Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет92/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Бақылау сұрақтары
 
 
1.
 
Макростар қандай класстарға бөлінеді? 
2.
 
Қалыпта  батырманы  белсендіру  кезінде  əрекет  орындайтын 
макростарды жасаудың қандай тəсілдері бар? 
3.
 
Макросты  құрастырушыны  қолдана  отыра  макросты  жасау 
кезінде қадамдардың реттілігі қандай? 
4.
 
Қандай  кезде  модульдер,  яғни  Visual  Basic  тілінде  жазылған 
ішкі бағдарламалар жасалады? 
5.
 
Access  анықтама  жүйесін  қолдана  отыра,  өз  бетінше  келесі 
мəтіндер үзінділеріндегі өрнектердің мағынасын талдаңыз: 
DoCmd.OpenQuery 
«
ТипИздДоб» 
Ме![ТипИздДоп] = Null 
Ме\{Обозн изделии].SetFocus
 


 
   
   
   
 
I I I   Б Ө Л І М  
КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЛАР
 
 
 
 
 
 
1 1 Т А Р А У 
КЕСТЕЛІК 
ПРОЦЕССОРЛАР 
ТУРАЛЫ 
НЕГІЗГІ 
МƏЛІМЕТТЕР
 
 
 
11.1. 
Түсініктер, анықтамалар, əрекет қағидасы
 
 
Кестелік  процессорлар  (кейде  оларды  электронды  кестелер  деп 
атайды)  аналитакалық  есептік  мəселелерді  автоматтандыру  үшін 
арналған  қолданбалы  бағдарламалық  жүйелер  бағытын  қамтиды. 
SuperCalk,  Lotus  1-2-3,  Quatro  Pro,  Excel  for  Windows  сияқты 
бағдарламалық  жүйелер  кеңінен  қолданыс  тапты.  Кестелік 
процессорларды  қолдану  аймағы  өте  кең:  төлем  ақы  есептеуден 
бастап ғылыми зерттеулерде қолдануға дейін. 
Кестелік  процессордың  жұмыс  істеу  принципі  математикалық 
əрекеттердің  алгебралық  ұғымдарын  жəне  ақпаратты  компьютерлік 
өңдеу əдістерін қолдануына негізделген. 
Қарапайым 
мысалды 
қарастырайық. 
Үш 
айнымалының 
қосындысын  табу  керек  дейік,  яғни  D  =  A  +  B  +  C.  Мұнда  D 
айнымалының  мəні  өрнектің  оң  жағындағы  ең  болмаса  бір 
айнымалының мəні өзгергенде өзгереді. 
Бұл  есептеу  процесінің  алгоритмін  құрастырамыз.  Баған  мен 
жолдардан  тұратын  кесте  болсын.  Бұл  кестеде жодар  бірден  бастап 
нөмірленген,  ал  бағандар  А-дан  бастап    Z-ке    дейін    латын 
алфавитінің  əріптерімен  белгіленген.  (Ұқсас  кестелер  Word 
редакторының  кестелерінде  есептеу  əдістерін  зерттеу  кезінде 
қарастырылған.) 
Осы  жағдайда  есептеу  процесін  келесі  əрекеттерде  көрсетуге 
болады: 
бірінші A айнымалының мəнін А1 ұяшығына орнату; 
екінші В айнымалының мəнін В1 ұяшығына орнату; 
үшінші С айнымалының мəнін С1 ұяшығына орнату; 
есептеудің  нəтижесін  ячейку  D1  =  A1  +  B1  +  C1 ұяшығына 
орнату. 
Осы  мысалдан  электрондық  кестелерде  барлық  математикалық 
əрекеттер  ұяшықтардың  үстінде  орындалады,  мысалы  А1 
ұяшығында орналасқан айнымалының мəні өзгергенде, D1 
135 


ұяшығындағы  айнымалының  мəні  автоматты  түрде  өзгереді. 
Сонау  1979  ж.  құрастырылған  VisiCalk  бастап,  осындай  есептеудің 
автоматизация  принципінде  барлық  кестелік    процессорлар 
салынған. 
Мысалы үшін Microsoft Office барлық версияларының құрамына 
кіретін  Excel  кестелік  процессорының  жұмыс  принципін 
қарастырайық. 
11.1  сур.  Excel  кестелік  процессорының  жұмыс  терезесі 
көрсетілген. 
Электрондық  процессормен  жұмыс  істеу  технологиясын 
зерттеуді  бастамас  бұрын,  Excel  жүйесінің  негізгі  элементтерін 
қарастырайық: 
кітап 
–  Excel  бағдарламасымен  жұмыс  істеу  нəтижесін 
қамтитын  құжат  немесе  файл  (Word  бағдарламасымен  жұмыс 
істегенде құрастырылатын  құжатқа ұқсас); 
парақ 
–  шын  мəнінде  бұл  кітапта  өзінің  аты  немесе  нөмірі  бар 
кесте.  Үнсіз  келісім  бойынша  бағдарламаны  ашу  кезінде  кітап  үш 
парақтан  тұрады.  Excel  2000  кітабында  бір  парақтың  (бір  кесте) 
өлшемі  65  536  жолды  жəне  256  бағанды  құрайды.  Бір  кітапта 
парақтардық  (кестелердің)  саны  компьютердің  ресурсымен 
шектеледі. 
Белсенді (ағымдағы) ұяшықтың аты  Редакциялау жолы 
 
 
136 
 
11.1
 
сур. Excel кестелік процессордың жұмыс терезесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Белсенді парақтың (кестенің) аты 
белгіленген курсор (А1 белсендірілген ұяшығы) 


ұяшық 
–  баған  мен  жолдың  қиылысуында  қалыптасқан  кесте 
бөлігі.  Əріптен  жəне  цифрдан  тұратын,  əр  парақ  ұяшығының  аты 
бар. Əріппен – баған, ал цифрмен жол беогіленген. 
Кесте  256  бағандардан  тұратынына  байланысты,  ал  латын 
алфавитінда тек қана 26  əріп болғандықтан,  27 бағаннан  бастап қос 
белгілеу  АА, АВ, АС жəне т.б. қолданылады. 
Кестенің ұяшықтарында  мəтіндік  (символды)  деректермен  қатар 
сан  немесе  формула  түрінде  сандық  деректер  орналасуы  мүмкін. 
Сонымен бірге формулалар өзімен ұяшықтар үстіне қатынас ретінді 
болуы мүмкін, мысалы (= A1 + B2) немесе = (А1 + В2)/31. Ұяшықта 
формула алдында міндетті түрде тең (=) белгісі тұру керек, əйтпесе 
енгізілген формула бағдарламамен жай мəтін ретінде анықталады. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау