Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»


  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Алғашқы  әскери  және



жүктеу 4,97 Mb.
Pdf просмотр
бет2/141
Дата09.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#31925
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141
аәтд

1  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Алғашқы  әскери  және 
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Оқу  бағдарламасы  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  танымдық 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  әр  оқу  пәнінің/сабақтың  мазмұны  мен  білім,  білік, 
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. 
Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша 
білім мен біліктілікті саналы түрде игерту үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін 
қолдануға,  оқу,  жоба,  зерттеу  іс-әрекеттері  тәсілдерін  меңгеру  арқылы 
дербестігін  дамытуға,  әлеуметтік-мәдени  кеңістікте  орнын  таба  білуі  үшін 
біліктерді меңгеруге бағыттайды.  
Білім мазмұнын жаңарту аясында орта білім деңгейінде «Алғашқы әскери 
және  технологиялық  дайындық»  пәні  10-11-сыныптарда  оқытылады.
 
Пәннің 
базалық  мазмұны  алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық 
материалдары мен әскери робототехника негіздері бойынша оқытуды қамтиды. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 10-11-
сыныптарға арналған оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі 
міндеттері  заманауи  мектепте  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың 
инновациялық  тәсілдемелерімен  үйлесімді  сабақтасады.  Оқытудағы 
тәсілдемелер  пән  бойынша  оқу  бағдарламасының  түбегейлі  жаңа  құрылымын 
құруда  негізгі  бағдарлары  болып  табылады.  Құндылықтық-бағдарлық,  іс-
әрекеттік,  тұлғалық-бағдарлық,  коммуникативтік  тәсілдемелер  білім  берудің 
классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі 
нәтижелерінің  басымдылығын  арттыру  үшін  қолданылады,  бұл  оқу 
бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.   
«
Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –  білім 
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге 
баса  назар  аударады.  Бұл  бағдарлама  білім  алушыларды    әскери  қызметтің 
дағдыларын  меңгеруімен  қоса  әскери  іс  негіздері  мен    төтенше  жағдайларда 
адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған. 
Пән  мақсаты  –  білім  алушы  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясының негізгі ережелерін, мемлекетті қорғау негіздерін, Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Күштерінің  арналуын  және  түрлері  мен 
ерекшеліктерін 
түсіндіру, 
әскери 
қызметтің 
маңызын, 
Қазақстан 
Республикасының әр азаматының  қасиетті парызы және міндетін оқыту. 
Пәннің міндеттері: 
1)
 
 
әскери  анттың,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінің 
жарғыларының негізгі талаптарын оқыту; 
2)
 
әскери  бөлімдердің  қарулануы  мен  әскери  техникасы,  жеке  құрамның 
өмірі мен орналасуымен таныстыру; 
3)
 
қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру; 
4)
 
робототехника,  IT-технология,    технологиялық  дайындық  және 
төтенше  жағдайда  адамның  өмір  қауіпсіздігі  негіздері  алғашқы  практикалық 
дағдыларын меңгеру; 



 
5)
 
есептегі  әскери  мамандыққа  және  офицер  кәсібін  тандауға  әскери-
кәсіптік бағдар беру; 
6)
 
жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін 
қалыптастыру. 
 «
Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәнің  білім 
алушылар оқығанда: 

әр  азамат  өз  Отаның  қауіпсіздігіне  және  оны  қорғау  қажеттілігі  мен 
манызың түсінуге; 

алынған пәндік  білім,  білік  және дағдыларды  Қазақстан  Республикасы 
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары 
қызмет 
еткенде қолдануға; 

білім алушыларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет 
ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді 
жүйені қалыптастыру;   

жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту 
қажеттілігін түсінуге; 

сын  тұрғысынан  және  шығармашылық  ойлау,  мәселелерді  шешу  және 
коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 
Осы  бағдарлама  білім  алушыларға  төтенше  жағдайларда  адам  өмірінің 
қауіпсіздігі  және  әскери  iстің  негiздерін  оқыта  отырып,  әскери  қызметтiң 
дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.  
Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағына  жалпы  бiлiм 
беру оқу орындарында 98 сағат берілген, 10-сыныпта 64 сағат, оның ішінде 30 
сағат дала-оқу жиынына. 11- сыныпқа 34 сағат берілген. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің 10- сыныпқа 
арналған бағдарламаның базалық мазмұны 8 бөлімнен тұрады.  
«Кіріспе сабағы» келесі тақырыптан тұрады (1 сағ.): 
Білім  алушыға  алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  пәніне 
оқыту  мақсат-міндеттері  мен  мазмұны  (1сағ.).  «Қазақстан  Республикасының 
қорғаныс  және  Қарулы  Күштер  туралы»,  «Әскери  қызмет  және  әскери 
қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық 
қорғану»,  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңдарын,  «Алғашқы 
әскери  дайындық  пәнін  жүргізу  және  ұйымдастыру»  және  оның  оқу-
материалдық  базасын  қалыптастыру  ережелерін  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Қорғаныс  министрінің  2014  жылғы  19  желтоқсандағы  №  606 
бұйрығы.  «Көлік  құралының  сәйкестендіру  нөмірі  бойынша  көлік 
құралдарының  жекелеген  түрлерін  мемлекеттік  тіркеу  және  есепке  алу, 
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау 
және  жүргізуші  куәліктерін  беру  қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Ішкі  істер  министрінің  2014  жылғы  2  желтоқсандағы  №  862 
бұйрығы.  Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағында  білім 
алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды. 
1. "
Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері  –  мемлекеттік 
қауіпсіздіктің кепілі" келесі тақырыптардан тұрады:  



 
Мемлекет қорғанысының Конституциялық негіздері. (1 сағ.)  
Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Конституциясының негізгі 
ережелері  [3].  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  құрамы  және 
олардың атқаратын қызметтері.  
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. (1 сағ.).  
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  әскери  рәміздері.  Әскери 
бөлімінің  жауынгерлік  туы.  Әскери  анттың  әскери  қызметкерлерге  қоятын 
талабы.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  әскери  қызметі  қасиетті 
борышының маңызы.
 
Экстермизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер (1 сағ). 
Экстремизмнің  түрлері:  саяси,  діни,  экономикалық  және  экологиялық. 
Экстремизм,  терроризм,  олардың  сипаттамалық  белгілері.  Қазіргі  әлемдегі 
террористік қатердің өсу себептері [4]. 
2. 
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен 
әскери  құрылымдарының  жалпыәскери  жарғылары»  келесі  тақырыптардан 
тұрады:  
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің,  басқа  да  әскерлері  мен 
әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары (1 сағ.)
.
 
Жалпыәскери  жарғылардың  әскери  ұжымның  тұрмыс-тіршілігіндегі 
маңызы. Қазақстан Республикасы  Қарулы  Күштерінің, басқа да әскерлері  мен 
әскери  құрылымдарының  жалпыәскери  жарғыларының  жалпы  ережелері, 
олардың  мәні  әскери  ұжымның  өмірі  мен  қызметі.  Әскери  кызметшілердің 
жалпы міндеттері. Әскери атақтары мен айырым белгілері. 
Әскери  қызметкерлер  және  олардың  өзара  қарым-қатынастары  (1  сағ.) 
Бастықтары  және  бағынатындар,  аға  және  кіші,  олардың  құқықтары  мен 
міндеттері.  Әскери  әдептілік  ережесі  және  әскери  қызметкерлердің  тәртібі. 
Бұйрық, оны беру және орындау тәртібі. Бастықтарға және шені жоғарыларға 
мәлімдеме жасау.  
Әскери  тәртіп,  оның  мәні  мен  маңызы  (1  сағ.).  Әскери  тәртіп, 
көтермелеулермен  тәртіптік  жазалар.  Әскери  тәртіпті  сақтау  бойынша  әскери 
қызметшілердің  міндеттері.  Сарбаздарға  қолданылатын  марапаттаулар. 
Сарбазға берілетін тәртіптік жаза.  
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері (1 сағ.) 
3. «
Тактикалық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады:  
Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері (1 сағ.) 
Бөлімшені  ұйымдастыру.  Штаттық  қарулану  және  ұрыстық  техника. 
Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері. Бөлімшені басқару. 
4. «
Атыс дайындығы» келесі тақырыптардан тұрады:  
Калашников автоматы және қол пулеметі (1 сағ.) Қару және патрондарды 
қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік  шаралары.  Калашников  автоматы  және  қол 
пулеметінің  атқаратын  қызметі,  ұрыстық  қасиеті,  жалпы  құрылысы  және 
жұмыс істеу механизмі.  



 
Автоматты  жартылай  бөлшектеу  және  жинақтау  (1сағ.).  Калашников 
автоматының  атқаратын  қызметі,  бөлшектері  мен  механизмдерінің, 
патронының құрылысы.  
Калашников  автоматын  атуға  дайындау  (1  сағ.)  Автоматтың  керек 
жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты 
сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезінде болуы 
мүмкін  ақаулар  және  оларды  түзету  тәсілдері.  Ату  кезінде  кідірістерін  жою 
амалдары. 
Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.). Жарықшақты қол гранаталарының 
(РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеті. Гранаталар 
мен тұтандырғыштың құрылысы. Гранатаны лақтыруға дайындау.

жүктеу 4,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау