Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет3/115
Дата09.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#31868
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
CAnsabaeva-shetel-memleket

5
БІРІНШІ ТАҚЫРЫП
ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, 
ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
Дəрістің мəн-мəтіні
Мақсаты:
 Қаржының жəне қаржы жүйесінің  мəнін ашып 
көрсету.
Дəріс жоспары:
1. Қаржы жүйесінің түсінігіне сипаттама.
2. Қаржы жүйесінің құрылымы жəне мазмұны, қажеттілігі.
Негізгі түсініктер: 
Қаржы, қаржы жүйесі, қаржы қатынастары, 
ақша ресурстарының жиынтығы, «жүйе», мемлекеттік қаржысы, 
жергілікті қаржы, қаржы-несие жүйесі , мемлекеттік бюджет, 
мемлекеттік қаржы қорлары.
Тақырыптың мазмұны.
 “Қаржы жүйесінің” ұғымы қаржы 
ұғымының одан əрі дамуы жəне нақтылана түсуі болып табылады.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мəні жағынан мынадай 
түрлі ұғымдарды білдіру үшін қолданылатын термин: а) бір-
бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының сфералары 
мен буындарының жиынтығы; ə) елдің қаржы мекемелерінің 
жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметтерінің 
барлық құрылымдық бөлімдері жатады.
Əрбір мемлекетте  макро жəне микроэкономиканың қаржы 
жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша 
ресурстарының жиынтығы жəне оларды жұмылдыруды, ұлттық 
шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланы-
сты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Қаржы 
жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада тек мемлекеттің қаржы 
мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл – жеткіліксіз. 
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан ал-
ған 
да қаржы жүйесі − қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал 
экономикалық тұрғыдан мемлекетте іс-əрекет ететін бір-бірімен 
өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін 
естен шығармаған жөн.


6
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюция-
дан өткен. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде 
қаржы жүйесі, жалпыға мəлім, əдетте, тек бір ғана буынмен − 
мемлекеттік бюджетпен шектеледі. Классикалық капитализм 
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінде, қаржы 
жүйесін екі негізгі буын − мемлекеттік бюджет пен жергілікті 
қаржылар  құрайды. Олар ақша қорларын қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің са-
яси жəне экономикалық функцияларын орындап отырады.
“Жүйе” термині өзара байланысты элементтердің түрлі 
критерийлері бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-
қимылын білдіреді.
Терминнің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының 
мəнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі 
орнын негіздей отырып, қаржы жүйесі сыныптамасының 
қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сəйкес қаржы жүйесі 
мынадай үш бөлікті қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, 
шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар жəне 
жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша 
қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынандай екі саланы қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталық-
тандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен бай-
ланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
2)  кəсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорлары-
ның ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша 
қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен 
бөлгіштік қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу 
ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан 
қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары 
жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табыла-
ды, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз бай-


7
ланысымен жəне оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше 
өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы, бір жағынан, 
өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді жəне осы 
қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, 
өзінің функционалдық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты 
элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Қаржылардың 
функционалдық қосалқы жүйелері ретінде мыналарды атау 
ға 
болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржы жоспар-
ларының (болжамдарының), қаржылық бақылаудың заңнамалық 
қамтамасыз етілуі жəне басқа қосалқы жүйелері. 
Қаржы жүйесінің функционалдық белгісі (критерийі) бойынша 
құрылымы:
Қаржы жүйесін сыныптаудың функционалдық критерийінен 
басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қаты-
сушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл 
қаржы жүйесін салалар мен буындар бойынша шектеуге мүм-
кіндік береді 
Буындардың сыныптамасының матасылған қатары ретінде 
жоғары разрядті элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы 
қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы 
жүйесіне интеграциялық сипат береді.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен 
рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа 


8
элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе 
элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі 
айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент 
(сала) болып бірінші кезекте мемлекеттік бюджеттен көрінетін 
мемлекеттің қаржысы болып саналады.
Материалдық өндіріс саласының шаруашылық жүргізуші 
субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін қалайды, мате-
риалдық өндірісте нақтылы өнім − қоғамның қаржы ресурстары-
ның негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің 
бастапқы саласы болып табылады.
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің 
ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша 
қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен жəне 
меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші 
субъектілерінің өндірістік жəне өндірістік емес сфераларымен 
қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа 
еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша 
қаражаттарын төлеумен, материалдық жəне материалдық емес 
игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің 
ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік жəне өндірістік 
емес сфералардың мемлекеттік жəне басқа мекемелер мен 
ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа 
жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсе-
тетін кəсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұр мыстық 
сектор жəне т.т.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға 
байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы 
қатынастары болып табылады.
Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара жəне шағын кəсіп-
керлікпен айналысуымен байланысты бұл салада көлемді қаржы 
қатынастары пайда болады: мұндай қатынастар шаруа 
шылық 
жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын 
қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік жəне мемлекеттік кəсіпорындардың қаржысы 
саласының бастапқы табыстары, сондай-ақ азаматтардың та-
бысы кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі құрамының негізін 
қалайтынын ескеру қажет. Жəне бұл тек теориялық жəйт қана 
емес, өйткені бұл ресурстардың бүкіл жиынтығы Қазақстанның 
қаржы ресурстарының балансында қамтып көрсетіледі.


9
Екінші саланың – шаруашылық жүргізуші субъектілердің екі 
дербес қосалқы сферасы болады:
материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші 
субъектілерінің қаржысы;
өндірістік емес сфера салаларының ұйымдары мен 
мекемелерінің қаржысы.
Бірінші қосалқы жүйеде − өндірістік сала қаржысында өн-
ді рістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруа-
шылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орта-
лықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, оларды
тиім ді пайдаланудың мəселелері шешіледі. Бұл қосалқы жүйе-
нің қаржысы өндірістік қызметке қызмет көрсетеді, қаржы тұт-
қаларының еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық 
көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға белсенді ықпалын 
қамтамасыз етеді.
Екінші қосалқы жүйе  − өндірістік емес сфера қаржысының 
орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу жəне пайдалану 
жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы жүйедегі 
қаржы қатынастары оның бастапқы құрылымдарында жəне 
олар 
дың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарымен, 
өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, несиенің жəне 
басқалардың буындарымен пайда болады.
Бұл қосалқы жүйеде қаржы қатынастары түрлі мақсатты 
сипаттағы сан алуан ақша қорларын қалыптастыру арқылы одан 
əрі тұтыну мақсатында құнды қайта бөлудің каналдары бойынша 
жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Қаржы қатынастарының буындарына тəн болып келетін 
тиісті орталықтандырылған жəне орталықтандырылмаған ақша 
қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы 
ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресур-
стар бюджет, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес əлеуметтік 
сақтандыру жəне қамсыздандыру, амортизация, айналым қара-
жаттары, тұтыну, резерв жəне басқа көптеген ақша қорларын 
қамтиды. Бір қорлар едəуір дəрежеде, біреулері аз дəрежеде 
орталықтандырылған,бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну 
қоры), басқалары уақытша сақталынады (резервтік капитал), 
үшіншісі қорланады (амортизациялық аударымдар).


10
Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары 
басқарылатын материалдық объектіні құрайды. Басқарушы 
субъект қаржыны басқарудың мемлекеттік жəне қоғамдық 
аппаратының жүйесі - қаржы аппараты болып келеді, бұл қаржы 
жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін 
ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық жəне 
бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының бай-
ланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы 
жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. 
Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық 
қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын жəне оның 
басқарымдылығын білдіреді.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-несие жүйесінің жал-
пылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана 
емес, сондай-ақ несие жүйесі де қамтылады. Қаржы-несие 
жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сфера-
сында қызмет етеді, өйткені несие мекемелері өндірістік емес 
сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары 
шектелінген.
Өзінің ортақ қағидалы бір тұтастығына қарамастан, қаржы 
қатынастарын ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы 
көрінісі əр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға бо-
лады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының 
əр түрлі салалары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың 
бұл процесінде түрлі ақша қорлары құрылып, пайдаланылады. 
Нəтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. 
Қаржы қатынастарының салалары мен буындары өзара тығыз бай-
ланыста болады жəне елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын 
құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы сая-
сатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары 
болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Қазіргі таңда  қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап 
етілгендей, қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфера-
ларынан тұрады:
мемлекеттік бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;


11
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы 
мемлекеттік, яғни орталықтандырылған каржыларға жатады жəне 
макродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік қатынастарды реттеу 
үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады жəне 
микродеңгейдегі экономика мен əлеуметтік реттеу жəне ынталан-
дыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды 
құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының əлеуметтік 
рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүгіндей жергілікті орган-
дарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемле-
кеттің əкімшілік-аумақтық құрылысымен жəне оның саяси-
экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке 
біріктіріледі:
мемлекеттік жəне муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. 
Қаржы қатынастары салаларының əрқайсысының ішінде бу-
ындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, 
мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір 
əсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл 
белгі кəсіпорындар мен ұйымдар қаржысы саласында мынадай 
буындарды бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кəсіпорындар 
мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың 
қаржысы. Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орта-
лық тандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен 
мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюд-
жетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың 
қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, 
мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырма-
шылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне 
қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің 
тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет 
қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойын-


12
ша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан, 
бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жата-
ды деп есептеуге болады.
Қаржы жүйесінің əр буыны өз кезегінде буыншаларға 
(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына 
сəйкес) бөлінеді. Мəселен, салалық бағыныштылығына қарай 
коммерциялық негізде жұмыс істейтін кəсіпорындар (ұйымдар) 
қаржысының құрамына өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, сау-
да, көлік, құрылыс жəне т.т.с. кəсіпорындарының қаржылары, 
ал меншік нысанына қарай − мемлекеттік, кооперативтік, ак-
ционерлік, жекеше жəне басқа кəсіпорындарының қаржылары 
болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буын-
дар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік 
басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сəйкес жүзе-
ге асырылады. Сақтық қатынастар сферасында буындардың 
əрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді 
сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың 
қағидаты − фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі 
қағидаттарды қанағаттандыруы тиіс:
• біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған əрбір буыны 
ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алмайды, бұл жал-
пы категория болып табылатын “қаржыға” ғана тəн қасиет;
• екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі əрбір нақты 
сəтте объективті экономикалық категория ретіндегі қаржының 
қағидалы мəндік сипаттамаларына жəне функционалдық арналы-
мына дəл сəйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демо 
кра-
тизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан бола-
тын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті 
қаржы органдарына жəне шаруашылық жүргізуші субъектілерге 
кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті 
əкімшілікке жəне жоғарғы қаржы органдарына екі жақты 
бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз 


13
шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі жəне ай-
налым капиталдарын) бекітіп беруде, оларға əр түрлі мақсатты 
арналымның ақша қорларын жасауға жəне оларды пайдалануға 
құқық беруде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры 
шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын 
қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, 
оларды мақсатты пайдаланудың тəртібін анықтайды.
Кəсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық 
көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі 
алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресур-
старын еркін иемденеді.
Ұлттық жəне аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағидат 
қаржы қатынастарында аймақты дамытудың қабылдауға болатын 
деңгейі сияқты ұлттық тендікті қамтамасыз етуді де талап етеді. 
Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі − мемлекеттік қаржы 
органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік жəне əкімшілік-
аймақтық құрылымына сай келуі. Əрбір облыста, ауданда жəне 
қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі 
құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, 
онда олардың функцияларын жергілікті əкімшіліктің аппараты 
атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде 
бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.
Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары 
арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен 
алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буын-
дарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық жəне нормативтік 
актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурс-
тарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың 
қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек 
көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта 
бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономи-
каны басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жо-
спарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің 
нақтылы көрінісін табады.
Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функцио-
налдық арналымының қағидаты қаржының əр буыны өз 
міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша 
қаржы аппараты сəйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурс-


14
тарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды 
республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика жəне бюджет-
тік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты 
міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды жəне шешеді немесе 
белгілі бір министрліктің жəне үкіметтің басқаруына беріледі.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғары 
органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциаци-
ялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмалар-
да, компанияларда жəне т.т.) деңгейде де қаржы аппаратының 
тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан 
басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, 
аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кəсіпорындар мен 
ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері қамтып көрсетіледі.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, 
қайта құрылуда. Қаржы жүйесін қайта құрудың басты міндеті 
əлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан əрі тез-
детуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін 
қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-
коммерциялық есепті нығайту болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің 
рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық 
механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының 
біріне айналуы тиіс.  

жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау