201
ОН БІРІНШІ ТАҚЫРЫП
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
Ресей Федерациясының қаржы жүйесінің құрамын,
оларға тəн ерекшеліктерді қарастыру.
Дəріс жоспары:
1. Ресейдің негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
2. Қаржы жүйесі жəне оның буындары
3. Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы
4. Ресейдің салық жүйесі
Негізгі түсініктер:
қор биржасы, инвестор, қаржылық сая-
сат, мемлекеттік қаржылар, ұлттық экономика құрылымы, үй
шаруашылығы, сақтандыру қорлары, қор нарығы
Тақырыптың мазмұны:
Ресей экономикасына жалпы сипат-
тама
1. Ресей экономикасына жалпы сипаттама
Ұлттық экономика – өндіріс, халықтың əл-ауқатын көтеру
мақсатында ұлттық өнімдерді пайдалану жəне қалыптастыру
жөнінде шаруашылық субъектілер арасындағы қатынас орната-
тын жүйе.
Қаржылық саясат – қаржыны басқару жүйесіндегі негізгі
элемент болып саналады. Саясат мемлекеттің барлық іс
əрекеттерін қамтиды. Қаржылық саясат қаржылық ресурстардың
мүмкіндігінше көбірек қалыптасуына бағытталуы тиіс.
Ресей Федерациясынын əлеуметтік жəне экономикалық даму-
ында қаржылық саясаттың маңызы зор. Оның рационалдығының
деңгейінен Ресей Федерациясының субъектілерімен қоса транс-
порт, ауыл шаруашылық, өндірістің даму қарқыны айқындалады.
Қаржылық саясат, оның мақсаттарын анықтау, белгілі бір
ресурстардың көлемін айқындау, осы мақсаттарға жету үшін
14–1540
202
қажетті жағдайды жасау сияқты этаптардан тұрады. Осындай са-
ясат құрамына бюджет, салық, несие, инвестиция кіреді.
Бірақ, бұл əдістер айтарлықтай толық жəне нақты емес. РФ
қаржылық саясатының басты мақсаты болып нақты кірістер
түсуінің деңгейін сақтау жəне көбейту, мемлекетте өмір сүру
деңгейінің əлеуметтік нормативін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, РФ деңгейінде көптеген РФ субъектілерінде
өңделген нормативтерді қабылдау жəне өндеу маңызы жəне рөлі
өсуде. Ресей Федерациясы, оның көптеген субъектілері сияқты,
əлемдегі ірі өндірістік күштердің бірімен қолданады: адами
əлеует; кəсіпорындардың өндірістік қуаты; ормандар мен қазбалы
байлықтардың үлкен мөлшері. Бірақ осы бар мүмкіндіктер
толығымен орындалмайтыны ақша қаражаттарының жоқтығымен
түсіндіріледі.
Ресей экономикасы ЖІӨ бойынша əлем бойынша 8 орында.
Қай мемлекет болмасын, оның қаржы саясатының басты мақсаты
тиімді, əрі бəсеке қабілетті экономика қалыптастыру. Сонымен
қатар бұл мақсатқа жету механизмі мен əдістері меншік форма-
ларына қарамастан барлық субъектілердің шаруашылық қызметі
үшін қажетті жағдай туғызатын қаржылық құралдардан тұрады.
Сонымен қатар ұлттық экономиканың басқа да мақсаттары бар:
1.
Өңдірістің ұлттық көлемінің жоғары, тұрақты даму
қарқыны. Бұл мемлекетте дағдарыссыз, күрт өзгеріссіз, тауар
жəне қызмет көрсету өңдірісінің тұрақты өсімі.
2. Баға тұрақтылығы.
3. Сыртқы сауда балансын ұстап тұру.
4. Жұмыстылықтың жоғары деңгейі.
Ұлттық экономика екі құрылымды:
1. Ұлттық экономиканың экономикалық бірліктерін қалып-
тастыруды анықтайтын экономикалық құрылым.
2. Экономикалық емес бірліктерді қалыптастыруды анықтай-
тын экономикалық емес құрылым.
Ұлттық экономика құрылымы – ұлттық экономиканың əр түр-
лі бірліктері арасындағы функционалды, тұрақты, тарихи қа лып-
тасқан қатынастардың жиынтығы.
Ұлттық экономика құрылымының келесідей түрлері бар:
1. Үй шаруашылығы
2. Əлеуметтік құрылым
203
3. Салалық құрылым
4. Территориялық құрылым
5. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымы
6. Сыртқы сауда құрылымы
Күрделі салымдар мəселесі бойынша Ресей бірнеше ірі
дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты. Төмендегі кестедегі
көрсеткіштер арқылы 2001-2002 жылдар аралығындағы Ре-
сейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |