Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



жүктеу 4,97 Mb.
Pdf просмотр
бет24/141
Дата09.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#31925
түріМетодические рекомендации
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141
аәтд

9-
сур.
 
Әскери сәлемдесуді бір орында орындау
 
 
Тәсілді  бөлшектеп  орындауды  үйренген  соң,  тәсілді  бұйрық  бойынша 
бөлшектеп орындауға кіріседі. Мысалы: «Взвод, әскери сәлемдесуді қозғалыста 
орындау үшін, басшы сол жақта, екі (төрт) санға, адым – БАС. Қозғалу екпіні 
минутына 95-105 адым. 
 


49 
 
 
 
10-
сур. Әскери сәлемдесуді қозғалыс кезінде орындау
 
 
 
«БАС»  бұйрығы  бойынша  және  «бір»  санағы  бойынша  взвод  алға  бір 
адым жасайды да, қолдың қимылдарын тоқтатады және бастарын солға бұрады. 
«Екі  (үш,  төрт)»  санағы  бойынша  оқушылар  саптық  адыммен  қозғалады,  ал 
келесі «бір» санағы бойынша сол аяқтың жерге қойылуымен басты тік ұстайды 
және  «екі, үш,  төрт»  саны бойынша  жорықтық  адыммен жүреді.  Келесі  «бір» 
саны  бойынша  әскери  сәлемдесуді  қайталайды  және  т.с.с.  Жаттығуды 
қорытындылай  отырып,  оқытушы  оқушыларды  бір  колоннаға  тұрғызады  да, 
оқушылардың  барлығын  жанынан  өткізеді  және  қателерін  түзетіп,  тиісті 
нұсқаулар береді.  
Оқушыларды  бір-біріне  қарсы  10  адым  қашықтыққа  орналастырып, 
қозғалу кезінде жаттықтыруға болады. Бұл жерде оқытушы тиісті нұсқауларды 
беріп тұрады. Бір-біріне қарсы қозғала отырып, келесі жағдайды ескеру керек: 
егер  әскери  қызметші  әскери  сәлемдесуді  3  адым  қалғанда  бастайтын  болса, 
онда оны 1 адым өткен соң аяқтайды, ал әскери сәлемдесуді 4 адым қалғанда 
бастайтын болса, онда 2 адымнан кейін аяқтайды.   
Әскери  сәлемдесуді  білім  алушылар  орындаған  кезде  жиі  кездесетін 
қателіктер мынадай:
 
басты бұрудың орнына тұтас кеуде бұрылады; алдымен 
бас бұрылады, содан кейін қолын қояды (түсіреді). 
Бастықтан  озған  кезде  әскери  сәлемдесуді  екі  санмен  үйретеді.  «Жаса  - 
БІР» саны бойынша сол аяқпен алға адым жасалып, аяқтың жерге қойылуымен 
бірге  басты  солға  (оңға)  бұрады  және  оң  қолын  шекесіне  апарады,  сол  қол 
қозғалыссыз қалыпта болады. «Жаса – ЕКІ» саны бойынша адым жасалады, сол 
аяқтың жерге қойылуымен бірге, бастықтан озған сәтте басты тік ұстайды, ал 


50 
 
оң  қолды  төмен  түсіреді.  Осылайша  тәсілді  бірнеше  рет  қайталайды,  ал 
жаттығудың  орындалу  екпіні  минутына  95-105  адымға  дейін  ұлғайтылады. 
Тәсілді өзбеттерімен орындап жаттыққан соң, барабан соққысымен орындайды. 
Саптан шығу 
Оқытушы  сабаққа  кірісе  отырып  әскери  қызметші  саптан  шығу  үшін 
бұйрық  берілетінін  түсіндіреді.  Мысалы:  «Сарбаз  Әлімов,  САПТАН  ШЫҚ 
(САПТАН ЕКІ (ҮШ, ТӨРТ) АДЫМҒА ШЫҚ» немесе «Сарбаз Әлімов. МАҒАН 
КЕЛ (ЖҮГІРІП МАҒАН КЕЛ)». 
Өзінің аты-жөнін естіген әскери қызметші «МЕН», деп жауап қайтарады, 
ал бірінші бұйрық бойынша әскери қызметші бірінші қатардан бастап, саптан 
үш адымға (немесе басшы айтқан адым санына) шығады және бұрылып сапқа 
бетін  қаратып  тұрады.  Екінші  бұйрық  бойынша  әскери  қызметші  бірінші 
қатардан бір-екі адым жасап, жүріп бара жатып басын басшыға қарай бұрады 
және қысқа жолмен оған қарай қозғалып, екі-үш адым қалғанда тоқтайды және 
келгені туралы мәлімдеме жасайды. 
Мысалы: «Лейтенант мырза. Сарбаз Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша 
келіп  тұр»  немесе  «Полковник  мырза.  Капитан  Тәжібаев  сіздің  бұйрығыңыз 
бойынша келіп тұр». Әскери қызметші екінші қатардан шыққан жағдайда, сол 
қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына қояды; ол өз кезегінде алға 
адым жасап, оң аяғын жерге қоймастан оңға адым жасайды да, сапта шығушы 
әскери  қызметшіні  жібереді  және  өз  орнына  қайтадан  тұрады.  Ал  әскери 
қызметші  бірінші  қатардан  шыққан  жағдайда  оның  орнына  артқы  қатардағы 
әскери қызметші тұрады. 
Әскери қызметші екеуден және үшеуден орналасқан колоннадан шыққан 
кезде,  ол  жақын  қапталдан  саптан  шығып,  оңға  (солға)  бұрылады.  Егер 
жанында әскери қызметші тұрған болса, ол қапталына оң (сол) аяғымен адым 
жасап,  сол  (оң)  аяғына  қоймастан  артқа  адым  жасап,  саптан  шығушы  әскери 
қызметшіні шығарады және өз орнына тұрады. 
Әскери  қызметші  саптан  қарумен  шыққан  кезде,  қарудың  қалпы 
өзгермейді. 
Әскери  қызметші  сапқа  тұру  үшін  бұйрық  берілуі  керек.  Мысалы: 
«Сарбаз Әлімов. САПҚА ТҰР» немесе тек «САПҚА ТҰР». 
«Сарбаз Әлімов» деген бұйрық бойынша әскери қызметші басшыға (аға 
әскериге)  бұрылып  «МЕН»  деп  жауап  қайтарады,  ал  «САПҚА  ТҰР»,  деген 
бұйрық  бойынша  (қарусыз  болса  немесе  қаруы  «арқаға»  қалпында  болса), 
«ҚҰП  БОЛАДЫ»  деп  жауап  қайтарып,  бірінші  адыммен  қолын  түсіреді  де, 
қысқа жолмен саптағы өз орнына барып тұрады. 
Егер тек «САПҚА ТҰР» деген бұйрық берілген болса, әскери қызметші 
басшыға бұрылмастан, саптағы өз орнына барып тұрады. 
Қарумен  қозғалған  жағдайда  сапқа  барып  тұрған  соң,  оны  сапта  тұрған 
әскери қызметшілердікіндей қалыпқа өзгертеді. 
Бұйрық  бойынша  саптан  шығу  және  қайта  сапқа  тұруды  үйретуді  бір 
қатарда, содан кейін екі қатарда тұрып, екі, үш және төрт колоннадан шығып 


51 
 
орындайды.  Оқытушы  оқушыларға  бір,  екі  қатарда  және  колоннадан  саптан 
шығу тәртібін ретімен көрсетеді. 
Саптан шығу әрекеттерін үйрету үшін оқытушы оқушыларды екі қатарға 
тұрғызады (оқушылардың арақашықтығы 1-2 адым). Содан кейін оларға саптан 
шығу және қайтадан сапқа тұруға бұйрықтар бере бастайды. Алдымен саптан 
бірінші қатардан шығады, содан кейін екіші қатардан шыға бастайды. Ажырап 
тұрған саптан бір мезгілде бірнеше оқушыны шығарып, қайта сапқа тұрғызуға 
болады. 
Әрбір  оқушы  кез-келген  қатардан  шығу  тәртібін  игеру  үшін,  олардың 
қатардағы орындарын ауыстырады. 
Оқытушы  екі  қатарлы  саптан  шығуды  үйретіп  болған  соң,  екі  және  үш 
колоннада тұрған кезде саптан шығуды үйрете бастайды. 
Саптан  тыс  жерде  басшыға  келу  және  одан  кетуді  үйретуді  бастаған 
кезде, оқытушы взвод қапталымен қозғала отырып басшыға келуді тұтасымен 
көрсетеді. Ол жақсы көріну үшін оқушылардың бірі саптан шақырып алып, оны 
басқалары анық көретіндей тұсқа басшының орнына қояды. Басшыға келу және 
одан кетуді бөлшектеп үйретеді. 
Басшыға келуді үш санақ бойынша үйреткен дұрыс. «Жаса – БІР» санағы 
бойынша қолмен, адымның екпініне сәйкес келетін қимыл жасай отырып, сол 
аяқпен  алға  бір  саптық  адым  жасалады  және  сол  қалыпта  тоқтап  қалу  керек 
(қол  төменде).  «Жаса  –  ЕКІ»  санағы  бойынша  оң  аяқты  жақындатып,  сол 
мезетте оң қолды бас киімге қою керек. «Жаса – ҮШ» санағы бойынша қолды 
санға түсіреді. Осы әрекеттерге үйрету үшін оқушылар бір қатарға немесе бір 
колоннаға, 2-3 адымдық ара-қашықтыққа орналастырады. 
Басшыға  келуді  алға  үш  адым  жасап  қозғалуды  төрт  санға  орындау 
арқылы үйретуге болады. «Басшыға келу, төрт санаққа бөлшектеумен, алға үш 
адым жасау арқылы – бас – ТА». «Бір, екі, үш» санағы арқылы үш саптық адым 
жасалады,  «төрт»  санағы  бойынша  оң  аяқты  сол  аяққа  қосып,  сол  мезетте  оң 
қол  шекеге  қойылады.  Келесі  «бір,  екі,  үш»  санағы  бойынша  қолды  шекеде 
ұстап  тұрып,  «төрт»  санағымен  қолды  төмен  түсіреді.  Осылайша  бірнеше рет 
қайталауға болады. 
Басшыдан  кетуді  үйретуді  «Басшыдан  кетуді,  төрт  санағына  бөлшектеу 
бойынша  жасауды,  бас  –  ТА»,  деген  бұйрық  арқылы  төрт  санақ  бойынша 
үйреткен  дұрыс.  «Жаса  –  БІР»  санағы  бойынша  оқушылардың  барлығы  оң 
қолдарын  шекелеріне  қойып  «Құп  болады»,  деп  дауыстайды.  «Жаса  –  ЕКІ» 
санағы  бойынша  артқа  бұрылады  және  оң  аяғын  сол  аяққа  қосады.  «Жаса  – 
ҮШ» санағы бойынша бірінші адыммен (сол аяқ жерге қойылған сәтте) қолды 
төмен түсіреді. «Жаса – ТӨРТ» санағы бойынша оң аяғын сол аяғына қосады. 
Осындай  ретпен  оқытушының  санауы  бойынша,  одан  кейін  оқушылардың  өз 
беттерімен  санау  арқылы  немесе  барабан  соққысымен  қайталанады.  Сонымен 
қатар бұл жерде артқа, оң және солға бұрылу әрекеттері де шыңдала түседі. 
Басшыға  келу  және  одан  кетуді  бөлшектеп  орындау  үйретілген  соң,  ол 
әрекеттер  кешенді  түрде  орындала  бастайды.  Жаттығуды  жұптасып 
орындайды. 


52 
 
Дайындық кезінде оқытушы оқушыларды кезектестіріп шақыра отырып, 
олардың аталған әрекеттерді дұрыс орындауларын тексереді. 
Басшыға келу және одан кету тәсілдерінің дағдылары шыңдала түсу үшін, 
оларды бірқалыпты екпінмен сегіз санағы бойынша орындауға жаттықтырады. 
Ол  үшін  взводты  ара-қашықтықтарын  1-2  адым  қылып  немесе  бір-біріне 
қаратып жұптастыра орналастырады. Оқытушының «Басшыға келу және одан 
кету,  сегіз  санағына,  дауыстап  санап,  бас  –  ТА»,  деген  бұйрығы  бойынша, 
оқушылар  алғашқы  үш  санға  сол  аяқтан  бастап  үш  адым  жасайды.  «Төрт» 
санына  оң  аяқты  сол  аяққа  қосқан  мезетте  оң  қолды  шекесіне  қояды.  «Бес» 
санағы  бойынша  қолды  төмен  түсіреді.  «Алты»  санағы  бойынша  қолын 
қайтадан  шекесіне  қояды.  «Жеті»  санағы  бойынша  артқа  бұрылады.  «Сегіз» 
санағы  бойынша  оң  аяғын  сол  аяғына  қосады.  Келесі  «бір»  санағы  бойынша 
келесі  бағытта  адымдауды  бастайды  және  ол  жерге  қойылған  мезетте  қолды 
төмен  түсіреді,  жаттығу  тағы  қайталанады.  Ал  оқытушы  оқушылардың 
әрекеттерді дұрыс орындауын қадағалап, нұсқаулар беріп тұрады. 
Оқытушы  оқушыларға  саптан  шығу  үшін,  оны  шақыру  керек  екендігін 
айтады.  Мысалы:  «Әлімов,  маған  кел  (жүгіріп  маған  кел)»,  деген  бұйрық 
бойынша. 
Өзінің  тегін  естіген  оқушы  «МЕН»,  деп  жауап  қайтарады.  Содан  кейін 
басшының  тұрған  жеріне  байланысты,  бірінші  қатардан  1-2  адым  жасап, 
қозғалыс кезінде басшыға қарай бұрыла адымдайды (жүгіреді) және оған келіп 
мәлімдеме  жасайды.  Мысалы:  «Лейтенант  мырза.  Әлімов  сіздің  бұйрығыңыз 
бойынша  келіп  тұр».  Мәлімдемесін  аяқтаған  соң  қолын  түсіреді.  Егер  оқушы 
оқытушыға  жүгіріп  келген  болса,  онда  ол  оқытушыға  5-6  адым  қалған  кезде 
саптық  адымға  көшеді.  Оқытушының  өзі  саптан  шыққан  оқушыға  бұрылуы 
керек. 
Сапқа  қайтадан  тұру  үшін,  басшыдан  кеткен  кезде  оқушы  артқа 
бұрылады да, саптық адыммен өз орнына барып тұрады. 
Саптық  тәсілдер  және  қарумен  орындалатын  қимыл-әрекеттер.  Қарумен 
саптық  тәсілдер  орындауға  үйрету,  қарусыз  әрекеттерді  үйрететін  әдіспен 
жүргізіледі.  Үйретуді  бастаған  кезде  оқытушы  қарудың  оқталмаған  күйде 
болуын  тексереді.  Қарумен  саптық  тәсілдерді  орындардың  алдында  қаруды 
сақтандырғышқа қояды. 
Қарумен өткізілетін бірінші сабақта, оқытушы әскери қызметшінің өзінің 
штаттық  қаруымен  (автомат,  пулемет,  гранатамет,  мергендер  винтовкасы 
немесе карабин) саптық тұрысты қалай қабылдайтынын көрсетеді. 
Қарумен  саптық  тәсілді  үйрету  үшін  оқытушы  взводты  бір  қатарға 
тұрғызады  және  түрлі  қарулармен  саптық  тұрысты  қалай  қабылдайтынын 
көрсетеді.  Сонымен  қатар  сол  қалыпта  әр  оқушының  алдына  келіп,  өзін 
алдынан, артынан және бір бүйірінен көретіндей болып тұрады. 
Көрсетіп  және  түсіндіріп  болған  соң,  оқытушы  взводты  2  адымға 
ажыратып,  әр  оқушының  саптық  тұрысты  қабылдауларына  бұйрық  береді. 
Содан  кейін  «ТІК  ТҰР»  деген  бұйрық  береді  де,  оқушылардың  тұру 
қалыптарын  тексереді.  Ол  оқушылардың  кеуделерін  көтеріңкі  ұстауларын, 


53 
 
белбеудің  жоғарғы  кесіндісі  деңгейінде  болуы  керек  оң  қолдың  алақанының 
қалпын  тексереді.  Саптық  тұрыстың  дұрыс  қабылданғандығын  тексеру  үшін 
взводты оңға, солға және артқа бұрады. 
«Бауды БОСАТ (ТАРТ)» тәсілін орындау 
Қарумен орындалатын тәсілді үйретуге кірісерден бұрын, оның бауының 
ұзындығын  тексеру  керек.  Бұл  тәсіл  барлық  атыс  қаруларына  бірдей  және 
бөлшектеу арқылы үйретіледі.
 
Бауды  тарту  және  босату  үшін  «Бауды  БОСАТ  (ТАРТ)»,  деген  бұйрық 
беріледі.  Оқытушы  тәсілдің  қалай  орындалатынын  тұтасымен  көрсетіп,  одан 
кейін түсіндіре отырып, бөлшектеп көрсетеді. Көрсетіп болған соң взводты 2-3 
адымға ажыратып, тәсілді жеті санақ бойынша үйретуге кіріседі. 
«Жаса - БІР» санағы бойынша оң қолмен баудың жоғарғы жағынан ұстап, 
автоматты иықтан шешіп алады және сол қолмен құндағынан ұстап, оқжатарын 
солға қарата, ұңғысы иек тұсында болатындай етіп тігінен ұстайды. 
«Жаса – ЕКІ» санағы бойынша оң қолмен құндақтан, сол қолымен ұңғы 
қаптамасынан төменірек ұстайды. 
«Жаса – ҮШ» санағы бойынша сол қолды санға, ал оң қолды автоматпен 
бірге төмен түсіреді. 
«Жаса  –  ТӨРТ»  санағы  бойынша  жартылай  оңға  бұрылып,  сол  мезетте 
табан  бір-біріне  праллелді  орналасатындай  етіп,  сол  аяқты  сол  жақта 
қалдырады. 
«Жаса - БЕС» санағы бойынша алға еңкейіп, қаруды дүмімен сол аяқтың 
үстеріне,  ал  ұңғысын  оң  қолдың  шынтағының  бүгілген  тұсына  қояды.  Аяқ 
тізеден бүгілмейді, оң қолмен баудан ұстап тұрып, сол қолмен бауды тартады 
(босатады). 
«Жаса - АЛТЫ» санағы бойынша жартылай солға бұрылып, сол аяқты оң 
аяққа қосады, автоматты оң қолмен сан тұсында ұстайды. 
«Жаса  -  ЖЕТІ»  санағы  бойынша  автоматты  «белдікке»  қалпына  иыққа 
салады, ал сол қолды жылдам төмен түсіреді де, саптық тұрысты қабылдайды. 
Оқытушы  тәсілді  бөлшектеп  орындауды  көрсетіп  болған  соң,  тұтастай 
көрсетеді.  Тәсілді  орындауға  оқушыларды  жаттықтыруды  дербес,  жұптасып 
немесе взвод құрамында жүргізуге болады. 
Автоматты «белдікке» қалпынан «кеудеге» қалпына ауыстыру тәсілдерін 
орындау 
 
«Арқаға»,  «Белдікке»  және  «Кеудеге»  бұйрықтарын  бергенге  дейін 
қаруды «Сақтандырғышқа – ҚОЙ» бұйрығы бойынша қаруды сақтандырғышқа 
қою керек. 
Автоматты «белдікке» қалпынан «кеудеге» қалпына қою тәсілін үйреткен 
кезде, оқушыларды ажыраған бір қатарға тұрғызу керек. 
Тәсіл  «Автоматты  –  КЕУДЕГЕ»  бұйрығымен  орындалады.  «Белдікке» 
қалпында  тұрған  автоматты  «кеудеге»  қалпына  үш  санмен  қабылдайды.  Оны 
үйрету үшін оқытушы «Автоматты – КЕУДЕГЕ, бөлшектеп: жаса – БІР, жаса – 
ЕКІ, жаса - ҮШ» бұйрығын береді. 


54 
 
«Жаса  -  БІР»  бұйрығы  бойынша  оң  қолмен  баудың  жоғарғы  жағынан 
ұстап, автоматты иықтан шешіп алады және сол қолмен құндақтан ұстайды да, 
оқжатарын  солға  қаратып,  ұңғысы  иек  тұсында  болатындай  етіп  тігінен 
ұстайды. 
Әрекетті  бірінші  санақ  бойынша  орындағанда,  оқушылардың  автоматты 
иықтан  шешкен  кезде  кеуделерін  алға  бүкпеулерін,  саптық  тұрысты 
сақтауларын  және  автоматты  денеден  тым  алыс  алып  кетпеулерін  қадағалап 
тұрады.  Ол  әрекеттерді  алдымен  баяу  орындап,  содан  кейін  барып  екпінін 
ұлғайту  керек.  Оқушылар  бірінші  санақ  бойынша  әрекеттерді  дұрыс  орындай 
бастағанда, екінші және үшінші әрекеттерді үйретуге кіріседі. 
«Жаса  –  ЕКІ»  санағы  бойынша  оң  қолмен  бауды  оңға  шығарып,  оны 
жартылай  бүгілген  және  өзіне  қаратылған  саусақпен  қайта  ұстайды  да,  сол 
мезетте оң қолдың шынтағын баудың астынан өткізеді. 
«Жаса  -  ҮШ»  санағы  бойынша  бауды  бастан  өткізеді,  автоматты  дүм 
мойынынан оң қолмен ұстап, сол қолын жылдам төмен түсіреді. 
Үшінші  санақ  бойынша  орындалатын  әрекеттерге  үйреткен  кезде, 
оқушылардың  бауды  бастан  асыра  өткізген  кезде  бауды  ұстаған  оң  қолды 
барынша  жоғары  көтерулерін,  ал  бауды  өткізген  кезде  оны  жылдам  дүм 
мойынына ауыстыруларын, бау иыққа ілінгенше автоматты сол қолмен демеп, 
одан кейін жылдам төмен түсірулерін қадағалап тұру керек. 
 
 

жүктеу 4,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау