаттағы ойындарды 

қолдану  іс-әрекеттің  әсерлігін  арттырып,  балалардың  логикалық  ойлауын, 

математикалық 

қабілеттерін 

дамытады, 

шығармашылық 

жеке-дара 

дарындылығын,  логикалық  тұжырымдарын  жүйелейді.  Бұл  ойындарды 

тәрбиеші  шығармашылықпен  түрлендіріп,  балалардың  жас  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  жаңа  тақырыпты  өткенде  өтілген  материалды  қайталағанда, 

білімді  тиянақтау  кезінде іс-әрекеттің мазмұнына  сай  театрландырылған ойын 

түрлерін  пайдалануға  болады.  Сондықтан,  балалардың  жас  ерекшелігіне, 

қызығушылықтарына байланысты ойындарды ойнау, драмалық қойылымдарды 

сомдау,  кейіпкерлер  рөліне  ену  балалардың  ойлау,  қабылдау,  еліктеу  қабілеті 

және  заттардың  түрін,  түсін,  көлемін  ажырата  білуін  дамыта  түсу  үшін  өте 

қажет.  Ойын  барысында  ойын  жағдайына  бейімделу,  алғашқыда  жекелеген 

элементтерді, кейіннен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі, қиялы 

дамиды. Рөлде ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала 

оның  әрекеттерін,  сезімдерін  бастан  кешіреді.  Осындай  эмоциялық  күйлер 

баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таңқалдырып, өз сезімін мимика, 

ым-ишара, т.б. көріністер арқылы беруге үйретеді. 

Көркем шығармалармен жұмыс істеу жүйелілігі: 

- шығармамен таныстыру; 

-  таңдап  алынған  шығарманы  мазмұндап,  мән-мағынасын  түсіндіріп 

талдау, кейіпкерлендіру; 

-  шығарманы  сахналауға  қажетті  құралдар  дайындау.  Көріністі  заманауи 

құралдармен безендіру; 

- дайындық; 

- қойылымды сахналау. 

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Соның ішінде ең көр тараған түрі: 

ойыншықтар театры. Мұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән 

орындау кезінен бастап-ақ қойылымдарда рөл ойнайды. Ондағы адамдар рөлін 

ойыншықтар орындайды. 

Театрдың  келесі  бір  түрі:  саусақ  театры,  ол  –  саусақтардың  көмегімен 

қандай  да  болмасын  ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын  сахналау.  Саусақ 

театры арқылы баланың сөйлеу қабілеті дамып, дарындылығы, ынтасы артады 

және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.  Сонымен  бірге,  балалар 



194 

 

қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-жануарларды,  құстарды 



және  ағаштарды  бейнелей  алады.  Саусақтарының  қозғалыс-қимылына  қарап, 

бала  қуанады,  шаттанады,  сөз  айтуға  тырысады  және  өлеңде  үйренген  сөз 

шумақтарын  қайталап,  есінде  сақтайтын  болады.  Сонымен  қатар  балалар  екі 

қолын қимылдатумен оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды 

үйренеді. 

Үстел  үсті  театры.  Сәбилер  тобынан  бастап  тақпақ  пен  қысқа  өлеңдерді 

айтқызғанда  көркем  сөздер  әсерлі  естілу  үшін  үстел  үстіндегі  театрды 

қолданған дұрыс. Үстел үсті театрында да ойыншықтар қолданылады. 

Суреттер  (картиналар)  театры  –  декорация  мен  кейіпкердің  суреттері. 

Олардың  әрекеттері  шектелген.  Ойнаушының  дауыс  ырғағы  (интонация) 

арқылы  кейіпкердің  мінез-құлқы  беріледі.  Кейіпкер  әрекет  барысында  пайда 

болады, балалардың қызығушылығын арттырады. 

Кітапша  театры  –  бірін-бірі  ауыстыратын  иллюстрациялық  оқиғалар 

көрсетіледі.  Жүргізуші  стенд-кітапшаның  беттерін  ашу  арқылы  әр  түрлі 

сюжеттерді  көрсетеді  (оқиғалар,  кездесулер,  т.б).  Және  де  бәрімізге  жақсы 

таныс,  суреттер  мен  кейіпкерлер  бейнеден  көрсететін  «Фланелеграф»  театры 

бар. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге 

ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады. Бұл көріністер балалардың 

шығармашылықтарын арттырады, ой-өрісін, қиялын дамытады. 

Театрландырылған  ойынды  басқару  негізіне  әдеби  шығармашылық 

мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдеби тілмен анық, мәнерлеп 

оқу керек, нақышына келтіру-шеберлікке апарар жолы. 

Театрландырылған  ойынға  қатысушы  ортаңғы,  ересек  тобының  балалары 

кейіпкерлердің  мінезін, жүріс-тұрысын,  әдеттерін  айнытпай  салып  көрерменге 

иланымды етіп ойнауы үшін, әр түрлі танымдық жаттығулар жасауға міндетті. 

Сахналық  өнерге  балаларды  баулығанда  жаттаған  сөзінің  мағынасына  сәйкес, 

сезіммен тебірене мәнерлеп айта білуге үйретеді. Соның нәтижесінде олардың 

шығармашылық  қабілеттері  оянады.  Бейнелеу,  көркем  әдебиет,  сөйлеуді 

дамыту  ұйымдастырылған  оқу  қызметтерін  байланыстырып  өткізгенде,  әр 

сабақтың  соңы  әрқашан  да  ертегі  сюжетімен  байланысты  қойылымдармен 

аяқталып  отырады.  Сонымен  қатар,  балалардың  сөздік  қоры  толықтырылады, 

сөйтіп  олардың  белсенділігі  артады,  сабақтар  мен  ертеңгіліктер  еркін  де, 

қызықты түрде өтетін болады. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде ұлттық халық 

ертегілерінен  көріністер,  тәлім-тәрбиеге  тұнған  қойылымдар,  сюжеттер 

қойылды.  Балалар  өз  беттерімен  ойнаған  дербес  іс-әрекетінде  де  театр 

ойындарының  түрлерін  жиірек  қолданатын  болды.  Драмалық  жанрға 

бейімделген  ойындар  өздігінен  туындап  тәрбие  жұмыстарының  барысында 

ертегілер,  сюжетті көріністер  де  жиі  қолданылып,  тіпті  кейде  ертегінің  кейбір 

бөліктері өзгертіліп, шығармашылық жұмыстармен толықтырылып отырды.  

Балалардың  шығармашылығы  тек  рөлдерді  орындаған  кезде  ғана  емес, 

сонымен қатар ойыншықтармен жұмыс жасағанда да көрінеді. Әр түрлі жұмыс 

түрлері  балалардың  ұйымшылдығы  мен  белсенділігін  арттырды.  Балалардың 




195 

 

шығармашылық  қабілеттерін,  сөйлеу  мәдениеті  мен  ой-өрісін,  дүниетанымын 



жетілдіруде театр ойындар түрі тиімді нәтиже береді. 

Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің өзектілігі –  ата-бабадан 

қалған  асыл  мұрамызды  бойына  сіңіру.  Балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеп, 

тілдерін дамыту мақсатында халық ауыз әдебиетінің асыл-мұралары саналатын 

ғажайып  ертегілер,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар,  тәрбие 

әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор екені белгілі. 

Бұл  материал  тақырыптық  жүйеде  берілгендіктен,  мазмұнға  сәйкес 

сұрыптала  берілді.  Ондағы  мақсатымыз:  балалардың  білімін  бекітуде  сөздік 

қорын 

байыту, 


дүниетанымын 

қалыптастыру. 

Сонымен 

қатар 


театрландырылған  ойын  түрлері  –  бала  тілінің  мәнерлігін  дамытудың  қайнар 

көзі.  Бала  тілін  дамытуда  театрландырылған  ойын  түрлерін  орынды,  жүйелі 

пайдалана  білген  әрбір  тәрбиеші  баланың  санасын  арттырып,  түсінігін 

кеңейтіп,  ұғымын  байытады.  Сонымен  қатар,  баланың  ойлау  белсенділігі 

артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін 

жеткізе алады. 

Жоғарыда  айтылған  мақсаттарды  шешуде  нәтижесі  ұтымды  болу  үшін 

балалардың  қарапайым  түсініктерін  қалыптастыруда,  сөйлеу  шеберліктерін 

арттыруда,  дүниетанымын  қалыптастыруда  драма  сабағына  арнап  әдістемелік 

құралды ұсынамын. 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау